Smart TV сіздің әрекетіңізді бақылауы мүмкін
Smart TV сіздің әрекетіңізді бақылауы мүмкін
Ресейдегі «Цифрлық платформа» ұйымының бас директоры Арсений Щелцин «Прайм» агенттігіне берген сұхбатында аудио мүмкіндіктер қазіргі барлық заманауи смарт теледидарларда қол жетімді екендігін айтты. «Дыбыстық функцияларды жақсарту үшін дыбыстық файлдарды өндіруші компанияның серверіне жіберілуі мүмкін. Алайда, американдық құқық қорғаушылардың пікірінше, кейбір елдерде арнайы қызмет өкілдері смарт-теледидар арқылы бүкіл әлемдегі адамдарды бақылау үшін бағдарламалық жасақтаманы пайдаланады. Көптеген үздік технология өндіруші компаниялар өзі шығарға теледидар құрылғыларының қауіпсіздігін қадағалап отырады, бірақ бүгінгі күннің жағдайнда оны барынша қадағалау қиындау, өйткені теледидарды компьютер немесе телефонға қауіп төндірген вирус бұзып кетуі мүмкін», – дейді ол.