Жаңалықтар

Байқоңыр саяхаты ашық

ашық дереккөзі

Байқоңыр саяхаты ашық

Отандық 7 туристік оператор "Байқоңыр" кешеніне тур ұйымдастыру құқығына ие болды. Бұрын "Байқоңыр" айлағының іші қарапайым халыққа беймәлім болса, бүгін де ұшыру айлағы кешеніне туристік сапар ұйымдастыруға болады. Бұл әлемнің жеті кереметінен кем болмайтын алып кешен. «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Азамат Досжановтың қатысуымен өткен брифингте бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндалды.