Алматы облысында коронавирустың екінші толқынына дайындық шаралары үшін 6,6 млрд теңге бөлінді

Алматы облысында коронавирустың екінші толқынына дайындық шаралары үшін 6,6 млрд теңге бөлінді

Алматы облысында коронавирустың екінші толқынына дайындық шаралары үшін 6,6 млрд теңге бөлінді
ашық дереккөзі
Алматы облысында коронавирус пен пневмония көрсеткіші бүгінгі күні едәуір төмендеген. Қазіргі кезде облыс көлемінде 42 адам коронавирустан, ал 401 адам пневмониядан ем алып жатыр. Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов бүгінгі күні індетпен күрес шаралары үшін медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, екінші толқынына дайындық шаралары үшін облыстық бюджеттен 6,6 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. Дайындық шараларының ішінде компьютерлік томограф, пульсоксиметр, виброакустикалық аппарат, рентген аппараты, ИВЛ, концентратор сияқты құрал-жабдықтар сатып алу жоспарда бар. Батыржан Байжұмановтың айтуынша, коронавирусты емдеуге тартылған медициналық ұйымдардың жанынан кислородтық стансалар қойылады. Сонымен қатар 140 жедел жәрдем автокөліктерін сатып алу жоспарланып отыр. Қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған 8 ПЦР зертханасында күніне 1 500 зерттеу жүргізілсе, алдағы уақытта бұл көрсеткішті 3 500-ге дейін жеткізуге мүмкіндік бар. Ал облыста 1 айға жететін дәрі-дәрмек қоры сақталған, оған қоса тағы екі айлық қор болатын дәрі-дәрмекке тапсырыс берілген.