«Дипломмен ауылға!» баратын жастар көбейді

«Дипломмен ауылға!» баратын жастар көбейді

«Дипломмен ауылға!» баратын жастар көбейді
ашық дереккөзі
Биыл оқу жылы қарсаңында Ақмола облысының мектептері мен колледждеріне жұмыс істеуге 200-ге жуық жас маман келді, – деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі. Ақмола облысы білім басқармасының мәліметінше, жыл сайын өңірдің білім ордаларына жұмыс істеуге 900-де астам маман келеді, оның 400-ге жуығы –жастар. Биыл жоғары білімді 128 мұғалім, орта техникалық және кәсіби білімі бар 77 маман жұмысқа қабылданып отыр. Басқарма басшысының орынбасары Валерий Гамазовтың сөзінше, өңірде жас мамандарды ауылға жұмысқа тарту үшін барлық жағдай жасалуда. «130-дан астам жас мұғалім аудандық мектептер мен колледждерге жұмыс істеуге барды. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша соңғы 3 жылдың ішінде ауылдық елдімекендердегі мұғалімдердің қатары көбейді. Облыс бойынша 800 маманға үй сатып алуы үшін несие берілді және 900 мұғалім үстемақы алды», – деп атап өтті Валерий Гамазов. Айталық, биыл 1 маусымдағы деректер бойынша 32 несие беріліп, 119 маманға көтермеақы төленген.