«QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA 25 JYL» коллекциялық монеталары айналымға шықты

«QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA 25 JYL» коллекциялық монеталары айналымға шықты

«QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA 25 JYL» коллекциялық монеталары айналымға шықты
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспары аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2020 жылғы 25 тамызда мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік «QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA 25 JYL» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарды. Монеталарды шығару Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орайластырылған. «QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA 25 JYL» монеталарының сипаттамасы: Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Сол және оң жағында – ұлттық ою-өрнек элементтері. Монеталардың төменгі бөлігінде «100 TEŃGE» жазуы бар. Айналдыра «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазбалар бар. Монеталардың сыртқы жағында (реверсінде) елдің негізгі заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясын бейнелейтін ашылған кітаптың айшықты бейнесі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бар. Жоғары жағында соғылған жылын білдіретін «2020» деген жазба бар. Айналдыра «QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA» және «25 JYL» деген жазбалар бар. [caption id="attachment_115613" align="alignnone" width="748"] width= Мельхиордан жасалған монеталардың бейнесі[/caption] [caption id="attachment_115614" align="alignnone" width="645"] width= Нейзильберден жасалған монеталардың бейнесі[/caption] Техникалық өлшемдері: «Рroof-like» сапалы монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, номиналы 200 теңгелік, таралымы 3000 данада дайындалды. «Uncirculated» сапалы монеталар МНЦ 15-20 МНЦ 15-20 қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, номиналы 100 теңгелік, таралымы 50 000 данада дайындалды. Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Номиналы 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.