Жаңалықтар

Праймеризге алыс-жақын елдерден көшіп келген отандастарымыз да қатыспақ

ашық дереккөзі

Праймеризге алыс-жақын елдерден көшіп келген отандастарымыз да қатыспақ

Партияішілік іріктеуге өз жобаларын ұсынып, өзекті мәселелерді шешуге ықпалын тигізгісі келетін белсенді азаматтардың қарасы қалың. Праймеризден шет елдерден көшіп келген ағайындарымыз да шет қалған жоқ. Соған орай «Nur Otan» партиясы Атамекенге көшіп келген отандастарымыздың  қатысуымен онлайн конференция өткізді. Онлайн басқосуға «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев, Шығыстану институтының директоры Дүкен Мәсімханұлы, «Отандастар қоры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КеАҚ) Қандастарды қолдау департаментінің директоры Ғазиз Тастаев, «Nur Otan» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімшесінің кеңесшісі Ауыт Мұқибек, «Отандастар қоры» КеАҚ Қандастарды ақпараттық қолдау орталығының меңгерушісі Болат Заут және тағы да басқа әр салада озық әрі белсенді түрде қызмет атқарып жүрген отандастарымыз қатысты. Конференцияны журналист, блогер Айдос Жұқанұлы жүргізді.