Алматыда 40 мыңнан астам кәсіпкер жұмысын бастау үшін өтініш берді

26 тамыз, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Алматыда 40 мыңнан астам кәсіпкер жұмысын бастау үшін өтініш берді Мегополисте 40 мыңнан астам кәсіпкер жұмысын бастау үшін infokazakhstan.kz сайтына өтініш берді, – деп хабарлады «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметі. 26 тамыздағы жағдай бойынша Алматы қаласында жұмысын қайта жандандыруға 43 849 өтініш берілді. «Олардың ішінде кеңсе қызметі – 8403, өндірістік кәсіпорындар – 1184, бизнес орталықты жалға алушылар – 3368, базарда орын жалдаушылар – 3785, сауда ойын-сауық орталықтары – 6087», – делінген хабарламада. Еске салайық, ҚР Бас санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47 қаулысына сәйкес жұмысты бастауға рұқсат алу үшін кәсіпкерлік субъектілердің барлығына электронды цифрлық қолтаңба арқылы www.infokazakhstan.kz сайтынан тіркеуден өту қажет.