Түркияда 42 журналисті қамауға алуға бұйрық берілді

Түркияда 42 журналисті қамауға алуға бұйрық берілді

Түркияда 42 журналисті қамауға алуға бұйрық берілді
ашық дереккөзі
БАҚ өкілдеріне қазіргі билікті тақтан тайдыруға атсалысқан деген айып тағылуда.

Қазіргі таңда Түркияда 42 журналисті қамауға алу туралы бұйрық берілген. Оларға АҚШ-та тұратын Феттуллах Гүленмен байланысы бар және әскери төңкеріс жасауға көмектескен деген айып тағылуда. Бұл айыптаулардың көлеміне қарай, БАҚ өкілдері жазасын түрмеде 10 жылдан бастап өмір бойы өтеуі мүмкін.  

Түркия билігі әскери төңкеріске қатысы барларды анықтауда, оның ішінде әскерилер, мемлекеттік қызметкерлер, сот төрағалары, ғылыми қызметкерлер мен журналистер болуы мүмкін. Сондай-ақ, Үкіметтің пайымдауынша,  олар «Параллельное государство» (PYD) ұйымына кірген. Ұйымның басты мақсаты - қазіргі билікті тақтан тайдыру болса керек.

Айып тағылған журналистердің ішінде танымал шолушы, бұрынғы парламентарий Назлы Ылыджак та бар.  Ол 2013 жылы Daily Sabah басылымында жемқорлыққа қатысы бар министрлерді сынағаны үшін жұмыстан қуылған болатын.

Естеріңізде болса, 16 шілде түнінде мемлекеттік төңкеріс әрекеттері орын алды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қақтығыс барысында 246 түрік азаматы қаза тапқан. Ал бүлікшілер сапынан 2 мыңға жуық адам жарақаттанды. Мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеттерінен бері 60 мыңға жуық азаматтар, атап айтсақ - сарбаздар, мемлекеттік қызметкерлер, сот төрағалары мен мұғалімдер қызметінен алынды. Елде 3 айға дейін төтенше жағдай енгізілді. Түркияда осы жайттан кейін өлім жазасын қайта қолдану мәселесі қарастырылуда. Ал Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер Түркия өлім жазасын енгізетін болса, Түркияның Еуроодаққа мүше болу процесі бірден тоқтатылады деді.