Алматыда дарынды балаларды қолдайтын орталық ашылады

Алматыда дарынды балаларды қолдайтын орталық ашылады

Алматыда дарынды балаларды қолдайтын орталық ашылады
ашық дереккөзі
Алматылық оқушылар 2019-2020 оқу жылында карантин режиміне қарамастан әртүрлі халықаралық, республикалық олимпиадалар мен конкурстардан 28 алтын, 75 күміс, 96 қола медаль жеңіп алды. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша балаларды қолдауға, олардың таланты мен қабілетін дамытуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Осы орайда Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева қалада дарынды балалар мен талантты жастарды қолдайтын «Алматы дарыны» орталығы құрылатынын хабарлады. «Жаңа оқу жылында «Алматы дарыны» орталығы өз жұмысын бастайды. Орталық қызметінің бағыты – балалармен тәрбие жұмысын жетілдіру. Сонымен қатар, оқытудың тәрбиелік аспектісін күшейту мақсатында,  2019-2024 жылдарға арналған «Ел жастары» балалар мен жастарды тәрбиелеудің Алматы өңірлік бағдарламасын іске асыру  жұмысы жандандырылады», – деп атап өтті Л.Жылқыбаева. Басқарма басшысының айтуынша, қашықтан жұмыс істеу жағдайында балаларға шығармашылық жағынан өзін-өзі дамытуға мүмкіндік  беріледі. Осыған байланысты қосымша білім беру ұйымдарының қызметіне, тәрбиелік маңызы бар онлайн іс-шараларды өткізуге көп көңіл бөлінеді. «Жаңа оқу жылында күшейтілген тәрбие жұмысына, оның сапасы мен тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді», – деді ол. Айта кетсек, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды қолдау бойынша Жол картасын әзірлеуді тапсырған болатын. Үкімет басшылары  мен әкімдер  мұндай балаларға,  үйірмелерге, орталықтар мен жазғы лагерьлерге баруға мүмкіндік беруі тиіс.