Елбасы мен Мемлекет басшысы дағдарыстан кейінгі елдің дамуы мәселесін талқылады

Елбасы мен Мемлекет басшысы дағдарыстан кейінгі елдің дамуы мәселесін талқылады

Елбасы мен Мемлекет басшысы дағдарыстан кейінгі елдің дамуы мәселесін талқылады
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен  кездесу өткізді, – деп хабарлады  Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай. «Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының алдағы отырысының күн тәртібін және партияның сайлауалды тұғырнамасының негізгі тармақтарын қарастырды. Әңгіме барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Мемлекет басшысы дағдарыстан кейінгі кезеңде еліміздің одан әрі дамуын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады», – деп жазды Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.