Праймериз-2020: үміткерлер арасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар да бар

Праймериз-2020: үміткерлер арасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар да бар

Праймериз-2020: үміткерлер арасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар да бар
ашық дереккөзі
2020 жылғы 21 тамызда «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаевтың және ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдау мәселелерімен айналысатын ұйым өкілдерінің қатысуымен «Nur Otan» партиясының партияішілік іріктеу – праймеризге арналған ZOOM-конференция өтті. Праймеризге үміткерлер арасында мүмкіндігі шектеулі азаматтар да бар. Конференцияны «Алматы қаласы мүгедектер ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ төрайымы Ләззат Қалтаева жүргізді. «Жергілікті жерлер болсын, орталық болсын, күнделікті өмірде, әр түрлі проблемаларға тап болған және оларды жеңіп шыққан, өмірлік ұстанымы бар азаматтар депутаттар арасында неғұрлым көп болса, шешім қабылдау рецептерін білетін болады. Бұл біздің еліміз үшін пайдалы болатынына сенімдімін», – деді Арман Қырықбаев. Оның айтуынша, праймериз – үлкен мүмкіндік, сондықтан бұл сұраққа байыппен қарау керек. «Nur Otan» партиясы ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне әрқашан көңіл бөледі. Өйткені, партияның ең жоғары құндылықтары – адам және оның құқықтары мен бостандықтары, бұл Саяси доктринада көрсетілген. 2014 жылғы 17 қаңтарда ҚР Тұңғыш Президенті, Партия Төрағасы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан жолы – 2050» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында «Nur Otan» партиясына мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жұмысқа жетекшілік етуді тапсырды. Сол жылы «Кедергісіз келешек» жобасы іске қосылды. «Тең мүмкіндіктер әлемі» мүгедек балалардың ата-аналар қоғамы» ҚБ басшысы Нұргүл Ұлжекова онлайн-конференция барысында ерекше адамдардың өмірін өзгерту мүмкіндігін праймеризден көретінін атап айтты. «Менің партияға деген сенімім «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының жемісті жүзеге асырылуы барысында арта түсті. Өз балама ғана емес, ерекше қалаулары бар мыңдаған балаларға көмектесуге деген аналық ынта-жігерім соңғы 4 жылда инклюзивті спорттық секцияларды тегін өткізуіме себеп болды.  Бүгінгі таңда біздің секцияда мүгедектіктің түрлі формасындағы 150 бала бар, тағы 200-ге жуығы кезекте тұр. Себебі оларды қарапайым спорттық секциялар қабылдамайды. Бұл жүйелі проблемаға айналған. Праймериз арқылы мен осы проблемаға назар аудартып, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың дайын алгоритмін және мүгедектігі бар адамдар арасында бұқаралық спортты дамытуға, сондай-ақ инклюзивті білім беру мен әлеуметтік қорғауға қатысты нормативтік-құқықтық актілерге бірқатар толықтыруларды ұсынғым келді», – деді ол. Нұргүл Ұлжекованың айтуынша, праймеризге қатысу – ел үшін одан да көп пайда әкелудің зор мүмкіндігі. «Біз де адамбыз» ҚБ төрайымы Гүлназ Қосмұрзиева онлайн-конференция барысында халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін қолдау мүмкіндігін праймеризден көріп отырғанын айтты. «14 жылдан астам уақыт бойы мен мүгедектер арбасын пайдаланамын, соған қарамастан, барынша өмір сүруге және қаламыздың мәселелерін шешуге белсенді қатысуға тырысып жүрмін. Мен халықтың әлеуметтік осал топтарының мүдделерін қолдау үшін праймеризге қатысамын. Екінші жағынан, әрқайсымыз жауапкершілікті мойнымызға алып, масылдықпен күресе білуіміз керек. Біз, мүгедектігі бар адамдар, қоғамға пайдалы бола алатынымызды көрсетуіміз қажет. Мұны мен өз мысалымда көрсеткім келеді», – деді Гүлназ Қосмұрзиева. Шымкент қаласының тұрғыны, «Bala times» балалар туралы ақпараттық порталының бас редакторы Жанель Жұмалинова «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысатынын мәлімдеді. «Менің бағдарламам «Инклюзивті еріктілік арқылы инклюзивті қоғам құру» деп аталады. Ол балалардың Қазақстанның толыққанды азаматы болуы үшін өмірдің барлық салаларын қамтиды. Бірақ мен осындай ата-аналардың тұрғын үй мәселесіне қатысты сұрақтарға тоқталғым келеді. Осыдан екі ай бұрын, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың тұрғын үйге қол жетімділігі бойынша зерттеу жүргіздім. Нәтижесінде 2 237 адам қатысты. Өкінішке орай, қатысқан респонденттердің 81%-ның баспанасы жоқ. Мұндай отбасылардың 60%-ы тұрғын үйді жалға алады, ал 25%-ы туыстарымен тұрады. Осыған байланысты нені өзгерткім келеді және ұсынғым келеді? Егер Шымкент қалалық мәслихатының депутаты болсам, бірінші кезекте өңірлік бағдарлама дайындағым келеді», – деді Жанель Жұмалинова. Онлайн кездесу барысында екі жас жігіт праймеризге қатысатынын мәлімдеді. Қарағанды қаласының тұрғыны, «Qamqor plus» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нияз Сүндеталиев «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысу туралы өз шешімін zoom-конференция барысында жария етті. «Мен әріптестерім мен партияластарымның қолдауына сүйене отырып, праймеризге қатысамын деп шешім қабылдадым», – деді Нияз Сүндеталиев. Ақтөбе қаласының тұрғыны, «Пандус-ОК» ЖШС негізін қалаушы және басшысы Шахан Жолдасбаев «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысатынын хабарлады. «Өзгерісті өзімізден бастау керек» – дәл осындай ұранмен «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысамын», – деді ол. Ақмола облысы Бурабай ауданының депутаты Қанат Байбуров праймериз мүгедек адамдардың проблемаларын жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. «Депутаттық корпуста біз сияқты жігіттер болғанын қалаймын. Мен аудандық депутаттық корпусқа екінші мерзім сайландым. Көптеген сұрақтарды іштей зерттедім, көптеген құралдарды ұсындым. Мен үшін праймериз мүгедектігі бар адамдардың мәселелерін неғұрлым кең ауқымда – облыстық деңгейге шығарудың бірегей мүмкіндігі болғанын қалаймын. Біздің депутаттық корпусқа қатысуымыз мүмкін емес ештеңе жоқ екенін көрсетеді. Мұны әрі қарай да өз қызметімді облыс көлемінде жалғастырғым келеді», – деді Қ.Байбуров. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Елбасы, Партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің виедоүндеуінде Nur Otan-ның жақтастарын және партияластарды еліміз үшін маңызды саяси оқиғаға белсене қатысуға шақырды. 17 тамызда еліміздің барлық аймақтарында «Nur Otan» партиясының праймериздеріне кандидаттарды ұсыну және тіркеу басталды. Қазіргі уақытта алты мыңнан астам адам партияішілік іріктеуге қатысуға ниет білдірді. Үгіт-насихатқа дайындалу үшін кандидаттарға 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін 7 күн бөлінеді. 7 қыркүйек пен 3 қазан аралығында кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары, соның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында көпшілікке жария дебаттар өтеді. Дебаттар «Праймериз» арнайы ақпараттық жүйесі арқылы партияның ресми аккаунттарында көрсетіледі.