Бұрысы қалып, дұрысын алсақ… немесе шетелдегі отандастарын ресей қалай қолдайды?

Қазіргі халықаралық аренадағы елдердің жағдайы тек олардың экономикалық, әскери және ғылыми ресурстарымен ғана шектелмейді. Ақпараттық және мәдени ықпал ету арқылы өз мүдделерін іске асыру құралы ретінде «жұмсақ күштің» мәні де артып келеді. Серпінді өзгермелі және тұрақты көші-қон процесі «әлемдік маңызы бар мәселеге» айналды, бұл ретте әрбір ел осы проблемаларды өзінше шешеді. Мұндай жағдайларда кез келген мемлекетке халықаралық тәжірибені ескере отырып, осы саладағы проблемаларды шешудің қолда бар жеке тәжірибесі негізінде репатриацияның тиімді жүйесін құру маңызды.

ТМД елдері арасында шетелдегі отан­дас­тарды мемлекеттік қолдау мә­селелері бойын­ша тиімді тәжіри­бе Ресей Феде­ра­ция­­сында да бар. Оның диаспоралық сая­сатты ғана емес, елге ерікті қоныс аудару сая­сатын жүзеге асыруға, сондай-ақ ре­­патрианттарды ықпалдастыруға мүм­кіндік беретін қуатты құ­қық­тық база, мем­лекеттік құрылымдар мен қаржыландыру көз­дері бар. Бү­гінде Ре­сей Федерациясының шет­елдегі отан­дас­тарды мем­ле­кет­тік қолдау және репат­риант­тарды біріктіру мәселе­леріндегі ар­тық­шы­лығы мол. Мысалы, жыл сайын екі жүз мың­нан астам адам (оның ішін­­де жүз мың­нан ас­тамы бұрын­ғы отан­дастар) Ресей аза­мат­ты­ғын ала­ды.

Жақында азаматтық туралы заң­ға ен­гізіл­ген «қос азаматтыққа» қа­тысты жеңіл­дік­­тер – бұл ресей­лік­тердің шетелдік отан­­дастарды мем­лекеттік қолдауға ба­ғыт­таған тағы бір маңыз­ды қадамы.

Сонымен қатар 2020 жылғы 12 ма­мыр­да Ресей президентінің №322 «Шетелде тұра­­тын отан­­дас­тар­дың Ресей Феде­ра­ция­сына өз ер­кі­мен қоныс аударуына ықпал ету жө­нін­дегі мем­лекеттік бағдар­ла­­маны іске асы­рудың кей­бір мә­селелері туралы» Жар­лығы қа­был­дан­ды, ол 2020 жылғы 1 шілдеден бас­тап күшіне енді. Құжат қоныс аудару бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізеді.

Ресей тәжірибесін зерделеу мақ­сатында «Отан­дастар қоры» КЕАҚ өкілдері Ресейдің шет­­елдегі отан­дастарды мемлекеттік қол­дау са­ла­­с­ындағы құқықтық базасына тал­дау жүр­гізіп, мемлекеттік орган­дар мен ком­мер­ция­лық емес ұйым­дардың қыз­ме­тін зерттеді.

Ресейдің әрбір субъектісінде фе­­дерал­дық мемлекеттік бағдар­ла­ма негізінде аймақтық ерек­шелік­тер­ді ескере отырып, өздерінің ай­мақ­­тық қоныс аудару бағдар­ла­ма­лары қабыл­данған.

Шетелде тұратын отандастарды Ресейге ерік­ті түрде көшіруді қолдау – демогра­фия­лық проблеманы шешудің басым бағытта­ры­ның бірі. Егер ресейлік заңнама мемле­кет­тік билік органдарына отандастарын ерік­ті түрде көшіруді қолдау міндетін жүк­тесе, онда оларды қолдаудың Мемлекеттік бағ­дарламасы Ресей халқының санын тұрақ­тандыруға бағытталған шаралар жүйесін толықтырады.

Отандастарын қолдау шараларының мем­лекеттік жүйесіне қоса, ресейлік заңнама олар­дың шаруашылық жүргізуші су­бъек­тіле­рі­мен ресейлік тұлғалардың ынтымақ­тас­ты­ғын ынталандырады, бірлескен бизнес құ­руға, отандастарының ресейлік экономикаға инвестицияларға қатысуына ықпал етеді, өзара тиімді кооперацияны дамытуды кө­тер­мелейді.

Шетелде тұратын орыстардың Ресейге ерік­ті түрде қоныс аударуын қолдау жө­нін­дегі Мемлекеттік бағдарламаның қаты­су­шысы және оның отбасы мүшелері қоныс­та­натын жерін ескере отырып, федералдық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік кепілдіктер мен әлеуметтік қолдау алуға құқылы, оның ішінде жол жүру ақысын және жеке заттарын тасымалдауды қоса алғанда, болашақ тұратын жеріне көшуге арналған шы­ғыстарды өтеуге, Ресей аумағында қоныс аударушылардың құқықтық мәртебесін анықтайтын құжаттарды ресімдеу үшін мемлекеттік бажды төлеуге байланысты шы­ғындарды өтеуге, көтерме жәрдемақы алуға, Ресей азаматтығын алғанға дейінгі ке­зең­де Ресей заңнамасымен тыйым салын­баған еңбек, кәсіпкерлік және басқа да қыз­меттен түскен табыс болмаған жағдайда ай сайынғы жәрдемақыны алуға (бірақ 6 айдан артық емес) құқылы. Бұл ретте жәрдемақы мөл­шері Ресейдің тиісті субъектісінде бел­гіленген ең төменгі күнкөріс деңгейін ескере отырып анықталады.

Көтерме жәрдемақы бұл бағдарламаға қа­тысушыларды орналастыру үшін көш­кен­нен кейін бағдарламаға қа­тысушыларға жә­не олардың отбасы мүшелеріне берілетін ақ­шалай төлемдер ретінде айқындалады. К­өтерме төлемдер екі кезеңде және Ресей Фе­дерациясының қай өңірі қоныс аудару үшін таңдалғанына байланысты жүргі­зіле­тінін атап өткен жөн (қоныстанудың басым ау­мақтары немесе қоныстанудың басым ау­мақтарына жатпайтын аумақтар). Аза­мат­тықты алу процесін жеңілдету қолдаудың не­гізгі түрі болып саналады.

Шетелдегі орыстардың мәселелерін рет­тейтін осындай тұтас және қуатты базамен са­лыстырғанда, репатрианттарды қолдау­дың қазақстандық кемшіліктері біршама алаңдаушылық тудырады.

«Оралман» мәртебесін алған (ҚР «Ха­лық­тың көші-қоны туралы» заңының 1-бабының 13-тармағы), Қазақстанға қоныс аударатын этникалық қазақ қандай құқықтарға ие бола алатынын анықтап көрейік (миграциялық актіде «оралман» деген ұғым әзірше қалды­рыл­ған). Біздің заңнамада оралман мәрте­бе­сін алған этникалық қазақтарға мате­риал­дық көмек түрлерін анықтау үшін алдымен нақтылап құқықтық актілер кешенін зерттеу қажет: «Халықтың көші-қоны туралы», «Мем­лекеттік атаулы әлеуметтік көмек тура­лы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Бі­лім туралы», «ҚР зейнетақымен қамсыз­дандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақ­тандыру туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңдары, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі, Жер кодексі және т.б. Содан кейін түрлі мем­ле­кеттік бағдарламалар мен заңға негіз­дел­ген актілерді табу қажет.

Мемлекеттік құрылымдардың ресми сайт­тарындағы құқықтық ақпарат нақты бола бермейді. Мысалы, Электрондық үкімет сайтында «Қазақстандағы оралмандар: көмек, жеңілдіктер, бейімдеу» («Оралманы в Казахстане: помощь, льготы, адаптация») деген мақалада: «Оралмандар мен қоныс ау­дарушыларды қабылдаудың өңірлік кво­тасына енгізілген отбасыларға өнімді жұ­мыспен қамтуды және жаппай кәсіп­кер­лікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде субсидиялар (ма­териалдық көмек) беру түрінде мемлекеттік қол­дау шарасы көрсетіледі: көшуге – от­ба­сының әрбір мүшесіне 35 АЕК-тен біржолғы төлем; тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындарды жабу үшін 15-тен 30 АЕК-ке дейін 12 ай ішінде отбасына ай сайын тө­ленеді» деп жазылған.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жап­пай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын талдау бұл сомаға Қазақстанға қоныс аударатын бар­лық этникалық қазақтар емес, тек «Ең­бек» бағдарламасына қатысушылар ғана үміт­кер болуға құқылы екенін көрсетті.

Бұл шетелдік отандастарға кеңес беру ке­зінде «оралман» мәртебесін «қоныс ау­дару­шы» мәртебесімен шатастыруға бол­май­тынын, бұл мүлдем екі түрлі құқықтық мәртебелер екенін білдіреді. Мәселен, оралман – бұрын Қазақстан азаматтығында бол­маған, тарихи Отанына келген және ха­лықтың көші-қоны туралы заңында бел­гіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этни­калық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері. Қоныс аударушы – Қазақстан Үкіметі айқындаған өңірлерге қо­ныс аударатын ішкі көшіп-қонушы. Мүм­кін, мұндай жағдайда халықтың көші-қоны туралы заңында қандастар мен қоныс ауда­ру­шылардың санаттарын жеке-жеке қарас­тырған жөн болар. Бүгінгі таңда оралман мәртебесін алған этникалық қазақ қандай материалдық қолдау алуға құқылы екенін нақты анықтауға қазақстандық заңнама мүмкіндік бермейді. Халықтың көші-қоны туралы заңының 23-бабының 4-2-тармағын­да қандастарды қабылдаудың өңірлік кво­тасына енгізілген оралмандарға және олар­дың отбасы мүшелеріне «Еңбек» бағдар­ла­масына қатысушыларға көзделетін мемле­кет­тік қолдау шаралары ұсынылады деп бе­кітілген. Бағдарлама оралмандар мен қо­ныс аударушылар үшін сараланған тәсілді анық­тамайды.

Қазақстан облыстары, оның ішінде Қа­зақ­стан Үкіметі қандастарды қоныстандыру үшін белгілеген өңірлер әкімдіктерінің сайттарын талдау шетелдегі отандастарды, алдымен қандастарды, мемлекеттік қолдау ту­ралы ақпараттың, сонымен қатар орал­мандарға төленетін төлемдердің мөлшері ту­ралы ешқандай ақпараттың жоғын анық­тады.

Аймақтық бағдарламалармен жұмыс іс­теудің ресейлік тәжірибесінің артықшы­лығы бар, өйткені нақты соманы көрсете оты­рып, қоныс аударушыларға материалдық өте­мақы төлеу, жұмысқа орналасуға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, отбасыларды тұр­ғын үймен қамтамасыз ету, қоныс ау­дарушыларға кемінде алты ай мерзімге уа­қытша тұру үшін тұрғын үй бөлу, әлеуметтік қам­сыздандыру және медициналық көмек көр­сету, зейнетақымен қамсыздандыру, сон­дай-ақ жер беру мәселелері аймақтық қоныс аудару бағдарламалары деңгейінде шешіледі.

Тіпті, ерікті және мәжбүрлі қоныс ау­дару­шылар Ресейдің әлеуметтік жағдайы тө­мен отбасыларына қатысты федералды жә­не аймақтық заңнамасында қарас­ты­рылған барлық жеңілдіктер мен жәрдема­қы­ларды талап ете алады. Ресейдегі шетелдік отандастарды мемлекеттік қолдаудың бұл шаралары тиімді, ерікті қоныс аудару бағ­дар­ламасына кіретін адамдардың қоныс ау­даруының белсенді процесіне ықпал етеді. Бұл жұмысқа айтарлықтай үлесті элект­рон­дық ресурстар қосады.

Ресейде Германиядағы сияқты шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау жөніндегі негізгі жұмысты мемлекеттік құрылымдар жүзеге асырады. Сонымен қатар федералдық заң­нама шеңберінде отандастар мен олар­дың қоғамдық бірлестіктерін қолдау мақ­сатында жұмыс атқаратын қоғамдық ұйым­дар да құрылады. Мұндай ұйымдардың қыз­­­­меті шетелдегі отандастармен жұмыс іс­­теуге елеулі үлес қосады. Олардың кей­бірі­не тоқталайық.

Шетелдегі репатрианттармен және отан­дастармен жұмыс ауқымы туралы келесі мәліметтер бойынша айтуға болады: «Рос­сотрудничество» әлемнің 33 елінде 478 ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасайды; шет елдерде 50 ҮЕҰ, 2 филиалы бар; 70 Халықаралық іскер­лік кеңес; 105 елмен байланыс жөніндегі 77 депутаттық топ, шетел парламенттеріндегі 68 топ; 77 елдегі 180 қала мен 820 серіктес қа­лалар бар; 25-30 млн отандасты біріктіреді, 92 ұлттық үйлестіру кеңесі құрылды; әлем­нің 173 елінде; орыс тілі мамандарының 422 ұлттық бірлестігі бар, онда 66 елден 110 мың оқытушы жұмыс істейді; 70 елден 50 000 адамды біріктіретін 87 достық қоғамы құ­рыл­ды; 1 млн адамнан астам аудиторияны бірік­­тіретін 80 елден 1000 орыс тілді бұ­қаралық ақпарат құралдары ынты­мақ­тасады. Бұл ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын өзінің ауқымымен таң қалдыратын қуатты ақпараттық элек­трон­дық ресурстар толықтырады.

Қазақстанда осыған ұқсас функциялар «Отан­дастар қоры» КЕАҚ-на жүктелген, бі­рақ «Россотрудничество» Федералдық агент­тігі­нің мүмкіндіктерін «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның мүмкіндіктерімен салыстыру қиын. Біріншіден, ресейлік агенттік Ресей Фе­дерациясы Үкіметінің құрамына кіреді жә­не Ресей Федерациясының Президентіне ті­келей бағынады, екіншіден, агенттік то­лы­ғымен федералды бюджет есебінен қар­жы­ландырылады, үшіншіден, қызметкерлердің кәсіби аппараты бар, төртіншіден, шетелдік филиалдар мен өкілдіктердің әсерлі желісі бар.

«Отандастар қоры» КЕАҚ, біріншіден, екі ми­нистрлік құрған коммерциялық емес ұйым (ҚР СІМ және ҚР АҚДМ, барлығына мә­лім, «жеті күтушінің балаға қарайтын уа­қы­ты жоқ»), екіншіден, оның жобаларындағы бюд­жеттік құрам бірнеше ондаған есе аз, үшін­шіден, кадрлық құрамды қалып­тас­тыру­дың кәсіби талаптары жоқ, төртіншіден, шет­елдік филиалдар мен өкілдіктер туралы айту қиын, себебі бұл ұйымның құқықтық мәр­тебесі қазақстандық заңнамада анық­талмаған.

Шетелдегі отандастармен тиімді жұ­мыс­ты ұйымдастыру үшін қор осы күндері сәтті қыз­мет етіп жатқан шет елдерде орыстілді адво­каттар Қауымдастығын құруға бастама жа­сады, бұл біздің әріптестеріміздің жұ­мы­сына шын мәнінде ерекше. Шетелдегі отан­дастарды мемлекеттік қолдаудың ресейлік тә­жірибесі Қазақстан үшін осы саладағы заң­намалық база мен мемлекеттік бағдар­ла­ма­ны әзірлеу мәселелері бойынша өте құн­ды.

Шет елдердің тәжірибесін зерттеу жұ­мыстың көптеген қызықты және пайдалы ас­пектілерін білуге мүмкіндік береді, бірақ бұл тәжірибені қолдану, әрине, елдің саяси, эко­номикалық, тарихи, мәдени дамуының ұлт­тық ерекшеліктерін ескеруде теңгерімді көз­қарасты талап етеді.

Бұл мақаланы жазудағы мақсат – басқа елдер­дің тәжірибесін толық көшіруге үндеу емес, бірақ шетелдік отандастарды мем­ле­кет­тік қолдау саласындағы жұмыстың кей­бір ұтымды тұстарына мұқият көңіл бөлу әр­қашан пайдалы.

Сонымен, шетелдегі отандастарды мем­лекеттік қолдау саласындағы ресейлік тә­жі­ри­бені зерделеу Қазақстанда осы бағыттағы жұ­мыстың мынадай аспектілеріне назар ау­даруға мүмкіндік береді: бүгінгі күнге дейін шетелде тұратын этникалық қазақтар мен басқа да отандастарды заңнамалық қол­дау мәселелері шешілмей отыр, отан­дас­тар­дың Қазақстанға өз еркімен қоныс аударуын ын­таландыратын мемлекеттік бағдарлама жоқ; бүгін ең бастысы – Қазақстанға тек заң актісі мен мемлекеттік бағдарлама ғана емес, бүкіл әлем қазақтарын тарихи Отан ай­на­ласында шоғырландыру, репатрианттарды қабылдау, жайластыру және жұмыспен қам­тамасыз ету жөніндегі мемлекеттік сая­сат­тың негізгі тәсілдері мен пайымын білдіретін құ­жаттар қажет. Қазақстанға тарихи Ота­нында қалу және өмір сүру ниетімен келген эт­никалық қазақтарға бағытталған көші-қон заңнамасы ережелерінің тиімділігі тө­мен деңгейде.

Қазіргі уақытта «Халықтың көші-қоны ту­ралы» Қазақстан заңының ережелері қол­даныстағы заңнамаға айтарлықтай қайшы ке­леді (заң бойынша олар оралмандар, 23-бап­та сілтеме жасалған басқа актілер бойын­ша – қандастар), бұл «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңнамалық акті­ле­ріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстанның 2020 жылғы 13 мамырдағы № 327-VI заңының қабыл­дануы­на байланысты, оған сәйкес 9 кодекс пен 21 заңның мәтіні бойынша «оралман» термині «қандас» терминімен ауыстырылды, осы актілердің арасында көші-қоны туралы заң да бар, бірақ соңғы актіде өзгерістердің күшіне енуі кейінге қалдырылған; қолдау ша­раларын «Халықтың көші-қоны туралы» Қа­зақстан Республикасы заңының 23-ба­бында көрсетілгендей, заңнамада сілтеме нор­малар арқылы қарапайым атап өту жет­кіліксіз; нормалары шетелдегі отандастарды, оның ішінде этникалық қазақтарды мем­лекеттік қолдау мәселелерін заңнамалық түр­де бекітетін арнайы акт қажет; қоныс ау­дарушылардың (ішкі және этникалық қа­зақтардың) санаттарын шатастырмау үшін «Ха­лықтың көші-қоны туралы» Қазақстан заңында оралмандар мен қоныс аудару­шы­лардың санаттарын жеке-жеке қарастырған жөн; «Отандастар қоры» КЕАҚ-на шет елдер­дегі этникалық қазақтардың құқықтарын қор­ғауды қамтамасыз ету мүмкіндігі бар ад­вокаттар қауымдастығын құру туралы мә­селені көтеру ұсынылады; Қазақстан об­лыстары, оның ішінде Қазақстан Үкіметі орал­мандарды қоныстандыру үшін айқын­даған өңір әкімдіктерінің сайттарын тал­дауға сүйене отырып, облыстық әкімдіктерге өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде шетелдік отандастарды, оның ішінде қандастарды мемлекеттік қолдаудың өңірлік бағдарламаларын қабылдау туралы мәселені көтеру ұсынылады. Мәселен,  шет­елдік отандастарды, оның ішінде қандас­тар­ды мемлекеттік қолдау мәселелерінде Қа­зақ­станның әрбір облысының қаржылық мүм­кіндіктерін айқындауға, Қазақстанға келу­ге тілек білдірген этникалық қазақтар мен өзге де шетелдік отандастардың мате­риалдық көмектің немесе өзге де мемлекеттік қолдаудың нысандары, шарттары мен мөл­шері туралы хабардар болуын сапалы жақ­сар­туға, әрбір облыстың өңірлік бағдар­ла­масына арнайы бөлімдерді енгізу арқылы өңір экономикасына инвестицияларды тар­туға, табысты шетелдік отандастар тара­пынан қайырымдылықты дамытуға ықпал етуге, өсімдік шаруашылығы және мал шаруа­шылығы саласында жұмыс істеуге дайын өңір бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың қажеттілігін анықтауға, ауылдық жерлерде өмір сүруге және жұмыс істеуге, ауылдық медицинаға, білім беруге, қызмет көрсету саласына үлес қосуға дайын этникалық қазақтар үшін өңірлік қолдау шараларын айқындауға, қа­зақ диаспорасымен жұмыс істеуде көмек көр­сетуге дайын өңірдің табысты қазақ­стандық кәсіпкерлері қатарынан меценаттар мен қайырымдылық жасаушылардың дерек­қорын жасауға, мемлекет пен қоғам шетелдік отандастар мен репатрианттарды мемле­кет­тік қолдау саясатын іске асыруға бюджеттен қандай қаражат жұмсалатыны туралы нақты ақпаратқа ие болуына, жалпы Қазақстан бойын­ша шетелдегі отандастарды және репат­рианттарды мемлекеттік қолдау тура­лы бірыңғай деректер базасын қалыптас­тыру­ға мүмкіндік береді.

 

Светлана ЖАРКЕНОВА,

заң ғылымдарының кандидаты, сарапшы

Редакция таңдауы

Қазақ киносы Германияда өтетін фестивальдің шымылдығын ашады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылғы 20-26 сәуір аралығында онлайн өтетін 21-ші Орталық және Шығыс Еуропа goEast кинофестивалінің...

Қазақстан-Ресей шекарасы: Көптоғай аулындағы дау неден шықты?

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғындары шекара сызығы ауысуымен келіспей, оны заңсыз деп санайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Көптоғайлықтар шекара бекеттерін орнату бойынша жұмысты тоқтатуды...

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның...

Қаржы пирамидасынан қашанғы опық жейміз?

2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларының саны күрт өсіп, қа­тарына адам қосу арқылы жүретін «бизнестен» келген залал он есе артқан.  Елімізде ең алғашқы қаржы пирамидасы...
bce82f1d425704d6b8b40ab8cf99233b

Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты заңға қол қойды

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды.  Бұл туралы Ақорда...
02

Қазақ киносы Германияда өтетін фестивальдің шымылдығын ашады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылғы...
1hm04430jd07da55n8wj x8i4has9xjsf2zeib41p

Президент жарлығымен жаңа елшілер тағайындалды

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 19 сәуірдегі жарлығы бойынша Қырғыз Республикасындағы, Бельгия Корольдігіндегі және...

Жаңалықтар

«Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымының есептік жиналысы өтті

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының қаулысына сәйкес 1300-ден астам партия мүшесін біріктіріп отырған «Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымында есептік-сайлау жиналысы...

Әнуарбек Байжанбаевтың шеберлігі

Қазақ радиосының тарихына ой жүгіртсек, есімізге ең бірінші Әнуарбек Байжанбаевтың есімі оралатыны сөзсіз. Әнуарбек Байжанбаев өмір бойы Қазақ радиосында диктор болып қалың жұртшылыққа кеңінен...

Инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінбек

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде №9 бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиында БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары сараланып, алдағы уақытта орындалуы тиіс мәселелер...

Қазақстан жастарына этномәдени дәстүрді сіңіруіміз қажет – Әділбек Ыбырайымұлы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қазақстан жастарын тәрбиелеудің этномәдени дәстүрлері» атты республикалық семинары өтті. Аталған онлайн жиында Дүниежүзі  қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Әділбек Ыбырайымұлы «Қазақ  ұлтынан этностардың...

Келелі жиын – келешек үлесі

Өткен апта маңызды басқосуларға толы болды. Әрбір жиынның астарында ел болашағын жарқын ету, келешегін кемелдендіре түсер мақсат бар. Нақты мәселелер көтеріліп, оны шешудің жолдары...

«Тоттенхэмнің» бас бапкері Жозе Моуриньо қызметінен босатылды

Лондондағы "Тоттенхэм Хотспур" футбол клубының бас бапкері Жозе Моуриньо қызметінен кетті. Бұл жаңалықты vesti.ru сайты Тhe Athletic-тің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлады. Моуриньо 2019...

Әскери қайраткер Ким Серікбаев қайтыс болды

Әскери қайраткер, полковник, әскери ғылым кандидаты Ким Серікбайұлы Серікбаев қайтыс болды. Қайғылы хабарды Алматы қаласындағы «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық...

«Тоқтықтан»: Асты аяқ асты еткен челлендж жұртты ашуландырды (видео)

Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі кезекті челлендж Facebook қолданушыларының наразылығын тудырды. Челленджге қатысқан жасөспірімдер тамақты аяқпен таптаған. "Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Мұның арты жақсы болмайды....

Қазақстандық дизайнер Нұр-Сұлтанда Сақ алаңын салуды ұсынды

Отандық сәулет дизайнері Мансура Жәкен қазақстандық қалалардың бейнесін қазақтардың этникалық стилінің элементтерімен қайта жасауды ұсынды. Оның пікірінше, астанада "аң стилінде" сәнделген және ежелгі сақ...

Нұр-Сұлтандағы саябақтан жалпы құны 8 млн теңге болатын 66 шам ұрлаған күдіктілер ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Триатлон паркінен 66 шам ұрланған. Полицейлер екі жүргізуші мен көше мен саябақты жарықтандырумен айналысатын ЖШС монтерін күдікті деп танып отыр, деп хабарлайды...

Ұлттық банк коллекциялық монеталар сатылатын интернет-дүкенді іске қосты

Ұлттық банк интернет-дүкеннің жұмысын пилоттық режимде қайта бастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. Қазақстан Ұлттық Банкі 19 сәуірден бастап коллекциялық монеталардың онлайн саудасын жаңарту үшін пилоттық...

Мүмкіндігі шектеулі Қазақстандық әйел Эверест шыңын бағындырды

Мария Әуезова Эверестің биіктігі 5364 метр болатын шыңын бағындырды. Мариямен бірге бірге күйеуі мен тәлімгері де тауға бірге шыққан - деп хабарлады sxodim.astana Instagram...

Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты заңға қол қойды

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды.  Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен...

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентіне көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz. Елбасы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің әкесі Мяликгулы Бердімұхамедовтің өмірден өткені туралы...

Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі парацетамолдың қаупі туралы айтты

Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі парацетамолды шамадан тыс қолдану қауіп тудыруы мүмкін екенін ескертеді, - деп хабарлайды ВЗГЛЯД басылымы. Дәріні шамадан тыс қолданудың белгілері -...

Қазақстанның Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев – 1970 жылғы 2 сәуірде Ақтөбе...

Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО)...

Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Рәпіл Жошыбаев –  1963 жылғы 22 тамызда Жамбыл облысында...

Жол сапасына жауапты мыңнан астам шенеунік айыппұл арқалаған

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың айтуынша, жол сапасының сын көтермегені үшін бірқатар  шенеуніктер жазаланған, - деп хабарлайды BaigeNews.kz  "2021 жылы Жол инспекциясы бөлімшелері...

«Қазақстан темір жолының» БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департамент директоры тағайындалды

Қайсар Жұмабайұлы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры болып тағайындалды.«ҚазАқпарат» агенттігінің жазуынша, бұл ақпаратты Қайсар Жұмабайұлының өзі растады. Қайсар Жұмабайұлының...

Қазақ киносы Германияда өтетін фестивальдің шымылдығын ашады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылғы 20-26 сәуір аралығында онлайн өтетін 21-ші Орталық және Шығыс Еуропа goEast кинофестивалінің...

Президент жарлығымен жаңа елшілер тағайындалды

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 19 сәуірдегі жарлығы бойынша Қырғыз Республикасындағы, Бельгия Корольдігіндегі және Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz сайты хабарлады. Хабарламаға...

Мемлекет басшысы Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды akorda.kz. «Әкеңіздің...

Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді

Әлемдегі ең үлкен А68 айсбергі еріп, бірнеше бөлікке бөлінді, – деп жазды Sky News. 2017 жылы Антарктика жартылай түбегінің мұздығынан ажыраған кезде оның ауданы 5800...

Коронавирустан 23 науқас көз жұмды – ДСМ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы тіркелген қайғылы жағдайларға қатысты мәлімет берді. 17 сәуірде коронавирустан 23 науқас көз жұмған. Оның 22 КВИ+, бір адам...

Президент бірқатар лауазымды тұлғаны қызметінен босатты

Бүгін, 19 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен  еліміздің шетелдегі бірқатар төтенше және өкілетті елшілері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда. «Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Қайрат...

Павлодарда қарағай орманынан шыққан өрт мың гектарға жетті

Павлодар облысындағы қарағай орманында ірі өртті сөндіру жұмысы жалғасуда. Өртке оранған алқап мың гектарға жетті. «Галкин ауылдық округінің екі елдімекеніне қауіп төнді. Бірақ оның алдын...

«Кездесуге шақырамын». Алмас Кішкенбаев танымал блогер қызды ұнататынын айтты

Әнші Алмас Кішкенбаев танымал блогер қызды ұнататынын айтты. Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бойжеткеннің видеосын жариялап, көпшіліктен оның жеке өмірі жайлы сұрастырды деп жазады...

Ерлан Саиров: Шекараны жергілікті халықтың ыңғайына оңтайландыру амалын қарастыру абзал

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Атырау облысындағы Көптоғай ауылының тұрғындарын алаңдатқан Қазақстан-Ресей шекарасына қатысты мәселеге орай Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді. «Атырау облысы, Құрманғазы...

Ерлан Әлімбаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев 1975 жылы 6...

Жамбыл облысында төрт елді мекен ішімдіктен түбегейлі бас тартты

Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шәкен Ниязбеков, Шайқорық, Танты, Қапал ауылдары ішімдіктен біржола бас тартты. Осы төрт елді мекендегі 22 дүкен иелері ішімдік сатуға берілген...

Жағдай мәз емес: жеті өңір «қызыл аймақта» тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. 2021 жылдың 19 сәуіріндегі жағдайы...

Қазақстан Бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымына Маратбек Мықтыбеков тағайындалды, – деп хабарлады ҚБФ баспасөз қызметінің мәліметі. Ал соңғы 11 жыл бойы осы лауазымды атқарып келген Бекжан...

Келіссөз жүріп жатыр: Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жыл соңында жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жекке шығуды жоспарлап отыр, – деп жазды Sports.kz. Алғашқы болып...

Қызылордада қолдан жасалған құрттан есірткі табылды

Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдемедегі қолдан жасалған құрт ішінен есірткі табылды. Бұл оқиға Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде болды. Қылмыстық кодекстің...

19 сәуір: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1960 жылы 19 сәуірде Бұқтырма су қоймасын толтыру басталды. 1993 жылы Алматыдан Түркияның Трабзон қаласына алғашқы жолаушылар әуе рейсі ұшырылды. Бортында 120 турист болған...

Өткен тәулікте 2700-ден астам адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2719 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады  coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 436, Алматы қаласы - 665, Шымкент қаласы - 114,...

Мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті қамауға алынды

Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды. Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта белгісіз адамдардың мешіттің ішіне терезесін...

Еркін күрестен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

Еркін күрестен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Айтулы жарыста есімдері төменде аталған балуандар жеңіс тұғырына көтерілді: 57 келі: 1. Құмар Рави (Үндістан), 2. Әлиреза Сарлақ (Иран),...

Нұр-Сұлтан қаласының іргесінен өрт шықты

Нұр-Сұлтан қаласын Ақмола облысының Қоғалжын ауданымен байланыстыратын тасжол бойындағы саяжайдан өрт шықты. Бұл туралы саясаттанушы Қазыбек Майгелдинов facebook парақшасында жариялады. «Қорғалжын тасжолы бойындағы саяжайлар өртеніп...

Танымал актриса Ғазиза Әбдінабиева қайтыс болды

Танымал актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Ғазиза Мәкешқызы өмірден озды. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов хабарлады. Ол...

Нобель сыйлығының бес лауреаты Навальный ісі бойынша Путинге ашық хат жолдады

Францияның Le Monde басылымы және британиялық The Economist журналы әлем жұлдыздарының Ресей президенті Владимир Путинге жазған ашық хатын жариялады.  Онда танымал адамдар колонияда отырған оппозиционер...

Қазақстан-Ресей шекарасы: Көптоғай аулындағы дау неден шықты?

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғындары шекара сызығы ауысуымен келіспей, оны заңсыз деп санайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Көптоғайлықтар шекара бекеттерін орнату бойынша жұмысты тоқтатуды...

Лукашенко вакцина алғысы келмейді

Беларусь президенті Александр Лукашенко коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келмейтінін айтты. Бұл туралы tass.ru хабарлады. Лукашенконың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақында өткен тексерісте оның қанында антиденелердің жеткілікті...

Шыңжаңдық тағы бір қандасымыз Олимпиадаға жолдама алды

Қазақстанның Алматы қаласында өткен күрестен Олимпиадалық іріктеу турнирінен жақсы жаңалық келді. Шыңжаң өлкесінен шыққан Уәлихан Серікұлы 60 келі салмақта грек-рим күресінен өнер көрсетіп, Токио...

ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде жерімізді қорғап, бейжай қалмауға шақырған видеолар таралуда. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, онда «Қалқан-2021» оқу-жаттығуларында түсірілген кадрлар көрсетілген, деп хабарлайды stopfake.kz сайты. «2021...

Ақмола облысында ер адам қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті (видео)

Куәгерлердің айтуынша, әкесі мен қызы суретке түспек болғанда, сарқырамаға құлап кеткен. Желіде сарқырама маңында өзеннің қатты ағысы ер адамды баламен бірге ағызып бара жатқаны...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Осы аптада Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері түрлі жаңа лауазымдарға тағайындалды. Қазақстанда 12-18 сәуір аралығында болған кадрлық ауыс-түйіске «ҚазАқпарат» агенттігі шолу жасады. Апта басында...

Алматыдан 181 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 04 сағат 38 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Зілзаланың эпицентрі...

«Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? – дінтанушы жауабы

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Faceboоk  әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатқан сауалға жауап берді. Желіде мынадай («Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? –ред.) діни...

Өмірзақ Шөкеев қарияларды жаңарған Түркістанды тамашалауға шақырды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардара ауданындағы ардагерлер үйінде болды. Ақсақалдармен кездесіп, үстел басына жиналғандарды ашық сұхбат құруға шақырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз...

Қазақстан-Ресей шекарасында әскерилер қоршау орната бастады

Қазақстан мен Ресей шекарасында қоршау орнату жұмысы басталды. Қоршау Атырау және Астрахан (Ресей) облыстарының шекарасында орнатылуда. «2021 жылғы 14 сәуірде Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында...

Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай туралы айтып, жұртты сақтандырды (видео)

Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай жайлы айтып, жұртты абай болуға шақырды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. Айқын Төлепбергеннің...

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды

Astana International Exchange (AIX) Директорлар кеңесі акционерлер мен реттеуші органдардың мақұлдауымен 23 мамырдан кейін күшіне енетін AIX басшылығының құрылымындағы өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Директорлар...

Ақмола облысында жүк көлігі жүргізушісімен бірге суға батып кетті

Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк көлігі суға аударылып, жүргізуші тұншығып көз жұмды. Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай сәуірдің 16-да Бектау ауылы маңында болған. «Анықталғандай, қарғын су шайып...

Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды

Чарльз Гешке – PDF форматты жасауға қатысқан, Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Калифорнияда тұратын Чарльз 82 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Adobe компаниясы хабарлады....

Африкада аң аулаған қазақтарды елдегі аңшылар қолдап пікір білдірді

Қазақстанның аңшылық қауымдастық өкілдері Африкада жабайы аңдарды атып, аңшылық құрған әріптестерін қолдап видео түсірді. Кадрлар Instagram-дағы ohotniki_kz парақшасында жарияланды, деп жазды Tengrinews.kz . «Табиғат»  республикалық қауымдастығының...

Тәулік статистикасы: 641 науқастың жағдайы ауыр, 22 адам қайтыс болды

Кейінгі бір тәулікте 22 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 18 сәуірдегі дерек бойынша 37 749 адам (37 294...

Жағдай әлі күрделі: «Қызыл аймақта» 3 қала мен 5 облыс тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі веомствоаралық комиссиясының Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. 2021 жылғы 18 сәуірдегі жағдай...

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен. Бүгінгі...

18 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Жауын-шашын, тұман, желдің күшеюі

Бүгін Республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның басқа аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы: кей жерлерде жауын-шашын болады, найзағай, тұман,...

Нұр-Сұлтанда алты көлікті соғып зақымдаған мас жүргізуші қамауға алынды

Нұр-Cұлтан қаласында мас күйде көлік басқарған жүргізуші көлік тұрағында тұрған 6 көлікке зақым келтірді. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Полиция...

Көлгінов Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысына қаражат қайдан бөлінгенін айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада салынып жатқан Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы шаһар басшысы Instagram-дағы парақшасында жазды. «Қалада республика...

Қазақстандық балуан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Талғат Сырбаз Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Құрлықтық бәсекеде 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол финалда өзбекстандық Сирожиддин Хасановпен кездесті. Екеуара...

Өзбек сенаторлары: Ташкенттен Алматыға әуебилеті – 4,7 млн , ал Мәскеуге – 4,2 млн. сум тұрады. Әділдік қайда?

Ташкентке Алматы жақын, жақын да болса, алыс. Салыстырмалы түрде Мәскеу алыс, алыс та болса, жақын. Өйткені, ұшу ұзақтығына, қашықтыққа қарамастан Ташкент-Алматы бағытындағы әуебилеті қымбат....

WhatsApp мессенджері қолданушыларға қиындық тудыра бастайды…

Әлеуметтік желілердегі шексіз еркіндікке тұсау салына бастайтын секілді. Мәселен, танымал WhatsApp мессенджері енді өз қолданушыларына жаңа ереже ұсына бастайтын болды. Яғни, 2021 жылдың 15 мамырынан...

Алматыдағы «аждаһа» қиратылып тасталды…

«Бүгін таңертең Алматы қаласындағы Құрманғазы-Достық көшелерінің қиылысында бұрынғы ресторанның қасбетіне орнатылған белгілі суретші Владимира Твердохлебовтың «Аждаһа» («Дракон») атты мозаикасы қиратылып тасталған», − деп хабарлайды...

Қостанай облысында «Nur Otan» партиясы қоғамдық кеңестерінің құрамы бекітілді

14 сәуірде «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасы, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен  «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы саяси кеңесі Бюросының...

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын қоғамдық кеңестер бақылайды

«Nur Otan» партиясы СҚОФ Саяси кеңес Бюросының отырысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының бағыттарын іске асыру жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы...

22 жастағы елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды

Нұр-Сұлтан қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды. Елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды. Қайғылы жағдай туралы Telegram-дағы Astanovka 98 каналы...

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан 12 қоғамдық кеңес құрылды

Маңғыстау облысының әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы С.Трұмовтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Бюро отырысында үш мәселе қаралды....

Жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін тапты

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Nur Otan» партиясының аудандық филиалына аудан тұрғыны айлық табысы күн көріс деңгейінен артылмайтынын, қазіргі кезде баласы да жұмыссыз екенін айтып,...

Партияға өтініш білдірген аз қамтылған отбасына баспана берілді

"Nur Otan" партиясының Мойынқұм аудандық филиалына аудан тұрғыны өтініш білдірген. Өз өтінішінде жалғызбасты әке 3 бала асырап отырғанын, қолында ата-анасы бар екенін айтып, баспанамен...

«Онда тұрған ештеңе жоқ». Африкада аң аулап жүрген қазақ өз әрекетін түсіндірді (видео)

Африкада мылтықпен аң аулап жүрген қазақстандықтардың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қызу талқыланған болатын. Батыр Сейкенов есімді қазақстандық азамат өз әрекетін түсіндіріп, видеоүндеу жасады....

Шығыс Қазақстанда жоғалған 5 жасар бала табылды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жоғалған 5 жасар баланы тауып, ата-анасына қайтарды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 сәуір күні сағат 16:30 шамасында Глубокое...

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (20-7-1) келесі жекпе-жегіне дайындықтың басталғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz. «Ресми! Біз келесі кездесуге дайындықты бастадық! Күні мен орнын жақын арада хабарлаймыз...

Ресейлік сериал кейіпкері: «Қазақтар бізге тас атты ма десек, ас атыпты ғой»

Әлеуметтік желіде ресейлік сериалдан үзінді таралып, қызу талқылануда. Онда сериал кейіпкері, орыс әйел жанындағы құрбысына Алжир лагері жайлы әңгімелейді. «Сен Алжир жайлы естіп пе едің? Ол...

Алматы облысында табытқа әйелдің фотосын салып кеткен күдікті табылды (видео)

Алматы облысында әйелдің фотосы салынған шағын табыт табылды. Әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыланып жатқан жағдайды қазір облыстық полиция департаменті тергеу үстінде. Табыт ішіндегі фотода бейнеленген...

Жамбыл облысында жоғалған әйелді іздеген құтқарушының өзі табылмай жатыр

Жамбыл облысында екі айдан бері із-түссіз жоғалып кеткен Гүлдана Санақбайды Тасөткел су қоймасынан іздеп жатқан сүңгуірдің өзі он төрт күннен бері табылмай жатыр. Бұл...

Елорда тұрғыны «BMW X5» автокөлігімен 4 жасар баланы қағып, мерт қылды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны «BMW X5» көлігімен 4 жасар сәбиді қағып, мерт қылды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. «16 сәуір күні сағат 19.21-де 102...

«Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар көліктің иесі халықтан кешірім сұрады (видео)

Нұр-Сұлтан қаласында көлігінде «Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көлік бүгін...

Целиноград ауданында су тарифі төмендетілді

ҚР "Табиғи монополиялар туралы" Заңына сәйкес "Целиноград Су Арнасы" ШЖҚ МКК-ы Жаңа жол, Приречный, Шұбар, Жайнақ, Қызылсуат (Қызылсуат 1 және Қызылсуат 2), Қаратомар, Талапкер...

Африкада аң аулап жүрген қазақтардың видеосы елдің ашуына тиді (видео)

Әлеуметтік желіде "Қазақтар Африкада да аң аулап жүр" деген тақырыпта видео тарады. Видеода екі қазақ азамат және басқа да шетелдік аңшылар жираф атып алғаны...

Әлемдік паспорт индексі бойынша Қазақстан қай деңгейде?

«The Henley Passport Index» әлемдік мемлекет азаматтарының төлқұжат рейтингін жариялады. Онда Қазақстан 69 орында тұр. Азаматтардың жүріп-тұру еркіндігіне негізделген елдер классификатор болып табылатын атаулы компания...

Африкада аштық пен ауру қаупі төніп тұр

Африкада 100 миллионнан астам адам азыққа зәру. Бұл туралы Түркияның ТРТ арнасы мәлімдеді. Мәліметке сәйкес, Африкада 100 миллионнан астам адам «апат деңгейінде» азық тапшылығына ұшырап...

Балқаш қаласы маңында ұшақ құлады

Балқаш қаласының авиациялық оқу орталығында СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада 2021 жылғы 16 сәуірде сағат...

Елордада 600 мың тұрғын вакцина алса, вирусты жұқтыру қаупі болмайды

Қазір бізде 49 мың адам бірінші компонентпен вакцинацияланды. Осылайша 50 мың адам 1 мамырға дейін иммундалған болады, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми...

Шымкенте дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған сәбиді аман алып қалды

Шымкент қаласында дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған үш айлық сәбидің жанын сақтап қалды,-деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Тыныс алу жолдарына әлдене тұрып қалған сәби ауруханаға жеткізілген. Сәбиді...

Партия бағдарламасының сапалы орындалуын жастар да бақылай алады

Павлодарда «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының 12 бағыты бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. 16 сәуірде өткен «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы Саяси...

Елімізден екі айдың ішінде 3,4 мың адам біржола көшіп кеткен

2021 жылғы қаңтар-ақпанның қорытындысы бойынша елімізге 1398 адам келіп, 3422 адам біржола көшіп кеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметі органдарына сілтеме жасап...

Мархабат Байғұт: Елге қызмет етсем дейтін азаматтар қатарға қосылды

– Өте-мөте өркениетті, аса алпауыт саналатын Америка Құрама Штаттарында баяғы замандарда саяси партиялар бірталай болған көрінеді. Осы жағдайды онша жақтырмаған жалғыз жазушы Марк Твен:...

Қоғамдық кеңестер бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуын қадағаламақ

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен облыстық партия филиалының Саяси кеңесінің Бюро отырысы өтті. Отырыс барысында «Nur Otan»...

«Nur Otan» партиясы жанындағы Жас депутаттар корпусын Елнұр Бейсенбаев басқарады

«Nur Otan» партиясында Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың 600 жас депутатынан тұратын Корпус құрылды. Нұротандық жас депутаттар жастарды қолдау және заң шығару процесінде олардың...

Елімізде екі әуежай уақытша жабылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі әуежайларды дамыту және жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. Кеңесте Шымкент, Орал, Өскемен, Үржар және Үшарал қалаларындағы...

Оңдасын Оразалин: Қоғамдық кеңесте жастарға басымдық берілуі тиіс

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысында Өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Отырыс барысында...

Ұстаз бақыты – шыңдаған шәкірті

Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – ұстаз. «Ұстаз» ұғымы ұлтымыз үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие...

Алматыдағы көпқабатты үйдің тұрғындары Қайрат Нұртастың үстінен шағым түсірді

Әнші Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды. Бұл жолы әнші Алматыдағы тұрғын үй кешенінің паркингінде бөтен орындарды иеленген, - деп хабарлайды zakon.kz. Zakon.kz сайтының редакциясына...

86 жастағы Қарағанды тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина алды

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінің тұрғыны Қанат Жұмашұлы өз өңірінде алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы екпе алған. Ақсақал өзін және жақындарын індеттен...

Қарағандыда қоғамдық кеңестердің құрамы бекітілді

"Nur Otan" партиясының Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысында сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ететін өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Онлайн-режимде...

Мешіт терезесін сындырып, садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта...