Ерлік Шамғали: Праймериз – партияластар арасындағы бәсеке

Ерлік Шамғали: Праймериз – партияластар арасындағы бәсеке

Ерлік Шамғали: Праймериз – партияластар арасындағы бәсеке
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облыстық Nur Otan партиясының белсенді мүшесі Ерлік Шамғали да праймеризге қатысып жатыр. Белсенді азаматтың өзімен сөйлесіп, праймеризге қатысты пікірін білген едік. Ерлік ШАМҒАЛИ, праймеризге қатысушы: – Nur Otan партиясының белсенді мүшесі ретінде праймеризге қатысу – мен үшін үлкен мүмкіндік. Бұл мүмкіндікті пайдалана отырып, Еліміздің өркендеуіне, дамуына өз үлесімді идеяларымды қосу басты мақсатым. Партияішілік іріктеуде ел сенімін ақтайтын, нағыз іскер, ел болашағын жақсарту жолында мемлекетіміздің ертеңіне зор үлес қосуға және жаңашылдықпен жұмыс істеуге және де толағай жұмыс атқаруға қабілетті жастарды праймеризге қатысуға шақырамын. Бүгінде білімді, еңбекқор көк туымызды желбіретіп, ел мерейін асқақтатар жас ұрпақтың жарқын болашағына жұлдызды жол салатын мүмкіндік осы. Сондықтан да «болам деген баланың бетінен қақпа, белін бу» дейді ғой. Жүсіпбек Аймауытовтың «халық біз үшін емес, біз халық үшін туғамыз, олай болса мойынымызда халықтың зор борышы, ауыр жүгі жатыр» деген сөзін айта келе біздерге де білім алып, ізденуге, сол арқылы елге адал қызмет еткім келеді. Праймериз – партияластар арасында шынайы бәсеке болатынына сенімдімін. Өйткені бәсекелестер өз ара бәсекелестік болған кезде ғана шын мықтылар іріктеледі. Шын мықтылар оза шауып аттың ақ төбеліндей бой көрсетіп тұратыны анық. Сондықтан үмітіміз зор, әділ де нағыз тартыс болады деп сенемін.