Мюньхендегі атыс
Мюньхендегі атыс
Жұма күні кеште белгісіз біреу Мюнхендегі "Олимпия" ірі сауда орталығының маңында оқ атқан еді. Соңғы мәлімет бойынша, қарулы шабуылдан 10 адам қаза тапқан. Жүздеген адам жарақат алған. Кейін шабуылдаған адам өлтірілді.
БАҚ мюхендік атқыштың аты-жөнін жариялады. Spiegel апталық басылымның мәліметі бойынша, ол - Давид С. Ұлты ирандық, Германияда туып-өскен. Осындай мәліметтерді Telegraph басылымы да жазып отыр. Ер адам қайғылы оқиға болған жерге, яғни сауда орталығына адамдарды алдап шақырған. 18 жастағы жігіт оқиғаға дейін Facebook желісінде шақырту жариялаған екен. Жергілікті уақыт бойынша жұма күні сағат төртте "Олимпия" сауда орталығына келіп, адамдарға қымбат емес бір зат алып беретіндігін айтқан. Алайда шақыртуды ирандық Селина Аким есімді қыздың атынан жариялаған. Ол өзінің жалған парақшасында "Бүгін сағат төртте "Олимпия" сауда орталығындағы "Макдональдсқа" келіңіздер. Мен сіздерге қалағандарыңызды алып беремін, тек аса қымбат болмаса" деген жазба қалдырған. Қыз баланың атынан жарияланған жазбаға 6 адам ұнату белгісін басып, 36 қолданушы бөліскен.
Кездесуге келген адамдар қаза болғандар мен жарақат алғандар қатарында бар. Барлығы Давидті қосқанда 10 адам қаза тапқан.Тергеушілердің пайымдауынша, ирандық атысты діни себептерді басшылыққа ала отырып ұйымдастырған. Бұл туралы немістің ARD телеарнасы хабарлайды. Құқық қорғау органдары оның әкесін жауап алу үшін полицияға жеткізген. Өкінішке қарай, Еуропа мұсылмандарын екі оттың ортасында қалдырған жағдайлар көбейіп келеді.
Қазақстан Президенті Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Жеделхатта Мемлекет басшысының 22 шілдеде Мюнхен қаласында болған қарулы шабуыл салдарынан жазықсыз адамдардың қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны жазылған.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы және жеке өзінің атынан Ангела Меркельге, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ Германия халқына көңіл айтты.