«Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады

«Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады

«Қазгидромет» еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады. 25-26 тамызда Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. 24-26 тамызда оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, күші 16-21 м/с артады. Тараз қаласында 25, 26 тамызда кей уақытта найзағай ойнап, дауыл тұрады. Күндіз 24-26 тамызда оңтүстік-батыс, батыстан жел соғып, жылдамдығы 16-21 м/с күшейеді. 24 тамызда Ақмола облысында таңертең және күндіз найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Көкшетау қаласында күндіз найзағай, түнде және таңертең тұман болжанады. 24 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. 24 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Жекелеген аумақтарда төтенше өрт қаупі сақталады. 24 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, тұман болжанады. Петропавл қаласында күндіз найзағай күтіледі. 24 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында күндіз 24 тамызда найзағай болжанады. 24 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады. 24 тамызда Маңғыстау облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жел солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Ақтау қаласында күннің екінші жартысында найзағай болжанады. 24 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік, солтүстік-шығыстан соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.