Эпидемиологиялық ахуалы жақсы ауылдарда оқушылар мектепке барып білім алады

26 тамыз, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Эпидемиологиялық ахуалы жақсы ауылдарда оқушылар мектепке барып білім алады Білім және ғылым министрлігі эпидемиологиялық ахуалы жақсы шалғай ауыл оқушылары мектепке барып білім алатынын айтты. «Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы жақсы елдімекендердегі мектептерде мектепалды даярлық, 1-11 сынып оқушылары қалыпты режимде оқи береді. Санитарлық талаптар қатаң сақталады», – деп мәлім етті министрліктен. Егер ата-аналар баласын мектепке жібермейміз деп ұйғарса, онда мектеп балаларды қашықтан оқытады. интернет-платформа, WhatsApp, компьютер, ноутбук, планшет сынды қашықтан оқытуға қолжетімді құрылғылар мен байланыс құралдары болуы тиіс.