Праймериз-2020: «Nur Otan» алғашқы аптаны қорытындылады

Сондай-ақ!

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Мемлекеттік сыйлық иегерлері белгілі болды

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы, Ақорда хабарлады. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік...

Түркіменстан президенті есірткі жағатын пеш ашты

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадтан солтүстікке қарай 100 шақырым жерден есірткі жағатын жаңа кешен ашты, деп хабарлайды Хроники Туркменистана басылымы. Басылымның хабарлауынша, мұнда орнатылған үш...

Сәкен Майғазиев Қайрат Түнтековке елден кетуге кеңес берді

Сәкен Майғазиев "Егіз лебіз" бағдарламасында қазылық етіп отырып, Қайрат Түнтековтың өнеріне баға берді. "Қайрат, мені білесің ғой. Баяғы 2016 жылы Димаш Құдайбергенге үлкен концертте "шетелге...

Осыдан тура бір апта бұрын елімізде «Nur Otan»-ның партияішілік іріктеуі – праймеризге қатысу үшін өтініштер қабылдау басталды. Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan» праймеризі еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, бұл – Елбасының бастамасымен қолға алынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» партия жұмысын «қайта жандандыру» бағдарламасының қорытынды кезеңдерінің бірі екенін айтқан болатын. Праймериздің негізгі мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауларына партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелес күрес негізінде жаңа көшбасшыларды айқындау.

Партия баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір апта ішінде праймеризге қатысуға 7000-ға жуық адам өтініш берген. Олардың ішінде 34% – әйелдер (100 көпбалалы ана), 24% – 35 жасқа дейінгі жастар, сондай-ақ 51 үміткер – ерекше қажеттілігі бар азамат. Бастауыш партия ұйымдары арқылы 2419 адам ұсынылса, 4496 кандидат – өзін-өзі ұсынғандар.

Солардың бірі – «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» қоғамдық қозғалысының басшысы Жәмилә Садықова. Әлеуметтік желілердегі парақшасында ол өзінің денсаулық сақтау саласындағы білімін азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға пайдалану үшін праймеризге қатысатынын айтты.

«Айтарым ғана емес, атқарсам деген істерім де жетерлік. Өз елімде декларативті емес, нақты, сапалы өзгерістер жасағым келеді. Қазақстандықтардың денсаулығын сақтау үшін темекіге қарсы бастамалар мен шараларды қолға алғаным сияқты бар күш-жігерімді салып жұмыс істеуге, өз үлесімді қосуға дайынмын», – деп жазды Жәмилә Садықова.

Ал алматылық кәсіпкер, қоғам белсендісі Константин Авершин сыбайлас жемқорлық мәселесіне алаңдаушылық білдірді. Оның пікірінше, сыбайлас жемқорлық – денсаулық сақтау немесе білім беру жүйесіндегі кез келген олқылықтың негізгі себебі. Сонымен қатар, ол праймериз – қатаң бәсекелестік негізде ең мықты кандидаттарды іріктеуге жағдай жасайтын ерекше мүмкіндік екенін атап өтті.

«Бастауыш партия ұйымының атынан түсесің бе, әлде өз-өзіңді ұсынасың ба, ол жағы маңызды емес. Дәл қазір ең бастысы – өз қабілетіңді, атқара алатын ісіңді көрсету. «Nur Otan» партиясын қайта жандандыру жүріп жатыр. Бұл жай ғана айтып қоя салу емес, праймеризге жұмыс істеуге және өзгеріс жасауға дайын адамдар қатысады», – деп түйді Константин Авершин.

Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін қалалық ортаны ыңғайлы ету мәселелерін волейболдан Қазақстан паралимпиадалық жастар құрамасының капитаны Серік Есматов көтермек.

«Мен мүмкіндігі шектеулі адаммын, сондықтан өзім сияқты жандардың қандай қиындықтармен ұшырасатынын жақсы білемін. Осы тұрғыдан тек туған қаламдағы емес, бүкіл Қазақстандағы жағдайды жақсартсам деген жоспарым бар», – деді спортшы.

Еріктілер лигасының басшысы Айсұлу Ерниязова өкілдік органдарда жастардың мүддесін білдіруге талпынып отыр. Айсұлудың айтуынша, партияның жастарға сенім артуы, оларға жауапкершілік жүктейді.

«Праймериз – ең алдымен жаңа тарихты жасайтын жігерлі тұлғалар мен жаңа толқын. Мен мұны партияның тактикалық және стратегиялық дұрыс шешімі деп есептеймін. Күрес өте қызықты бәсекелестік жағдайда өтеді. Жас буынның мүддесін көздей отырып, мемлекеттік жастар саясатын басты назарда ұстаймын. Қандай өзгерістердің жастарға керегін және қандай мәселелердің алаңдататынын жақсы білемін», – деді кандидат.

Ал жалғызбасты аналарды қолдау мәселесін Павлодардан келген Жәмилә Ерназарова қолға алмақ.

«Праймеризге қатысудағы мақсатым – павлодарлық отбасыларға, ең алдымен кәмелетке толмаған балалары бар жалғызбасты аналарға одан әрі жүйелі қолдау көрсету», – деді ол.

Танымал шоумен Тұрсынбек Қабатов та праймеризге қызығушылық танытып отыр. Ол Instagram желісіндегі оқырмандарына партияішілік іріктеуге қатысқаным жөн бе деген ой тастап, олардың пікірлерін сұрады. Айта кету керек, Тұрсынбек Қабатов өткен жылдың қараша айынан бері «Nur Otan» партиясының мүшесі. Оның бастамасын көпшілік қолдады.

Билеуші партияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, праймеризге қатысу үшін өтінішті https://primaries.kz/ сайтында «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн жолдауға немесе аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне жеке өтініш беруге болады. Кандидаттарды ұсыну және тіркеу 28 тамызға (қоса есептегенде) дейін жалғасады.

Партия құндылықтарын ұстанатын және сайлау құқығы бар кез келген азамат үміткер бола алады. Ол үшін праймеризге қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін «Nur Otan»-ның қатарына қосылу керек.

Праймериз өткізу, сондай-ақ кандидаттарға ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау мәселелері бойынша «Nur Otan» партиясы 8 (800) 080 4441 арнайы жедел желіні іске қосты.

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Бүгін ауа райы қандай болады – Қазгидромет

Синоптиктер 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. «Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, фронттардың...
Мемлекеттік сыйлық

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу...
Мемлекеттік сыйлық

Мемлекеттік сыйлық иегерлері белгілі болды

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2020 жылғы мемлекеттік сыйлығын...

Түркіменстан президенті есірткі жағатын пеш ашты

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадтан солтүстікке қарай 100 шақырым жерден есірткі жағатын...
Қайрат Түнтеков

Сәкен Майғазиев Қайрат Түнтековке елден кетуге кеңес берді

Сәкен Майғазиев "Егіз лебіз" бағдарламасында қазылық етіп отырып, Қайрат Түнтековтың өнеріне баға...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...