Алматыда медицина қызметкерлеріне 8,8 млрд теңге үстемеақы төленді

27 тамыз, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Алматыда медицина қызметкерлеріне 8,8 млрд теңге үстемеақы төленді Алматы қаласында коронавирус эпидемиясына қарсы күрес шараларына 9 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген. «Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес, ай сайын нақты жұмыс істеген сағаттар бойынша медициналық ұйым қызметкерлеріне қауіп тобы бойынша үстемеақы төленеді. Алматы қаласы бойынша COVID-19 вирусына қарсы күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған ұйым қызметкерлеріне наурыздан бастап 8 млрд 890 млн теңге төленді», – дейді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров. Ай сайынғы төлемдер: «Сонымен қатар, бірінші тәуекел тобының медициналық қызметкерлері жатын орынмен, күніне үш мәрте тамақпен және көлікпен қамтамасыз етілді. Екі мың медицина қызметкеріне Алматы қаласының 18 қонақ үйінде бөлме берілді», – деді ол.