COVID-19: қайтыс болған дәрігерлердің туысына төлемақы қандай тәртіппен берілуде

COVID-19: қайтыс болған дәрігерлердің туысына төлемақы қандай тәртіппен берілуде

COVID-19: қайтыс болған дәрігерлердің туысына төлемақы қандай тәртіппен берілуде
ашық дереккөзі
Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Covid-19 індетінен қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасына 10 млн теңге сомасында өтемақы төленіп жатқанын айтты. Осы орайда ресми өкіл қайтыс болған медицина қызметкерлерінің туыстарына өтемақыны барынша жедел төлеуді қамтамасыз ету үшін тиісті шешім жасалғанын жеткізді. «Бұл өтемақы қайтыс болған медицина қызметкерінің туысына төленеді, яғни тиісті өтінімді берген жақынына беріледі. Егер мұрагерлікке үміткер басқа туыстары шықса, онда бұл мәселені қарастыру Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында іске асырылады», – деді Б.Қожахметов.