Карантин: табысынан айырылған азаматтарға сақтандыру статусы берілді

Карантин: табысынан айырылған азаматтарға сақтандыру статусы берілді

Карантин: табысынан айырылған азаматтарға сақтандыру статусы берілді
ашық дереккөзі
Алматы қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев карантин кезінде табысынан айырылған азаматтар МӘМС пакетіндегі қызметтерді толық пайдалана алатынын айтты.  «Соңғы кезде көктемгі карантин кезінде ақысыз еңбек демалысына кетуге мәжбүр болған адамдардың да статустан айырылып қалғаны туралы көп айтылып жүр. Кеше Үкімет осындай азаматтарға жеңілдік беру туралы шешім қабылдады. Қор оларға автоматты түрде сақтандыру статусын берді», – деді Тілеухан Әбілдаев. Осылайша, індет кезінде табысынан айырылған азаматтар МӘМС пакетіндегі қызметтерді толық пайдалануға мүмкіндік алды. «Олар: соңғы 3 айда жоқ дегенде бір рет жарна төлеген, берешегі екі айдан аспайтын жалдамалы жұмысшылар, оған қоса соңғы 3 ай бойы қатарынан төлем жасаған, жарна қарызы екі айдан аспайтын жеке кәсіпкерлер, жеке меншік нотариустар, жеке меншік сот орындаушылары, адвокаттар. Мемлекет тарапынан сақтандырылған, бірақ 42500 теңге алу үшін бірыңғай жиынтық төлем төлеп, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік статусы бар тұрғындар тізімінен шығып қалғандар да осы тізімде», – деді ол. Естеріңізге сала кетсек, тұрғындар сақтандыру жүйесіндегі мәртебесін Телеграмм желісіндегі бот (Saqtandyrubot) арқылы, сондай-ақ, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы мен Egov электронды үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы анықтай алады.