Жапонияда аптап ыстықтан қайтыс болғандардың саны артты

Жапонияда аптап ыстықтан қайтыс болғандардың саны артты

Жапонияда аптап ыстықтан қайтыс болғандардың саны артты
ашық дереккөзі
Жапонияда тамыздың басынан бері аномалды ыстықтан қайтыс болғандардың жалпы саны 148-ге жетті. Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап ӨзА хабарлайды. Соңғы жеті күнде Токиода аптап ыстықтың салдарынан 17 адам қайтыс болған. Бұл Жапониядағы жаздың ең ыстық апталығы ретінде тіркелді. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, соңғы аптада қайтыс болғандардың орташа жасы – 40 пен 90 жас аралығындағылар болса да, жалпы қаза болғандардың көпшілігі 70 жастан асқан адамдар. Дүйсенбі күні Хамамацу қаласында температура 41,1 градусқа дейін көтерілген. Бұл екі жыл бұрынғы рекордты дәрежедегі ыстықты қайта жаңартты. Токиода ауа-рауы 35-36 градусқа дейін жеткен. Ел билігі тұрғындарға күн сәулесінен жақсы қорғануды сұрап мәлімдеме жасаған. Жыл сайын Жапонияда аномалды ыстықтан мыңдаған адам жапа шегіп жүздеген азамат қайтыс болады. Өткен жылы елде ыстықтың салдарынан 126 адам көз жұмған.