Covid-19: 776 медицина қызметкеріне 2 миллион теңгеден берілді

Covid-19: 776 медицина қызметкеріне 2 миллион теңгеден берілді

Covid-19: 776 медицина қызметкеріне 2 миллион теңгеден берілді
ашық дереккөзі
Коронавируспен күрескен 776 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды. Сондай-ақ МӘСҚ коронавирус ауруының салдарынан қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің туыстарына ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды. Өңірлер бойынша медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Алматы (79), Ақмола (79) облыстарынан, Алматы (74) және Нұр-Сұлтан (69) қалаларынан, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысынан (67) жүргізілді. Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес: коронавирустық инфекция немесе вирустық пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне – 2 млн теңге; COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырғаннан, вирустық пневмониямен ауырып қайтыс болған жағдайда олардың отбасына – 10 млн теңге көлемінде төленеді.