Бұрысы қалып, дұрысын алсақ... немесе шетелдегі отандастарын ресей қалай қолдайды?

Бұрысы қалып, дұрысын алсақ... немесе шетелдегі отандастарын ресей қалай қолдайды?

Бұрысы қалып, дұрысын алсақ... немесе шетелдегі отандастарын ресей қалай қолдайды?
ашық дереккөзі
Қазіргі халықаралық аренадағы елдердің жағдайы тек олардың экономикалық, әскери және ғылыми ресурстарымен ғана шектелмейді. Ақпараттық және мәдени ықпал ету арқылы өз мүдделерін іске асыру құралы ретінде «жұмсақ күштің» мәні де артып келеді. Серпінді өзгермелі және тұрақты көші-қон процесі «әлемдік маңызы бар мәселеге» айналды, бұл ретте әрбір ел осы проблемаларды өзінше шешеді. Мұндай жағдайларда кез келген мемлекетке халықаралық тәжірибені ескере отырып, осы саладағы проблемаларды шешудің қолда бар жеке тәжірибесі негізінде репатриацияның тиімді жүйесін құру маңызды. ТМД елдері арасында шетелдегі отан­дас­тарды мемлекеттік қолдау мә­селелері бойын­ша тиімді тәжіри­бе Ресей Феде­ра­ция­­сында да бар. Оның диаспоралық сая­сатты ғана емес, елге ерікті қоныс аудару сая­сатын жүзеге асыруға, сондай-ақ ре­­патрианттарды ықпалдастыруға мүм­кіндік беретін қуатты құ­қық­тық база, мем­лекеттік құрылымдар мен қаржыландыру көз­дері бар. Бү­гінде Ре­сей Федерациясының шет­елдегі отан­дас­тарды мем­ле­кет­тік қолдау және репат­риант­тарды біріктіру мәселе­леріндегі ар­тық­шы­лығы мол. Мысалы, жыл сайын екі жүз мың­нан астам адам (оның ішін­­де жүз мың­нан ас­тамы бұрын­ғы отан­дастар) Ресей аза­мат­ты­ғын ала­ды. Жақында азаматтық туралы заң­ға ен­гізіл­ген «қос азаматтыққа» қа­тысты жеңіл­дік­­тер – бұл ресей­лік­тердің шетелдік отан­­дастарды мем­лекеттік қолдауға ба­ғыт­таған тағы бір маңыз­ды қадамы. Сонымен қатар 2020 жылғы 12 ма­мыр­да Ресей президентінің №322 «Шетелде тұра­­тын отан­­дас­тар­дың Ресей Феде­ра­ция­сына өз ер­кі­мен қоныс аударуына ықпал ету жө­нін­дегі мем­лекеттік бағдар­ла­­маны іске асы­рудың кей­бір мә­селелері туралы» Жар­лығы қа­был­дан­ды, ол 2020 жылғы 1 шілдеден бас­тап күшіне енді. Құжат қоныс аудару бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізеді. Ресей тәжірибесін зерделеу мақ­сатында «Отан­дастар қоры» КЕАҚ өкілдері Ресейдің шет­­елдегі отан­дастарды мемлекеттік қол­дау са­ла­­с­ындағы құқықтық базасына тал­дау жүр­гізіп, мемлекеттік орган­дар мен ком­мер­ция­лық емес ұйым­дардың қыз­ме­тін зерттеді. Ресейдің әрбір субъектісінде фе­­дерал­дық мемлекеттік бағдар­ла­ма негізінде аймақтық ерек­шелік­тер­ді ескере отырып, өздерінің ай­мақ­­тық қоныс аудару бағдар­ла­ма­лары қабыл­данған. Шетелде тұратын отандастарды Ресейге ерік­ті түрде көшіруді қолдау – демогра­фия­лық проблеманы шешудің басым бағытта­ры­ның бірі. Егер ресейлік заңнама мемле­кет­тік билік органдарына отандастарын ерік­ті түрде көшіруді қолдау міндетін жүк­тесе, онда оларды қолдаудың Мемлекеттік бағ­дарламасы Ресей халқының санын тұрақ­тандыруға бағытталған шаралар жүйесін толықтырады. Отандастарын қолдау шараларының мем­лекеттік жүйесіне қоса, ресейлік заңнама олар­дың шаруашылық жүргізуші су­бъек­тіле­рі­мен ресейлік тұлғалардың ынтымақ­тас­ты­ғын ынталандырады, бірлескен бизнес құ­руға, отандастарының ресейлік экономикаға инвестицияларға қатысуына ықпал етеді, өзара тиімді кооперацияны дамытуды кө­тер­мелейді. Шетелде тұратын орыстардың Ресейге ерік­ті түрде қоныс аударуын қолдау жө­нін­дегі Мемлекеттік бағдарламаның қаты­су­шысы және оның отбасы мүшелері қоныс­та­натын жерін ескере отырып, федералдық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік кепілдіктер мен әлеуметтік қолдау алуға құқылы, оның ішінде жол жүру ақысын және жеке заттарын тасымалдауды қоса алғанда, болашақ тұратын жеріне көшуге арналған шы­ғыстарды өтеуге, Ресей аумағында қоныс аударушылардың құқықтық мәртебесін анықтайтын құжаттарды ресімдеу үшін мемлекеттік бажды төлеуге байланысты шы­ғындарды өтеуге, көтерме жәрдемақы алуға, Ресей азаматтығын алғанға дейінгі ке­зең­де Ресей заңнамасымен тыйым салын­баған еңбек, кәсіпкерлік және басқа да қыз­меттен түскен табыс болмаған жағдайда ай сайынғы жәрдемақыны алуға (бірақ 6 айдан артық емес) құқылы. Бұл ретте жәрдемақы мөл­шері Ресейдің тиісті субъектісінде бел­гіленген ең төменгі күнкөріс деңгейін ескере отырып анықталады. Көтерме жәрдемақы бұл бағдарламаға қа­тысушыларды орналастыру үшін көш­кен­нен кейін бағдарламаға қа­тысушыларға жә­не олардың отбасы мүшелеріне берілетін ақ­шалай төлемдер ретінде айқындалады. К­өтерме төлемдер екі кезеңде және Ресей Фе­дерациясының қай өңірі қоныс аудару үшін таңдалғанына байланысты жүргі­зіле­тінін атап өткен жөн (қоныстанудың басым ау­мақтары немесе қоныстанудың басым ау­мақтарына жатпайтын аумақтар). Аза­мат­тықты алу процесін жеңілдету қолдаудың не­гізгі түрі болып саналады. Шетелдегі орыстардың мәселелерін рет­тейтін осындай тұтас және қуатты базамен са­лыстырғанда, репатрианттарды қолдау­дың қазақстандық кемшіліктері біршама алаңдаушылық тудырады. «Оралман» мәртебесін алған (ҚР «Ха­лық­тың көші-қоны туралы» заңының 1-бабының 13-тармағы), Қазақстанға қоныс аударатын этникалық қазақ қандай құқықтарға ие бола алатынын анықтап көрейік (миграциялық актіде «оралман» деген ұғым әзірше қалды­рыл­ған). Біздің заңнамада оралман мәрте­бе­сін алған этникалық қазақтарға мате­риал­дық көмек түрлерін анықтау үшін алдымен нақтылап құқықтық актілер кешенін зерттеу қажет: «Халықтың көші-қоны туралы», «Мем­лекеттік атаулы әлеуметтік көмек тура­лы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Бі­лім туралы», «ҚР зейнетақымен қамсыз­дандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақ­тандыру туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңдары, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі, Жер кодексі және т.б. Содан кейін түрлі мем­ле­кеттік бағдарламалар мен заңға негіз­дел­ген актілерді табу қажет. Мемлекеттік құрылымдардың ресми сайт­тарындағы құқықтық ақпарат нақты бола бермейді. Мысалы, Электрондық үкімет сайтында «Қазақстандағы оралмандар: көмек, жеңілдіктер, бейімдеу» («Оралманы в Казахстане: помощь, льготы, адаптация») деген мақалада: «Оралмандар мен қоныс ау­дарушыларды қабылдаудың өңірлік кво­тасына енгізілген отбасыларға өнімді жұ­мыспен қамтуды және жаппай кәсіп­кер­лікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде субсидиялар (ма­териалдық көмек) беру түрінде мемлекеттік қол­дау шарасы көрсетіледі: көшуге – от­ба­сының әрбір мүшесіне 35 АЕК-тен біржолғы төлем; тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығындарды жабу үшін 15-тен 30 АЕК-ке дейін 12 ай ішінде отбасына ай сайын тө­ленеді» деп жазылған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жап­пай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын талдау бұл сомаға Қазақстанға қоныс аударатын бар­лық этникалық қазақтар емес, тек «Ең­бек» бағдарламасына қатысушылар ғана үміт­кер болуға құқылы екенін көрсетті. Бұл шетелдік отандастарға кеңес беру ке­зінде «оралман» мәртебесін «қоныс ау­дару­шы» мәртебесімен шатастыруға бол­май­тынын, бұл мүлдем екі түрлі құқықтық мәртебелер екенін білдіреді. Мәселен, оралман – бұрын Қазақстан азаматтығында бол­маған, тарихи Отанына келген және ха­лықтың көші-қоны туралы заңында бел­гіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этни­калық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері. Қоныс аударушы – Қазақстан Үкіметі айқындаған өңірлерге қо­ныс аударатын ішкі көшіп-қонушы. Мүм­кін, мұндай жағдайда халықтың көші-қоны туралы заңында қандастар мен қоныс ауда­ру­шылардың санаттарын жеке-жеке қарас­тырған жөн болар. Бүгінгі таңда оралман мәртебесін алған этникалық қазақ қандай материалдық қолдау алуға құқылы екенін нақты анықтауға қазақстандық заңнама мүмкіндік бермейді. Халықтың көші-қоны туралы заңының 23-бабының 4-2-тармағын­да қандастарды қабылдаудың өңірлік кво­тасына енгізілген оралмандарға және олар­дың отбасы мүшелеріне «Еңбек» бағдар­ла­масына қатысушыларға көзделетін мемле­кет­тік қолдау шаралары ұсынылады деп бе­кітілген. Бағдарлама оралмандар мен қо­ныс аударушылар үшін сараланған тәсілді анық­тамайды. Қазақстан облыстары, оның ішінде Қа­зақ­стан Үкіметі қандастарды қоныстандыру үшін белгілеген өңірлер әкімдіктерінің сайттарын талдау шетелдегі отандастарды, алдымен қандастарды, мемлекеттік қолдау ту­ралы ақпараттың, сонымен қатар орал­мандарға төленетін төлемдердің мөлшері ту­ралы ешқандай ақпараттың жоғын анық­тады. Аймақтық бағдарламалармен жұмыс іс­теудің ресейлік тәжірибесінің артықшы­лығы бар, өйткені нақты соманы көрсете оты­рып, қоныс аударушыларға материалдық өте­мақы төлеу, жұмысқа орналасуға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, отбасыларды тұр­ғын үймен қамтамасыз ету, қоныс ау­дарушыларға кемінде алты ай мерзімге уа­қытша тұру үшін тұрғын үй бөлу, әлеуметтік қам­сыздандыру және медициналық көмек көр­сету, зейнетақымен қамсыздандыру, сон­дай-ақ жер беру мәселелері аймақтық қоныс аудару бағдарламалары деңгейінде шешіледі. Тіпті, ерікті және мәжбүрлі қоныс ау­дару­шылар Ресейдің әлеуметтік жағдайы тө­мен отбасыларына қатысты федералды жә­не аймақтық заңнамасында қарас­ты­рылған барлық жеңілдіктер мен жәрдема­қы­ларды талап ете алады. Ресейдегі шетелдік отандастарды мемлекеттік қолдаудың бұл шаралары тиімді, ерікті қоныс аудару бағ­дар­ламасына кіретін адамдардың қоныс ау­даруының белсенді процесіне ықпал етеді. Бұл жұмысқа айтарлықтай үлесті элект­рон­дық ресурстар қосады. Ресейде Германиядағы сияқты шетелдегі отандастарды мемлекеттік қолдау жөніндегі негізгі жұмысты мемлекеттік құрылымдар жүзеге асырады. Сонымен қатар федералдық заң­нама шеңберінде отандастар мен олар­дың қоғамдық бірлестіктерін қолдау мақ­сатында жұмыс атқаратын қоғамдық ұйым­дар да құрылады. Мұндай ұйымдардың қыз­­­­меті шетелдегі отандастармен жұмыс іс­­теуге елеулі үлес қосады. Олардың кей­бірі­не тоқталайық. Шетелдегі репатрианттармен және отан­дастармен жұмыс ауқымы туралы келесі мәліметтер бойынша айтуға болады: «Рос­сотрудничество» әлемнің 33 елінде 478 ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасайды; шет елдерде 50 ҮЕҰ, 2 филиалы бар; 70 Халықаралық іскер­лік кеңес; 105 елмен байланыс жөніндегі 77 депутаттық топ, шетел парламенттеріндегі 68 топ; 77 елдегі 180 қала мен 820 серіктес қа­лалар бар; 25-30 млн отандасты біріктіреді, 92 ұлттық үйлестіру кеңесі құрылды; әлем­нің 173 елінде; орыс тілі мамандарының 422 ұлттық бірлестігі бар, онда 66 елден 110 мың оқытушы жұмыс істейді; 70 елден 50 000 адамды біріктіретін 87 достық қоғамы құ­рыл­ды; 1 млн адамнан астам аудиторияны бірік­­тіретін 80 елден 1000 орыс тілді бұ­қаралық ақпарат құралдары ынты­мақ­тасады. Бұл ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын өзінің ауқымымен таң қалдыратын қуатты ақпараттық элек­трон­дық ресурстар толықтырады. Қазақстанда осыған ұқсас функциялар «Отан­дастар қоры» КЕАҚ-на жүктелген, бі­рақ «Россотрудничество» Федералдық агент­тігі­нің мүмкіндіктерін «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның мүмкіндіктерімен салыстыру қиын. Біріншіден, ресейлік агенттік Ресей Фе­дерациясы Үкіметінің құрамына кіреді жә­не Ресей Федерациясының Президентіне ті­келей бағынады, екіншіден, агенттік то­лы­ғымен федералды бюджет есебінен қар­жы­ландырылады, үшіншіден, қызметкерлердің кәсіби аппараты бар, төртіншіден, шетелдік филиалдар мен өкілдіктердің әсерлі желісі бар. «Отандастар қоры» КЕАҚ, біріншіден, екі ми­нистрлік құрған коммерциялық емес ұйым (ҚР СІМ және ҚР АҚДМ, барлығына мә­лім, «жеті күтушінің балаға қарайтын уа­қы­ты жоқ»), екіншіден, оның жобаларындағы бюд­жеттік құрам бірнеше ондаған есе аз, үшін­шіден, кадрлық құрамды қалып­тас­тыру­дың кәсіби талаптары жоқ, төртіншіден, шет­елдік филиалдар мен өкілдіктер туралы айту қиын, себебі бұл ұйымның құқықтық мәр­тебесі қазақстандық заңнамада анық­талмаған. Шетелдегі отандастармен тиімді жұ­мыс­ты ұйымдастыру үшін қор осы күндері сәтті қыз­мет етіп жатқан шет елдерде орыстілді адво­каттар Қауымдастығын құруға бастама жа­сады, бұл біздің әріптестеріміздің жұ­мы­сына шын мәнінде ерекше. Шетелдегі отан­дастарды мемлекеттік қолдаудың ресейлік тә­жірибесі Қазақстан үшін осы саладағы заң­намалық база мен мемлекеттік бағдар­ла­ма­ны әзірлеу мәселелері бойынша өте құн­ды. Шет елдердің тәжірибесін зерттеу жұ­мыстың көптеген қызықты және пайдалы ас­пектілерін білуге мүмкіндік береді, бірақ бұл тәжірибені қолдану, әрине, елдің саяси, эко­номикалық, тарихи, мәдени дамуының ұлт­тық ерекшеліктерін ескеруде теңгерімді көз­қарасты талап етеді. Бұл мақаланы жазудағы мақсат – басқа елдер­дің тәжірибесін толық көшіруге үндеу емес, бірақ шетелдік отандастарды мем­ле­кет­тік қолдау саласындағы жұмыстың кей­бір ұтымды тұстарына мұқият көңіл бөлу әр­қашан пайдалы. Сонымен, шетелдегі отандастарды мем­лекеттік қолдау саласындағы ресейлік тә­жі­ри­бені зерделеу Қазақстанда осы бағыттағы жұ­мыстың мынадай аспектілеріне назар ау­даруға мүмкіндік береді: бүгінгі күнге дейін шетелде тұратын этникалық қазақтар мен басқа да отандастарды заңнамалық қол­дау мәселелері шешілмей отыр, отан­дас­тар­дың Қазақстанға өз еркімен қоныс аударуын ын­таландыратын мемлекеттік бағдарлама жоқ; бүгін ең бастысы – Қазақстанға тек заң актісі мен мемлекеттік бағдарлама ғана емес, бүкіл әлем қазақтарын тарихи Отан ай­на­ласында шоғырландыру, репатрианттарды қабылдау, жайластыру және жұмыспен қам­тамасыз ету жөніндегі мемлекеттік сая­сат­тың негізгі тәсілдері мен пайымын білдіретін құ­жаттар қажет. Қазақстанға тарихи Ота­нында қалу және өмір сүру ниетімен келген эт­никалық қазақтарға бағытталған көші-қон заңнамасы ережелерінің тиімділігі тө­мен деңгейде. Қазіргі уақытта «Халықтың көші-қоны ту­ралы» Қазақстан заңының ережелері қол­даныстағы заңнамаға айтарлықтай қайшы ке­леді (заң бойынша олар оралмандар, 23-бап­та сілтеме жасалған басқа актілер бойын­ша – қандастар), бұл «Қазақстан Рес­публикасының кейбір заңнамалық акті­ле­ріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстанның 2020 жылғы 13 мамырдағы № 327-VI заңының қабыл­дануы­на байланысты, оған сәйкес 9 кодекс пен 21 заңның мәтіні бойынша «оралман» термині «қандас» терминімен ауыстырылды, осы актілердің арасында көші-қоны туралы заң да бар, бірақ соңғы актіде өзгерістердің күшіне енуі кейінге қалдырылған; қолдау ша­раларын «Халықтың көші-қоны туралы» Қа­зақстан Республикасы заңының 23-ба­бында көрсетілгендей, заңнамада сілтеме нор­малар арқылы қарапайым атап өту жет­кіліксіз; нормалары шетелдегі отандастарды, оның ішінде этникалық қазақтарды мем­лекеттік қолдау мәселелерін заңнамалық түр­де бекітетін арнайы акт қажет; қоныс ау­дарушылардың (ішкі және этникалық қа­зақтардың) санаттарын шатастырмау үшін «Ха­лықтың көші-қоны туралы» Қазақстан заңында оралмандар мен қоныс аудару­шы­лардың санаттарын жеке-жеке қарастырған жөн; «Отандастар қоры» КЕАҚ-на шет елдер­дегі этникалық қазақтардың құқықтарын қор­ғауды қамтамасыз ету мүмкіндігі бар ад­вокаттар қауымдастығын құру туралы мә­селені көтеру ұсынылады; Қазақстан об­лыстары, оның ішінде Қазақстан Үкіметі орал­мандарды қоныстандыру үшін айқын­даған өңір әкімдіктерінің сайттарын тал­дауға сүйене отырып, облыстық әкімдіктерге өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру кезінде шетелдік отандастарды, оның ішінде қандастарды мемлекеттік қолдаудың өңірлік бағдарламаларын қабылдау туралы мәселені көтеру ұсынылады. Мәселен,  шет­елдік отандастарды, оның ішінде қандас­тар­ды мемлекеттік қолдау мәселелерінде Қа­зақ­станның әрбір облысының қаржылық мүм­кіндіктерін айқындауға, Қазақстанға келу­ге тілек білдірген этникалық қазақтар мен өзге де шетелдік отандастардың мате­риалдық көмектің немесе өзге де мемлекеттік қолдаудың нысандары, шарттары мен мөл­шері туралы хабардар болуын сапалы жақ­сар­туға, әрбір облыстың өңірлік бағдар­ла­масына арнайы бөлімдерді енгізу арқылы өңір экономикасына инвестицияларды тар­туға, табысты шетелдік отандастар тара­пынан қайырымдылықты дамытуға ықпал етуге, өсімдік шаруашылығы және мал шаруа­шылығы саласында жұмыс істеуге дайын өңір бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың қажеттілігін анықтауға, ауылдық жерлерде өмір сүруге және жұмыс істеуге, ауылдық медицинаға, білім беруге, қызмет көрсету саласына үлес қосуға дайын этникалық қазақтар үшін өңірлік қолдау шараларын айқындауға, қа­зақ диаспорасымен жұмыс істеуде көмек көр­сетуге дайын өңірдің табысты қазақ­стандық кәсіпкерлері қатарынан меценаттар мен қайырымдылық жасаушылардың дерек­қорын жасауға, мемлекет пен қоғам шетелдік отандастар мен репатрианттарды мемле­кет­тік қолдау саясатын іске асыруға бюджеттен қандай қаражат жұмсалатыны туралы нақты ақпаратқа ие болуына, жалпы Қазақстан бойын­ша шетелдегі отандастарды және репат­рианттарды мемлекеттік қолдау тура­лы бірыңғай деректер базасын қалыптас­тыру­ға мүмкіндік береді.  

Светлана ЖАРКЕНОВА,

заң ғылымдарының кандидаты, сарапшы