Жекешелендіруге 1005 нысан
Жекешелендіруге 1005 нысан
2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 1005 нысані жоспарланған
2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 1005 нысан жоспарланған. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың шілдедегі кезеңінде 509 объекті жекешелендіруге жатады. 2016 жылдың 21 шілдедегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 482 объекті шығарылды, оның ішінде 287 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 19, коммуналдық меншік бойынша - 141, ӘКК - 75, холдингтер бойынша - 52 деп мәлімдейді Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсы.
Сонымен қатар, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 6 994 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 4 668 млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 416 млн. теңге, ӘКК 3 717 млн. теңге.
Республикалық меншік бойынша
Барлығы 2014-2020 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 65 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың шілдедегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 25 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 21 шілдедегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 25 объекті шығарылды, оның ішінде 19 объекті сатылды.
Коммуналдық меншік бойынша
Барлығы 2014 - 2020 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 491 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың шілдедегі кезеңінде 248 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 21 шілдедегі жағдайы бойынша 242 объекті шығарылды, соның ішінде 141 объекті сатылды.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2020 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 166 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың маусымдағы кезеңінде 101 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 96 объекті сатуға қойылды, 75 объекті сатылды.
Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша
2014 - 2020 жж. арналған сату Кестесі бойынша 283 объекті жекешелендіруге жатады, 21 шілдедегі жағдайы бойынша жоспарланған 134 объектінің 119 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 52 объект сатылды.