Жаңалықтар

Нұрлан Әбдіров Сенат депутаты болып тағайындалды

ашық дереккөзі

Нұрлан Әбдіров Сенат депутаты болып тағайындалды

Мемлекет Басшысының Жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, – деп жазды Ақорданың ресми сайты. Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы 1961 жылы 12 қаңтарда Қарағанды облысы Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында туған. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бектас Әбдіханұлы Бекназаровтың өкілеттігі тоқтатылды.