Жаңалықтар

Қандасымыз Жақсылық Үшкемпіров жайлы еңбек жазып жатқанын айтты

ашық дереккөзі

Қандасымыз Жақсылық Үшкемпіров жайлы еңбек жазып жатқанын айтты

ҚХР Алтай қаласының, Ал­тай аймағының және Моң­ғо­лия­ның Баян-Өлгей, Қоб­да аймақтарының «Құрметті азаматы» айтыскер ақын Ержанат Байқабай («Қимаймын» (2008 жыл), «Жүрекке түскен жол» (2017 жыл) жыр жинақтарының авторы) Қазақтың даңқты балуаны  грек-рим күресінің шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровті жырымен жоқтады. «Алда Жақаңның даталы жетпіс жылдығына орай роман жазып жатырмын. Адам өзіне қатысты жақсы пікірді де көзі тірісінде көрсе жақсы еді. Амал қанша...», – дейді ақын Ержанат Байқабай.