Фируза Шәріпова IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды

23 тамыз, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Фируза Шәріпова IBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды Қазанда өтіп жатқан кәсіби бокс кешінде қазақстандық Фируза Шәріпова IBA нұсқасы бойынша бірінші орта салмақта Әлем чемпионы атанды, – деп жазды ҚазАқпарат. Ф.Шәріпова (10-1, 5 КО) танзаниялық Хэппи Даудимен (8-6-1, 4 КО) рингке шықты. Х.Доуди бесінші раундта жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша кәсіби боксқа қайта оралған 25 жастағы Ф.Шәріпова қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.