Советтік Қазақ автономиясы қалай әзірленді?

Бүкілресейлік Орталық Атқару Ко­митеті мен Халық Комиссарлары Советінің Қазақ Республикасын құру жөнінде шығарған Декретіне биыл 100 жыл толып отыр. Оны дайын­дау­ға екі жылдай уақыт кеткен болатын.

Бүкілқазақтық «Алаш-Орда» Халық Кеңесінің Жаһанша Досмұхамедов бас­таған делегациясы 1918 жылғы нау­рыз­дың соңында Мәскеуге келіп, Совнарком бас­шыларымен тікелей келіссөз жүргізген-ді. Екінші Жалпықазақ съезінің хаттамасын тапсырған, Кіші Совнаркомда жұмыс істеп, Алаш Ордасы мекемелерін советтік рельске ауыс­тыру жобасын жасаған. Совет үкіметі Ала­шорда делегациясына Наркомнац кұра­мында қазақ істерімен шұғылданатын арнайы комиссариат ашуға және таяу мезгілде қазақ автономиясын жария етуге уәде ет­ті. Сондай уәдені төте желі арқылы Семейдегі орталық Алашорда басшыларына да бер­ді. Бірақ делегацияға қомақты қаржы бө­ліп, Мәскеуден шығарып салысымен уағ­даластықтан тайқып кетті. Бұл «Алаш-Орда» Халық Кеңесінің жергілікті советтермен санаспай, тікелей орталық Совет өкіметімен қарым-қатынас жасауынан шығарған қо­ры­тындылары болатын. Жер-жердегі кеңес­тік өкілдерге «досмұхамедовтердің бур­жуа­зиялық автономиясын мойындарынан сы­­пырып тастау» жөнінен жаңа нұсқаулар бе­рілді, «қазақ территориясының авто­номия­сын советтік негізде жариялау жо­бала­натыны» хабарланды. Содан Советтік Қазақ автономиясын дайындау жұмыстары басталды…

1918 жылғы 11 мамырда Ұлт істері жө­нін­дегі халық комиссариатының жанынан Қа­зақ бөлімін ашуға қаулы алынды. Әліби Жан­гелдиннің ұсынысы бойынша бөлім бас­тығы болып, совет идеяларын бірден қа­был алған, Жангелдиннің сенімді кө­мек­шісіне айналып, Торғай съезінде об­лат­ком­ның жауапты лауазымына сайланған ескі ре­жим интеллигенттерінің бірі Мұхамедияр Тұн­ғашин тағайындалды. Қазақ бөліміне күр­делі де жауапты міндеттер жүктелді. Ақ­­тардан азат етілген батыс аудандарда жер­гілікті Кеңестерді ұйымдастыру, Совет өкі­меті алаулатқан Қазан революциясының идея­ларын үгітшілер мен баспасөз арқылы май­данға шектес және ақтар билеп тұрған Жайық сырты даласындағы аудандарда на­сихаттау, шаруашылық мәселелерімен қа­тар ұлттық әскери бөлімдер құрумен шұ­ғылдану мәселелері ұдайы күн тәртібінде бол­ды. Кездесіп тұрған түрлі қиындықтарға қарамастан, Наркомнацтың қазақ бөлімі осы міндеттердің орындалуына әрдайым қол жеткізіп отырды. Бөлімнің негізгі жұ­мысы Бөкей ордасында жүргізілді. Петроградтан сатып алынған баспахана 1918 жылдың соңына қарай Ордаға орналастырылды. Баспаханада қазақ тілінде тарайтын «Дұрыстық жолы» газеті 10-15 мың данамен, cондай-ақ түрлі саяси әдебиет, кітапшалар, үгіт-насихат материалдары шығарылып тұрды. 1919 жылдың басынан Бүкілқазақ съе­зін шақыру және қазақ даласының Советтік автономиясын жариялау ісіне дайындық жасауға кірісті.

ВЦИК-тің 1919 жылғы 4 сәуірдегі қау­лысында: «Қазақ істері бойынша ко­миссар. Тұнғашиннің сұраухатына жауап ретінде Бүкілқазақ съезін Орынбор қа­ласына шақыруға рұқсат етілсін», – делінді. Наркомнац соған сәйкес 5 сәуірде бас­тама­шы топ құрамын бекітті. Бастамашы топ­тың 1919 жылғы 25 сәуірде Ордада өт­кіз­ген алғашқы мәжілісінде «съездің бағ­дарламасын және халыққа үндеу жазу жж. Лукашев, Қаратаев, Счетчиков, Шомбаловқа тапсырылсын», – деген қаулы шықты. 26 сәуір­де болашақ автономиялық респуб­ли­ка­ның аумағы мен шекарасы, сайлау өткізу­ді ұйымдастыру, мемлекеттік елтаңба мен конституция жобасын жасауға конкурс жа­риялау мәселелері қаралды. 28 сәуірде бо­лашақ Бүкілқазақ съезінің күн тәртібі бе­кітілді. Сондай-ақ осы отырыста «жж. Қара­таев пен Счетчиков жазған үндеу толы­ғымен қабыл алынсын» деп шешілді. Бастамашы топтың қорытынды мәжілісінде съез­ге делегаттар сайлау принциптері мен тәртібі талқыланды. Бүкілқазақ съезі «1919 ж. жаңа стиль бойынша маусымның бас­тапқы күндерінде Орынбор қаласында, егер Орынборда өткізуге мүмкіндік болмаса, онда Орал, Хан ордасы немесе Ақтөбеде шақы­ры­лады» деп ұйғарылды. «Саған қазір бұрын орын­далмайтындай көрінген аңсаулы ар­маныңды жүзеге асыру мүмкіндігі берілді, саған қазір өзіңнің құқықтық дербестігіңді алу мүмкіндігі берілді!» – дей отырып, жұрт­шылыққа: «Қазақ бауырлар! Съезге жігерлене дайындалыңдар! Өздеріңнің толық се­нім­деріңе кірген өкілдерді делегаттыққа сай­лаңдар!..» – деген ұран тасталды.

Наркомнацтың Қазақ бөлімі Автономия жариялауға дайындық жұмыс­тарын ерекше тиянақтылықпен жүргізген­мен, азамат соғысындағы күрделі жағдайға, май­дандарда туған жаңа қиындықтарға байланысты, көзделген съезд жобаланған уа­қытқа шақырылмады. 1919 жылғы ма­мыр­да Дала өлкесінің Төтенше комиссары Әліби Жангелдин Қазақ Совет авто­номия­сын құру мәселесі бойынша әуелі Наркомнац И.Сталиннің, одан Предсовнарком
В.Ле­ниннің, сосын тағы да Сталиннің қа­был­дауында болып, ағымдағы жағдайдан туын­даған мәселелер мен оларды шешу жол­дары жөнінде ақылдасты. Ертеңіне Ста­линнің басшылығымен Ұлт істері хал­ко­матының оты­рысы өтті. Сол мәжілісте өл­ке­ні бас­қара­тын әскери-революциялық ко­митет құ­ру және оның ережесін жасау жайын­да маңызды шешім қабылданды. Құ­рылатын Қазақ революциялық комитетінің әртүрлі қырларын пысықтауды көздеген бірқатар комиссия мамыр-маусым айларында жұмыс іс­теді. Қазақ бөлімі тікелей қа­тысып, Қаз­рев­ком Ережесі жасалды. Жоба 1919 жылы 25 маусымда Ұлт істері, Ішкі істер, Жер-су, Сыртқы істер халкомат­тары­ның, Бүкілресей Бас штабы мен Түркістан Рес­публикасының өкілдерінен құралған ве­домствоаралық ко­­мис­сияда қазақ делега­циясының (Әліби Жан­гелдин, Мұхамедияр Тұнғашин, Құ­сайын Бекентаев, Байқадам Қаралдин) қа­тысуымен қаралды. Қазақ өл­кесін басқа­ра­тын Революциялық комитет туралы уақыт­ша ереже 1919 жылғы 10 шіл­деде Предсовнарком Лениннің төра­ға­лы­ғымен өткен РКФСР Халкомкеңесінің қау­лы­сымен бе­кі­тілді де, сол күні Ленин Қаз­ревкомды құру туралы Декретке қол қой­ды. Бұл құжат өл­кедегі жергілікті бас­қару органдары мен со­веттік автономияны жа­саудың басы, Қа­зақ Республикасын ұйым­дастырудағы ал­ғаш­қы қадам еді.

Қазақ өлкесінің автономиясы жа­рия­ланғанға дейін өлкені басқаратын Революциялық комитеттің қолына өлкені бас­­қарудағы жоғарғы әскери-азаматтық би­лік шоғырландырылды. Қазревкомның ал­ғашқы құрамында ревком төрағасы – Ста­нислав Пестковский, мүшелері – Әліби Жан­гелдин, Бақытжан Қаратаев, Сейітқали Мең­дешев, Ахмет Байтұрсынов, Әбдірахман Әй­тиев болды. Қазақ өлкесінің террито-риясы Түркістан республикасының, Қазақ съе­зінің және орталық Совет өкіметінің ке­лісімімен анықталады делінді. Оған дейін Рев­комның қарауына Астрахан губерния­сындағы қазақ территориясы, Орал, Тор­ғай, Ақмола және Семей облыстары кіретіні атап көрсетілді. Ревкомның ұйымдас­ты­рылуы­на байланысты Наркомнацтың қазақ бөлімі таратылып, орнына ВЦИК жанынан Қа­зақ өлкесінің үш адамнан тұратын өкіл­дігі құрылды. Қазақ бөлімі құрған Бөкей ор­дасындағы комиссияның орнына Қазрев­комның жанынан ашылатын бөлім Қазақ өл­кесінің жалпы съезін шақыратын болды. Ере­жеде барлық атқарылуға тиіс мәселе 19 тар­­маққа бөлініп, нақты тұжырымдалды.

1919 жылғы 7 тамызда Ревком төра­ғасы Пестковский партияның Орта­лық комитетіне, Халкомкеңеске, Ұлт істері халкоматына, Ұлтхалкоматтың қазақ бөліміне жеделхат салып, Қазревкомның тұрақты жұ­мыс орнынан Орынборға келіп жеткенін ха­барлады. Ревкомның қысқа мер­зім ішінде ұйымдық тұрғыда қалып­тасуына РК(б)П Орынбор губерниялық ко­митеті жан-жақ­ты көмек көрсетті. Алғаш­қы кезде Қаз­рев­ком аппаратында тек мү­шелері мен бірлі-жа­рым жергілікті ин­тел­лигенттерден тар­тылған қызметкерлер істеді де, күш-жігер не­гізінен жергілікті ревкомдармен, Орал, Орын­бор басшы органдарымен байланыс ор­натуға және ере­же­ге сай қызмет жүргізуге қа­білеті жететін аппарат жасақтауға жұм­сал­ды. 1919 жылғы қыркүйектің басында бө­лімдер ұйым­дас­тырылды. Қазревкомның 12 қыркүйектегі отырысында алғашқы сай­лаулар өткізіліп, ашық дауыспен ревком тө­ра­ғасының орынбасары, әскери комиссар, ішкі істер, қаржы-шаруашылық, халық ағар­ту, азық-түлік жә­не әлеуметтік қамсыз­дан­дыру бөлім­дері­нің меңгерушілері сай­лан­ды. Кейінірек заң, жер өңдеу, денсаулық сақ­тау, еңбек, совнархоз (кеңестік халық шаруашылығы), ақ­парат, полиграфия бө­лім­дері, жалпы кеңсе, тергеу комиссиясы, өл­келік әскери трибунал, жұмысшы-шаруа инс­пекциясының өлкелік комиссариаты құ­рылды. Қазрев­ком­ның аппаратын құ­рай­тын осы мекеме­лердің барлығында 1919 жыл­дың соңына қарай 138 қызметкер іс­теді. Революциялық ко­митетке, оның бас­шы­лығы мен мү­ше­леріне өздеріне жүк­тел­ген міндеттерді орындау үшін кең көлемдегі өкі­леттілік берілді. Бұлар академик Салық Зи­мановтың ға­лымдар С.Дәулетова, М.Исма­ғұловпен бір­ге жазған «Казахский революционный ко­митет» атты еңбегінде жан-жақ­ты зерделенген.

Қазревком облыстардағы халық шаруа­­шылығын, мәдени-әлеуметтік жә­не саяси-әкімшілік тыныс-тіршілікті ті­ке­лей де, облревкомдар, облаткомдар ар­қы­лы да басқаруды жүзеге асырды. Жергі­лікті Со­веттерді нығайту, оларды сайлау және қай­та сайлау шараларын ұйым­дас­тырды. Кеңес билігінің іргесін кеңейте түсу­ді қам­тама­сыз етті. Ресейдің көрші об­лыстарының қарауындағы қазақ жерлерін біріктіру жө­нінде елеулі жұмыстар атқарды (мәселен, Сі­бір ревкомы қарамағындағы Челябинск ау­дандық басқармасының құ­зырына беріл­ген Қостанай үйезін Қазақ өлкесі ревкомы­ның қарамағына қайтару жайында Ахмет Байтұрсынов егжей-тегжей­лі баяндама жа­сады, 1919 жылғы 13 қыр­күйек­те үш жер­ге – ВЦИК-ке, Ленинге және Қа­зақ өкіл­дігі­нің басшысы Құсайын Бекен­таевқа Қаз­ревком атынан жеделхат жолданды, ал 16 қыр­күйекте баяндаманың өзі табыс етілді). Рес­публикалық режимде жұмыс істеп тұр­ған дербес құрылым Батыс Алашордамен к­еліс­сөздер жүргізді. Бөлімшенің күллі әс­ке­рімен, қару-жарағымен, мүлкімен Кеңес өкі­меті жағына шығуына қол жеткізіп, 1920 жы­л­ғы 5 наурыздағы қаулысымен Алаш Ор­даны мемлекеттік орган ретінде мүлдем жойды.

Ревкомның бірден қолға алған шаруа­сы – Бүкілқазақ съезін шақыру мә­се­­лесін тиянақтау болатын. Бұл ретте ол Нар­­комнацтың қазақ бөлімі жүргізген жұ­­мыстарды жалғастырды. 1919 жылғы 15 қыр­­күйекте Ерекше комиссия құрып, оған съез­­ді шақыру жөнінде нұсқаулық әзірлеуді тап­­сырды. Комиссия бірінші кезекте Кеңес­тер­дің Бүкілқазақтық съезіне делегаттар сай­лау тәртібін жасаумен шұғылданды. Уез­дерде Совет өкіметін құратын уақытша рев­комдар тағайындауға өкілеттілік беріп, өкіл­дерін жер-жерге іссапарға аттандырды. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан «Ұшқын» (бү­гінгі «Егемен Қазақстан») газетін шығара бас­тады. Қазревкомның хабаршысын («Из­вес­тия Киргизского военревкома»), қа­зақ тілінде түрлі саяси-көпшілік әдебиетті, оқу құ­ралдарын, парақшалар мен үндеулер шы­ғаруды жолға қойды. 1919 жылғы жел­тоқ­санда ВЦИК Башқұртстан, Татарстан, Қа­зақстан істері бойынша мәжіліс өткізді. Бас­қа мәселелер қатарында Қазақ өлкесінің ше­карасы туралы мәселе қарап, түбегейлі ше­шімін табуды ВЦИК-тің әкімшілік ко­мис­сиясына тапсырды. Әкімшілік комис­сия­дағы даулы талқылауларға қатыса келе, Қаз­ревком 1920 жылғы 16 мамырда «Қазақ республикасының шекарасын айқындау жө­ніндегі комиссия туралы» арнайы мәселе қа­рады. Комиссияға қазақ республикасы тер­риториясына кіргізілуі тиіс аумақтарды ай­қындап, болашақ республиканың шека­ра­ларын дәл белгілеу, Совнаркомға ұсыныс, Бүкілқазақ съезіне баяндама жобасын әзір­леу, республиканың ішкі әкімшілік бө­лінісінің жобасын жасау тапсырылды. 20 ма­мырда Алашорданың бұрынғы қызмет­кер­лерін пайдалану жөнінде ұсыныс әзір­леу, «өлке шекарасын белгілеу жайындағы ко­миссияның» жұмысын нақты ұйымдас­тыру қаралды. Орал губерниясының Қазақ өл­кесі құрамынан бөлінуі туралы туындаған мәселе бойынша Орал губревкомымен мақ­сат­керлік келіссөз жүргізілді. Қазақ өлкесіне Ақмола, Семей облыстарын қосу мәселесінде де 1920 жылғы шілдеде қиыншылықтар ұшы­расты. Қазревкомның саяси комиссия­сы Омбы, Семей, Ақмолада жүргізген жұ­мыс­тар, Сібір ревкомымен келіссөздер оң нә­тиже бермеді. Осы шамада Сібревкомның әкімшілік бағынысындағы Петропавл, Көк­шетау, Омбы үйездері қайда қарайтынын шешу үшін Қазревком ВЦИК-тің Әкімшілік комиссиясына өтініш түсірді. Сондай-ақ Қазревком солтүстіктегі үйездер мен облыс­тарды қазақ өлкесіне қосу шаруасымен тү­бегейлі шұғылдану үшін өз тарапынан «Солтүстік комиссиясын» құрып, осы Комиссия 1920 жылғы маусымда іссапармен терістіктегі аудандарға шықты. Ал Қазақ өлкесіне Сырдария мен Жетісу облыстарын қосу шаруасы өзінше жеке қаралуы тиіс мәселе еді. Осы мәселе және аталған облыс­тар­мен қоса Маңғыстау, Красноводск үйез­дерін де Қазақ өлкесі құрамына беру жө­нінде келіссөз жүргізуі үшін Қазревком 1919 жылғы 11 қарашада өз өкілін тағайын­дап, Түркістан республикасына жіберген. 1920 жылы Қазревком бұл мәселені ВЦИК-тің қарауына шығарды. Ал 27 наурызда Түр­кат­комнан Орал облысына экономи­калық және саяси тұрғыдан аса жақын адайлықтардың Қазөлкенің әкімшілік ба­­ғы­нысында болуы дұрыстығын мойындауды ресми сұрап, Адай мен өзге де көш­пен­ділер істері бойынша Ерекше комиссия құр­­ды. Бүкіладайлық Кеңестер съезі өткі­зі­ліп, Адай үйездік ревкомы сайланды. Қазревком Түркаткомға, Каспий сырты (Закаспий) облревкомына тиісті өтініш жол­дап, «Маңғыстау үйезінің Қазөлкеге қо­сылуы­на қарсы еместігін» тұжырымдаған ке­лісімін алды. Мәселе болашақ респуб­ликаның аумақтық шектерін талқылаған Мәскеудегі тамыз мәжілістерінде біржола шешімін тапты.

Осы қысқа шолудан байқалатындай, қа­зақ жерлерін біртұтас республика шаңырағы астына жинауда Қазақ ре­­волюциялық комитеті елеулі рөл атқарды. Қаз­ревком 1920 жылғы маусымда Ұлт істері жө­ніндегі халкоматқа «Қазақ өлкесінің ау­мағы мен шекаралары туралы» деген атпен Қазақ Совет автономиясын құру туралы жобаны әзірлеу алдындағы құжатын ұсын­ды. Онда «Қазақ республикасының шека­ра­ла­рын анықтағанда ең алдымен ескерілуге тиіс жағдайлар» көрсетілді. Өлкеде қа­зақ­тардан басқа, орыс шаруалары мен жұ­мыс­шыларының көптеген өкілдері тұратыны, өл­кенің өз экономикалық, өнеркәсіптік жә­не мәдени орталықтары мүлдем жоқ, олар­сыз қалыпты өмір сүру мен дамудың мүмкін болмайтыны айтылды. «Қазақ өл­ке­сі­нің саяси және өнеркәсіп орталықтары (Астрахан, Орал, Орынбор, Қостанай, Ом­бы, Семей, Ташкент) шет аймақтарда жатқандықтан» туатын қиындықтар тізіліп, аймақтарда қалыптасқан байланыстарды үзбеу керегі, сондай-ақ күрделі жер мәсе­лесін шешу бағыттары атап көрсетілді. Қаз­ревкомның бірер мүшесі өзінше ой қо­рытып, ревком бекіткен құжатта көрсетіл­ген аумақты бір жағынан, «буржуазия­лық ұлт­шылдар өз ықпалын арттыру үшін пай­даланып кетеді», екінші жағынан, «орыстар игерген терістік және шығыс жолақтарды Қазөлкеге беру …осы аумақтардағы орыстар­дың толқуын туғызады» деген қауіп айтты.

ВЦИК Төралқасы мәселені өз қолына алды. Қазреспубликаны басқару, оның шекаралары жайындағы мәселелерді талқылауға Омбы, Челябинск, Орынбор, Орал, Ташкент, Хан ордасынан өкілдер шақырды. Қазревком Сталиннен шақыру ал­ған бойда бірқатар дайындық жиынын өткізді. Айрықша комиссия құрып, оған Орталықта талқыланбақ мәселелерге байланысты қажет материалдар жинақтау міндетін жүктеді. Сонымен бірге ВЦИК-тің жанындағы Қазревком өкілдігі 22 адамнан тұратын «Мамандар комиссиясын» құрды. Комиссияға шұғыл түрде «өлкенің тарихи, этнографиялық, табиғи және экономикалық жағдайы туралы деректерге» сүйене отырып, Қазақ республикасы шекарасының жобасын және ықтимал шектерінің картасын жасау міндетін артты. Қазревком өл­келік делегацияның құрамын 1920 жылғы 8 және 20 шілдедегі шешімдерімен белгіледі. Мәжіліс Мәскеуде 9 және 10 тамызда, екі күн бойы болашақ қазақ автономиясы аумағын айқындауға байланысты мәсе­лелерді мұқият талқылады. 12 тамызда Ленин үшінші мәжіліске төрағалық етті, онда мәжілістің қорытындысы, талқылау кезінде бой көрсеткен келіспеушіліктер қаралды. Ленин мәселеге маңызды саяси мән берді, алауыздық туғызған күрделі мәселелердің бірқатарына өз пікірін білдіріп, дұрыс шешіп берді. 14 тамызда Нар­комнац алқасы Казақтың Советтік Республикасын құру туралы Декреттің жобасын бекіту туралы шешім қабылдады. Қазақ өлкесінің шектерін ресми рәсімдеу мәселесі осылай жұмысшы және ведомствоаралық комиссияларда келісілгеннен соң, оны 17 тамызда ВЦИК Төралқасының Әкімшілік комиссиясы қарады. Наркомнацтың ұсынған жобасы бірлі-жарым елеусіздеу өзгерістер жасалып бекітілді. Әкімшілік комиссия бекіткен осы жоба алғаш рет сол күні, 17 тамызда, екінші мәрте 24 тамызда Халкомкеңестің Ленин төрағалық еткен отырыстарында талқыланды. Құжат жобасы мақұлданып, ВЦИК-тің қарауына жіберілді. Қазақ халқының мемлекеттілігін жасауды әзірлеу жолында 1918 жылы мамырда Ұлтхалкоматтың қазақ бөлімі бастаған, одан Қазревком 1 жыл 1,5 ай жүр­гізген ізденіске толы үдеріс күтулі нәтижеге қол жеткізді: 1920 жылғы 26 тамызда тарихи Декрет дүниеге келді. Автономиялы Қазақ Республикасы Ресей Социалистік Федеративтік Советтік Республикасының бөлігі ретінде құрылды. Автономиялы қазақ мемлекеттігінің құрамына Семей облысы (Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қар­қаралы үйездерімен), Ақмола облысы (Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уез­дерімен) және Омбы үйезінің қазақтар тұратын бір бөлігі берілді. Қазревком мен Сібревкомға өзара келісіп, Омбы үйезінің Қазақ және Сібір бөліктерін дәл межелеу міндеттелді. Торғай (Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай үйездерімен) және Орал (Орал, Ілбішін, Темір, Гурьев үйездерімен) об­лыстары, Закаспий облысының Маңғыс­тау уезі, осы облыстағы Красноводск үйезінің 4-ші және 5-ші Адай болыстары, Астрахан губерниясының Синемор болысы, Бөкей ордасы, 1-ші және 2-ші Теңіз жаға­лауы округтеріне жапсарлас бұрынғы қазыналық оброк жерлерінің аумағы республика құрамына қосылды. Қазревкомға Теңіз жағалауы жолағы және Сафронов, Ганюшкин, Николаев болыстары қаратыл­ды. Астрахан атқару комитеті жанынан Қаз­ревком мен Астрахан аткомының өкіл­дері кіретін комиссия құрып, халқы аралас облыстардағы өзара қарым-қатынастарды мұқият ретке келтіру көзделді. Ал Түрк республика құрамындағы қазақ тер­рит­о­рия­­ларын Қазреспублика құрамына қосу сон­да тұратын жұрттың ерік-жігеріне бай­ланысты шешіледі деп көрсетілді.

…Жетпіс бір жыл совет туын көтерген ғұмыры ақыры аңсаулы тәуелсіздікке ұласқан республикамыз бұдан жүз жыл іл­геріде дүниеге осылай келген еді…

 

Бейбіт ҚОЙШЫБАЕВ,

жазушы, тарих ғылымдарының кандидаты

Редакция таңдауы

Қазақ киносы Германияда өтетін фестивальдің шымылдығын ашады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылғы 20-26 сәуір аралығында онлайн өтетін 21-ші Орталық және Шығыс Еуропа goEast кинофестивалінің...

Қазақстан-Ресей шекарасы: Көптоғай аулындағы дау неден шықты?

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғындары шекара сызығы ауысуымен келіспей, оны заңсыз деп санайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Көптоғайлықтар шекара бекеттерін орнату бойынша жұмысты тоқтатуды...

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның...

Қаржы пирамидасынан қашанғы опық жейміз?

2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларының саны күрт өсіп, қа­тарына адам қосу арқылы жүретін «бизнестен» келген залал он есе артқан.  Елімізде ең алғашқы қаржы пирамидасы...
02

Қазақ киносы Германияда өтетін фестивальдің шымылдығын ашады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылғы...
d7d152f8896ea64602b9cd3df3d4bdfd

Қазақстан-Ресей шекарасы: Көптоғай аулындағы дау неден шықты?

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғындары шекара сызығы ауысуымен келіспей, оны...
Аманғали БЕРДАЛИН

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі...

Жаңалықтар

«Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымының есептік жиналысы өтті

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының қаулысына сәйкес 1300-ден астам партия мүшесін біріктіріп отырған «Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымында есептік-сайлау жиналысы...

Әнуарбек Байжанбаевтың шеберлігі

Қазақ радиосының тарихына ой жүгіртсек, есімізге ең бірінші Әнуарбек Байжанбаевтың есімі оралатыны сөзсіз. Әнуарбек Байжанбаев өмір бойы Қазақ радиосында диктор болып қалың жұртшылыққа кеңінен...

Инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінбек

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде №9 бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиында БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары сараланып, алдағы уақытта орындалуы тиіс мәселелер...

Қазақстан жастарына этномәдени дәстүрді сіңіруіміз қажет – Әділбек Ыбырайымұлы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қазақстан жастарын тәрбиелеудің этномәдени дәстүрлері» атты республикалық семинары өтті. Аталған онлайн жиында Дүниежүзі  қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Әділбек Ыбырайымұлы «Қазақ  ұлтынан этностардың...

Келелі жиын – келешек үлесі

Өткен апта маңызды басқосуларға толы болды. Әрбір жиынның астарында ел болашағын жарқын ету, келешегін кемелдендіре түсер мақсат бар. Нақты мәселелер көтеріліп, оны шешудің жолдары...

«Тоттенхэмнің» бас бапкері Жозе Моуриньо қызметінен босатылды

Лондондағы "Тоттенхэм Хотспур" футбол клубының бас бапкері Жозе Моуриньо қызметінен кетті. Бұл жаңалықты vesti.ru сайты Тhe Athletic-тің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлады. Моуриньо 2019...

Әскери қайраткер Ким Серікбаев қайтыс болды

Әскери қайраткер, полковник, әскери ғылым кандидаты Ким Серікбайұлы Серікбаев қайтыс болды. Қайғылы хабарды Алматы қаласындағы «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық...

«Тоқтықтан»: Асты аяқ асты еткен челлендж жұртты ашуландырды (видео)

Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі кезекті челлендж Facebook қолданушыларының наразылығын тудырды. Челленджге қатысқан жасөспірімдер тамақты аяқпен таптаған. "Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Мұның арты жақсы болмайды....

Қазақстандық дизайнер Нұр-Сұлтанда Сақ алаңын салуды ұсынды

Отандық сәулет дизайнері Мансура Жәкен қазақстандық қалалардың бейнесін қазақтардың этникалық стилінің элементтерімен қайта жасауды ұсынды. Оның пікірінше, астанада "аң стилінде" сәнделген және ежелгі сақ...

Нұр-Сұлтандағы саябақтан жалпы құны 8 млн теңге болатын 66 шам ұрлаған күдіктілер ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Триатлон паркінен 66 шам ұрланған. Полицейлер екі жүргізуші мен көше мен саябақты жарықтандырумен айналысатын ЖШС монтерін күдікті деп танып отыр, деп хабарлайды...

Ұлттық банк коллекциялық монеталар сатылатын интернет-дүкенді іске қосты

Ұлттық банк интернет-дүкеннің жұмысын пилоттық режимде қайта бастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. Қазақстан Ұлттық Банкі 19 сәуірден бастап коллекциялық монеталардың онлайн саудасын жаңарту үшін пилоттық...

Мүмкіндігі шектеулі Қазақстандық әйел Эверест шыңын бағындырды

Мария Әуезова Эверестің биіктігі 5364 метр болатын шыңын бағындырды. Мариямен бірге бірге күйеуі мен тәлімгері де тауға бірге шыққан - деп хабарлады sxodim.astana Instagram...

Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты заңға қол қойды

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды.  Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен...

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентіне көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz. Елбасы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің әкесі Мяликгулы Бердімұхамедовтің өмірден өткені туралы...

Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі парацетамолдың қаупі туралы айтты

Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі парацетамолды шамадан тыс қолдану қауіп тудыруы мүмкін екенін ескертеді, - деп хабарлайды ВЗГЛЯД басылымы. Дәріні шамадан тыс қолданудың белгілері -...

Қазақстанның Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев – 1970 жылғы 2 сәуірде Ақтөбе...

Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО)...

Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Рәпіл Жошыбаев –  1963 жылғы 22 тамызда Жамбыл облысында...

Жол сапасына жауапты мыңнан астам шенеунік айыппұл арқалаған

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың айтуынша, жол сапасының сын көтермегені үшін бірқатар  шенеуніктер жазаланған, - деп хабарлайды BaigeNews.kz  "2021 жылы Жол инспекциясы бөлімшелері...

«Қазақстан темір жолының» БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департамент директоры тағайындалды

Қайсар Жұмабайұлы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры болып тағайындалды.«ҚазАқпарат» агенттігінің жазуынша, бұл ақпаратты Қайсар Жұмабайұлының өзі растады. Қайсар Жұмабайұлының...

Қазақ киносы Германияда өтетін фестивальдің шымылдығын ашады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылғы 20-26 сәуір аралығында онлайн өтетін 21-ші Орталық және Шығыс Еуропа goEast кинофестивалінің...

Президент жарлығымен жаңа елшілер тағайындалды

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 19 сәуірдегі жарлығы бойынша Қырғыз Республикасындағы, Бельгия Корольдігіндегі және Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz сайты хабарлады. Хабарламаға...

Мемлекет басшысы Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды akorda.kz. «Әкеңіздің...

Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді

Әлемдегі ең үлкен А68 айсбергі еріп, бірнеше бөлікке бөлінді, – деп жазды Sky News. 2017 жылы Антарктика жартылай түбегінің мұздығынан ажыраған кезде оның ауданы 5800...

Коронавирустан 23 науқас көз жұмды – ДСМ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы тіркелген қайғылы жағдайларға қатысты мәлімет берді. 17 сәуірде коронавирустан 23 науқас көз жұмған. Оның 22 КВИ+, бір адам...

Президент бірқатар лауазымды тұлғаны қызметінен босатты

Бүгін, 19 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен  еліміздің шетелдегі бірқатар төтенше және өкілетті елшілері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда. «Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Қайрат...

Павлодарда қарағай орманынан шыққан өрт мың гектарға жетті

Павлодар облысындағы қарағай орманында ірі өртті сөндіру жұмысы жалғасуда. Өртке оранған алқап мың гектарға жетті. «Галкин ауылдық округінің екі елдімекеніне қауіп төнді. Бірақ оның алдын...

«Кездесуге шақырамын». Алмас Кішкенбаев танымал блогер қызды ұнататынын айтты

Әнші Алмас Кішкенбаев танымал блогер қызды ұнататынын айтты. Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бойжеткеннің видеосын жариялап, көпшіліктен оның жеке өмірі жайлы сұрастырды деп жазады...

Ерлан Саиров: Шекараны жергілікті халықтың ыңғайына оңтайландыру амалын қарастыру абзал

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Атырау облысындағы Көптоғай ауылының тұрғындарын алаңдатқан Қазақстан-Ресей шекарасына қатысты мәселеге орай Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді. «Атырау облысы, Құрманғазы...

Ерлан Әлімбаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев 1975 жылы 6...

Жамбыл облысында төрт елді мекен ішімдіктен түбегейлі бас тартты

Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шәкен Ниязбеков, Шайқорық, Танты, Қапал ауылдары ішімдіктен біржола бас тартты. Осы төрт елді мекендегі 22 дүкен иелері ішімдік сатуға берілген...

Жағдай мәз емес: жеті өңір «қызыл аймақта» тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. 2021 жылдың 19 сәуіріндегі жағдайы...

Қазақстан Бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымына Маратбек Мықтыбеков тағайындалды, – деп хабарлады ҚБФ баспасөз қызметінің мәліметі. Ал соңғы 11 жыл бойы осы лауазымды атқарып келген Бекжан...

Келіссөз жүріп жатыр: Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жыл соңында жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жекке шығуды жоспарлап отыр, – деп жазды Sports.kz. Алғашқы болып...

Қызылордада қолдан жасалған құрттан есірткі табылды

Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдемедегі қолдан жасалған құрт ішінен есірткі табылды. Бұл оқиға Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде болды. Қылмыстық кодекстің...

19 сәуір: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1960 жылы 19 сәуірде Бұқтырма су қоймасын толтыру басталды. 1993 жылы Алматыдан Түркияның Трабзон қаласына алғашқы жолаушылар әуе рейсі ұшырылды. Бортында 120 турист болған...

Өткен тәулікте 2700-ден астам адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2719 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады  coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 436, Алматы қаласы - 665, Шымкент қаласы - 114,...

Мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті қамауға алынды

Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды. Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта белгісіз адамдардың мешіттің ішіне терезесін...

Еркін күрестен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

Еркін күрестен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Айтулы жарыста есімдері төменде аталған балуандар жеңіс тұғырына көтерілді: 57 келі: 1. Құмар Рави (Үндістан), 2. Әлиреза Сарлақ (Иран),...

Нұр-Сұлтан қаласының іргесінен өрт шықты

Нұр-Сұлтан қаласын Ақмола облысының Қоғалжын ауданымен байланыстыратын тасжол бойындағы саяжайдан өрт шықты. Бұл туралы саясаттанушы Қазыбек Майгелдинов facebook парақшасында жариялады. «Қорғалжын тасжолы бойындағы саяжайлар өртеніп...

Танымал актриса Ғазиза Әбдінабиева қайтыс болды

Танымал актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Ғазиза Мәкешқызы өмірден озды. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов хабарлады. Ол...

Нобель сыйлығының бес лауреаты Навальный ісі бойынша Путинге ашық хат жолдады

Францияның Le Monde басылымы және британиялық The Economist журналы әлем жұлдыздарының Ресей президенті Владимир Путинге жазған ашық хатын жариялады.  Онда танымал адамдар колонияда отырған оппозиционер...

Қазақстан-Ресей шекарасы: Көптоғай аулындағы дау неден шықты?

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғындары шекара сызығы ауысуымен келіспей, оны заңсыз деп санайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Көптоғайлықтар шекара бекеттерін орнату бойынша жұмысты тоқтатуды...

Лукашенко вакцина алғысы келмейді

Беларусь президенті Александр Лукашенко коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келмейтінін айтты. Бұл туралы tass.ru хабарлады. Лукашенконың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақында өткен тексерісте оның қанында антиденелердің жеткілікті...

Шыңжаңдық тағы бір қандасымыз Олимпиадаға жолдама алды

Қазақстанның Алматы қаласында өткен күрестен Олимпиадалық іріктеу турнирінен жақсы жаңалық келді. Шыңжаң өлкесінен шыққан Уәлихан Серікұлы 60 келі салмақта грек-рим күресінен өнер көрсетіп, Токио...

ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде жерімізді қорғап, бейжай қалмауға шақырған видеолар таралуда. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, онда «Қалқан-2021» оқу-жаттығуларында түсірілген кадрлар көрсетілген, деп хабарлайды stopfake.kz сайты. «2021...

Ақмола облысында ер адам қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті (видео)

Куәгерлердің айтуынша, әкесі мен қызы суретке түспек болғанда, сарқырамаға құлап кеткен. Желіде сарқырама маңында өзеннің қатты ағысы ер адамды баламен бірге ағызып бара жатқаны...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Осы аптада Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері түрлі жаңа лауазымдарға тағайындалды. Қазақстанда 12-18 сәуір аралығында болған кадрлық ауыс-түйіске «ҚазАқпарат» агенттігі шолу жасады. Апта басында...

Алматыдан 181 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 04 сағат 38 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Зілзаланың эпицентрі...

«Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? – дінтанушы жауабы

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Faceboоk  әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатқан сауалға жауап берді. Желіде мынадай («Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? –ред.) діни...

Өмірзақ Шөкеев қарияларды жаңарған Түркістанды тамашалауға шақырды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардара ауданындағы ардагерлер үйінде болды. Ақсақалдармен кездесіп, үстел басына жиналғандарды ашық сұхбат құруға шақырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз...

Қазақстан-Ресей шекарасында әскерилер қоршау орната бастады

Қазақстан мен Ресей шекарасында қоршау орнату жұмысы басталды. Қоршау Атырау және Астрахан (Ресей) облыстарының шекарасында орнатылуда. «2021 жылғы 14 сәуірде Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында...

Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай туралы айтып, жұртты сақтандырды (видео)

Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай жайлы айтып, жұртты абай болуға шақырды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. Айқын Төлепбергеннің...

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды

Astana International Exchange (AIX) Директорлар кеңесі акционерлер мен реттеуші органдардың мақұлдауымен 23 мамырдан кейін күшіне енетін AIX басшылығының құрылымындағы өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Директорлар...

Ақмола облысында жүк көлігі жүргізушісімен бірге суға батып кетті

Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк көлігі суға аударылып, жүргізуші тұншығып көз жұмды. Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай сәуірдің 16-да Бектау ауылы маңында болған. «Анықталғандай, қарғын су шайып...

Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды

Чарльз Гешке – PDF форматты жасауға қатысқан, Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Калифорнияда тұратын Чарльз 82 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Adobe компаниясы хабарлады....

Африкада аң аулаған қазақтарды елдегі аңшылар қолдап пікір білдірді

Қазақстанның аңшылық қауымдастық өкілдері Африкада жабайы аңдарды атып, аңшылық құрған әріптестерін қолдап видео түсірді. Кадрлар Instagram-дағы ohotniki_kz парақшасында жарияланды, деп жазды Tengrinews.kz . «Табиғат»  республикалық қауымдастығының...

Тәулік статистикасы: 641 науқастың жағдайы ауыр, 22 адам қайтыс болды

Кейінгі бір тәулікте 22 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 18 сәуірдегі дерек бойынша 37 749 адам (37 294...

Жағдай әлі күрделі: «Қызыл аймақта» 3 қала мен 5 облыс тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі веомствоаралық комиссиясының Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. 2021 жылғы 18 сәуірдегі жағдай...

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен. Бүгінгі...

18 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Жауын-шашын, тұман, желдің күшеюі

Бүгін Республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның басқа аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы: кей жерлерде жауын-шашын болады, найзағай, тұман,...

Нұр-Сұлтанда алты көлікті соғып зақымдаған мас жүргізуші қамауға алынды

Нұр-Cұлтан қаласында мас күйде көлік басқарған жүргізуші көлік тұрағында тұрған 6 көлікке зақым келтірді. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Полиция...

Көлгінов Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысына қаражат қайдан бөлінгенін айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада салынып жатқан Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы шаһар басшысы Instagram-дағы парақшасында жазды. «Қалада республика...

Қазақстандық балуан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Талғат Сырбаз Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Құрлықтық бәсекеде 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол финалда өзбекстандық Сирожиддин Хасановпен кездесті. Екеуара...

Өзбек сенаторлары: Ташкенттен Алматыға әуебилеті – 4,7 млн , ал Мәскеуге – 4,2 млн. сум тұрады. Әділдік қайда?

Ташкентке Алматы жақын, жақын да болса, алыс. Салыстырмалы түрде Мәскеу алыс, алыс та болса, жақын. Өйткені, ұшу ұзақтығына, қашықтыққа қарамастан Ташкент-Алматы бағытындағы әуебилеті қымбат....

WhatsApp мессенджері қолданушыларға қиындық тудыра бастайды…

Әлеуметтік желілердегі шексіз еркіндікке тұсау салына бастайтын секілді. Мәселен, танымал WhatsApp мессенджері енді өз қолданушыларына жаңа ереже ұсына бастайтын болды. Яғни, 2021 жылдың 15 мамырынан...

Алматыдағы «аждаһа» қиратылып тасталды…

«Бүгін таңертең Алматы қаласындағы Құрманғазы-Достық көшелерінің қиылысында бұрынғы ресторанның қасбетіне орнатылған белгілі суретші Владимира Твердохлебовтың «Аждаһа» («Дракон») атты мозаикасы қиратылып тасталған», − деп хабарлайды...

Қостанай облысында «Nur Otan» партиясы қоғамдық кеңестерінің құрамы бекітілді

14 сәуірде «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасы, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен  «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы саяси кеңесі Бюросының...

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын қоғамдық кеңестер бақылайды

«Nur Otan» партиясы СҚОФ Саяси кеңес Бюросының отырысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының бағыттарын іске асыру жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы...

22 жастағы елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды

Нұр-Сұлтан қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды. Елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды. Қайғылы жағдай туралы Telegram-дағы Astanovka 98 каналы...

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан 12 қоғамдық кеңес құрылды

Маңғыстау облысының әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы С.Трұмовтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Бюро отырысында үш мәселе қаралды....

Жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін тапты

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Nur Otan» партиясының аудандық филиалына аудан тұрғыны айлық табысы күн көріс деңгейінен артылмайтынын, қазіргі кезде баласы да жұмыссыз екенін айтып,...

Партияға өтініш білдірген аз қамтылған отбасына баспана берілді

"Nur Otan" партиясының Мойынқұм аудандық филиалына аудан тұрғыны өтініш білдірген. Өз өтінішінде жалғызбасты әке 3 бала асырап отырғанын, қолында ата-анасы бар екенін айтып, баспанамен...

«Онда тұрған ештеңе жоқ». Африкада аң аулап жүрген қазақ өз әрекетін түсіндірді (видео)

Африкада мылтықпен аң аулап жүрген қазақстандықтардың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қызу талқыланған болатын. Батыр Сейкенов есімді қазақстандық азамат өз әрекетін түсіндіріп, видеоүндеу жасады....

Шығыс Қазақстанда жоғалған 5 жасар бала табылды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жоғалған 5 жасар баланы тауып, ата-анасына қайтарды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 сәуір күні сағат 16:30 шамасында Глубокое...

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (20-7-1) келесі жекпе-жегіне дайындықтың басталғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz. «Ресми! Біз келесі кездесуге дайындықты бастадық! Күні мен орнын жақын арада хабарлаймыз...

Ресейлік сериал кейіпкері: «Қазақтар бізге тас атты ма десек, ас атыпты ғой»

Әлеуметтік желіде ресейлік сериалдан үзінді таралып, қызу талқылануда. Онда сериал кейіпкері, орыс әйел жанындағы құрбысына Алжир лагері жайлы әңгімелейді. «Сен Алжир жайлы естіп пе едің? Ол...

Алматы облысында табытқа әйелдің фотосын салып кеткен күдікті табылды (видео)

Алматы облысында әйелдің фотосы салынған шағын табыт табылды. Әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыланып жатқан жағдайды қазір облыстық полиция департаменті тергеу үстінде. Табыт ішіндегі фотода бейнеленген...

Жамбыл облысында жоғалған әйелді іздеген құтқарушының өзі табылмай жатыр

Жамбыл облысында екі айдан бері із-түссіз жоғалып кеткен Гүлдана Санақбайды Тасөткел су қоймасынан іздеп жатқан сүңгуірдің өзі он төрт күннен бері табылмай жатыр. Бұл...

Елорда тұрғыны «BMW X5» автокөлігімен 4 жасар баланы қағып, мерт қылды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны «BMW X5» көлігімен 4 жасар сәбиді қағып, мерт қылды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. «16 сәуір күні сағат 19.21-де 102...

«Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар көліктің иесі халықтан кешірім сұрады (видео)

Нұр-Сұлтан қаласында көлігінде «Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көлік бүгін...

Целиноград ауданында су тарифі төмендетілді

ҚР "Табиғи монополиялар туралы" Заңына сәйкес "Целиноград Су Арнасы" ШЖҚ МКК-ы Жаңа жол, Приречный, Шұбар, Жайнақ, Қызылсуат (Қызылсуат 1 және Қызылсуат 2), Қаратомар, Талапкер...

Африкада аң аулап жүрген қазақтардың видеосы елдің ашуына тиді (видео)

Әлеуметтік желіде "Қазақтар Африкада да аң аулап жүр" деген тақырыпта видео тарады. Видеода екі қазақ азамат және басқа да шетелдік аңшылар жираф атып алғаны...

Әлемдік паспорт индексі бойынша Қазақстан қай деңгейде?

«The Henley Passport Index» әлемдік мемлекет азаматтарының төлқұжат рейтингін жариялады. Онда Қазақстан 69 орында тұр. Азаматтардың жүріп-тұру еркіндігіне негізделген елдер классификатор болып табылатын атаулы компания...

Африкада аштық пен ауру қаупі төніп тұр

Африкада 100 миллионнан астам адам азыққа зәру. Бұл туралы Түркияның ТРТ арнасы мәлімдеді. Мәліметке сәйкес, Африкада 100 миллионнан астам адам «апат деңгейінде» азық тапшылығына ұшырап...

Балқаш қаласы маңында ұшақ құлады

Балқаш қаласының авиациялық оқу орталығында СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада 2021 жылғы 16 сәуірде сағат...

Елордада 600 мың тұрғын вакцина алса, вирусты жұқтыру қаупі болмайды

Қазір бізде 49 мың адам бірінші компонентпен вакцинацияланды. Осылайша 50 мың адам 1 мамырға дейін иммундалған болады, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми...

Шымкенте дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған сәбиді аман алып қалды

Шымкент қаласында дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған үш айлық сәбидің жанын сақтап қалды,-деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Тыныс алу жолдарына әлдене тұрып қалған сәби ауруханаға жеткізілген. Сәбиді...

Партия бағдарламасының сапалы орындалуын жастар да бақылай алады

Павлодарда «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының 12 бағыты бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. 16 сәуірде өткен «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы Саяси...

Елімізден екі айдың ішінде 3,4 мың адам біржола көшіп кеткен

2021 жылғы қаңтар-ақпанның қорытындысы бойынша елімізге 1398 адам келіп, 3422 адам біржола көшіп кеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметі органдарына сілтеме жасап...

Мархабат Байғұт: Елге қызмет етсем дейтін азаматтар қатарға қосылды

– Өте-мөте өркениетті, аса алпауыт саналатын Америка Құрама Штаттарында баяғы замандарда саяси партиялар бірталай болған көрінеді. Осы жағдайды онша жақтырмаған жалғыз жазушы Марк Твен:...

Қоғамдық кеңестер бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуын қадағаламақ

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен облыстық партия филиалының Саяси кеңесінің Бюро отырысы өтті. Отырыс барысында «Nur Otan»...

«Nur Otan» партиясы жанындағы Жас депутаттар корпусын Елнұр Бейсенбаев басқарады

«Nur Otan» партиясында Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың 600 жас депутатынан тұратын Корпус құрылды. Нұротандық жас депутаттар жастарды қолдау және заң шығару процесінде олардың...

Елімізде екі әуежай уақытша жабылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі әуежайларды дамыту және жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. Кеңесте Шымкент, Орал, Өскемен, Үржар және Үшарал қалаларындағы...

Оңдасын Оразалин: Қоғамдық кеңесте жастарға басымдық берілуі тиіс

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысында Өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Отырыс барысында...

Ұстаз бақыты – шыңдаған шәкірті

Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – ұстаз. «Ұстаз» ұғымы ұлтымыз үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие...

Алматыдағы көпқабатты үйдің тұрғындары Қайрат Нұртастың үстінен шағым түсірді

Әнші Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды. Бұл жолы әнші Алматыдағы тұрғын үй кешенінің паркингінде бөтен орындарды иеленген, - деп хабарлайды zakon.kz. Zakon.kz сайтының редакциясына...

86 жастағы Қарағанды тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина алды

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінің тұрғыны Қанат Жұмашұлы өз өңірінде алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы екпе алған. Ақсақал өзін және жақындарын індеттен...

Қарағандыда қоғамдық кеңестердің құрамы бекітілді

"Nur Otan" партиясының Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысында сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ететін өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Онлайн-режимде...

Мешіт терезесін сындырып, садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта...