Еліміздің ұялы байланыс операторлары қашықтан оқу үшін арнайы тариф әзірледі

Еліміздің ұялы байланыс операторлары қашықтан оқу үшін арнайы тариф әзірледі

Еліміздің ұялы байланыс операторлары қашықтан оқу үшін арнайы тариф әзірледі
ашық дереккөзі
«Күнделік» ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов: «Мұндай тарифтің бар екенін нақты айта аламын. Шынымен де жетекші ұялы байланыс операторлары «Білім» тарифін әзірледі. Құны – 990 теңге. Ол жаңа оқу жылының басында қолжетімді болады. Біз бұл мәселені шешуге белсенді қатысқан едік. Бұл тарифтен Kundelik.kz ресурсына мегабайт жұмсалмайды», – деп атап өтті.  Естеріңізге сала кетсек, арнаулы тарифтің іске қосылатындығы осы жылдың шілде айында белгілі болған еді. Бұл тарифтік жоспар барысында оқушылар мен ұстаздар бір-бірімен тегін сөйлесе алады. Мұнан бөлек, отандық білім ресурстарын тегін қолдануға болады. Қазіргі уақытта Білім және ғылым министрлігі 380 ресурсты қолдап отырғаны белгілі.