23-25 тамызда республикалық Абай оқулары өтеді

23-25 тамызда республикалық Абай оқулары өтеді

23-25 тамызда республикалық Абай оқулары өтеді
ашық дереккөзі
23-25 тамыз күндері «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ХХІ Республикалық Абай оқулары өтеді. Онлайн форматта өтетін Абай оқуларының негізгі мақсаты – қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылығын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлы ақындардың поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ережеге сәйкес, Абай оқулары үш кезеңде өткізіледі: аудандық (қалалық), облыстық және республикалық. Абай оқуларының аудандық кезеңіне 13625 оқушы, облыстық кезеңге 1759 оқушы қатысты. Республикалық қорытынды кезеңге 120 оқушы қатысады деп күтілуде. Абай оқуларының республикалық кезеңі 6 номинациядан тұрады:
  1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы.
  2. «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абайдың қара сөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.
  3. «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу.
  4. «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай мен Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындау шеберлігі бағаланады.
  5. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы – оқушылардың өз шығармалары (поэзиялық) бағаланады.
  6. «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа эссе жазу.
Айта кетерлігі, қатысушылар ақындардың барлық шығармаларын жатқа білуі керек. Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Білім және ғылым министрлігінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.