Қ.Мәмидің төрағалығымен Еуразиялық қауымдастықтың отырысы өтті
Қ.Мәмидің төрағалығымен Еуразиялық қауымдастықтың отырысы өтті
2020 жылғы 26 тамызда Қазақстан Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қ.Мәмидің төрағалық етуімен конституциялық бақылау органдары Еуразиялық қауымдастығының отырысы өтті. Оған Армения, Беларусь, Әзірбайжан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан конституциялық әділет органдарының өкілдері қатысты.
Қонақ ретінде Конституциялық Сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференцияның Бас хатшысы Шнутс Дюрр мырза қатысты.
Іс-шараны аша отырып, Еуразиялық қауымдастық төрағасы Қ.Мәми осы отырыс алғаш рет онлайн режимде өтіп отырғанын атап өтті. Оған әлі де халықаралық сипаттағы үлкен қауіп төндіріп отырған COVID-19 коронавирустық пандемиясы себеп болып отыр.