Жаңалықтар

Карантин талаптарын бұзған қоғамдық нысандар жауапқа тартылды

ашық дереккөзі

Карантин талаптарын бұзған қоғамдық нысандар жауапқа тартылды

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасын орындау мақсатында партия өкілдері ҚБТУ және полиция департаментімен бірлесіп карантин режимінің бұзылуын анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде. Мониторингтік топ қаланың қоғамдық орындарына, атап айтқанда қоғамдық тамақтану объектілеріне рейдке шықты. Тексеріс барысында қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысының әртүрлі бұзушылықтары тіркелді. Көбіне мекеме әкімшілері белгіленген нормаларды елемеген. Атап айтқанда, түнгі сағат 23.15-те ойын-сауық мекемесінің бірінде 80 келушілердің болғаны анықталды. Сондай-ақ, олардың кейбіріне спирттік ішімдіктер сатылған және мұндай жағдайлар көп кездеседі. Бір апта ішінде мониторингтік топ 19 қоғамдық тамақтану нысандарында заң бұзушылықтарды анықтады. Мекемелерге әкімшілік хаттамалар толтырылып, кейін құжаттар осы мекемелер иелерін әртүрлі баптар бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органдарға берілді. Көп жағдайда олар ҚРӘҚтК 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) және ҚРӘҚтК 441-бабы (жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдары мен электрондық сигареттерді тұтынуға тыйым салуды бұзу) бойынша жауапқа тартылды. Еске салсақ, қаулыға сәйкес барлық қоғамдық тамақтану нысандары сағат 9.00-ден 23.00-ге дейін ашық ауада жұмыс істеуі керек және орындар саны 50-ден аспауы керек. «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы қала бойынша заңсыз әрекеттерге қатысты Партияның бақылау комиссиясына 279-88-49 телефоны арқылы хабарласуға болады.