Праймериздің ашық әрі әділ өтуі халықтың билікке сенімін нығайта түседі

Праймериздің ашық әрі әділ өтуі халықтың билікке сенімін нығайта түседі

Праймериздің ашық әрі әділ өтуі халықтың билікке сенімін нығайта түседі
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясы ел сенімін ақтайтын жаңа көшбасшыларды іріктеу мақсатында партияішілік сайлау өткізуді бастады. Праймериздің ашық және әділ өтуі халықтың билікке деген сенімін нығайта түсері анық. Талдықорған жоғары медициналық колледжінің директоры, дәрігер, медицина ғылымының кандидаты, Алматы облысының Құрметті азаматы Серік Жансеңгіров те праймеризге қатыспақ. Оның айтуынша, праймериз орта жастағы адамдар мен жастардың тең дәрежеде сайлануына мүмкіндік береді. – Праймериз – жастар үшін әлеуметтік лифт. Жастар өзінің пікірін ашық айтып, идеясын еркін жүзеге асырып, еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосқысы келеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда праймериз жастарға жол ашып отыр. Жастар келіп біз салған сара жолды бұзады, жүйені құртады деп алаңдаудың қажеті жоқ. Жастардың билікке келуі арқылы қоғам жақсы өзгерістерге қадам басады,  – дейді Серік Максимұлы. Бүгінде халық праймериз туралы ақпаратқа қаныға бастады. Сайлау учаскесіне барып, бюллетеньге кімді таңдайтынын белгілейтін кезең артта қалды. Ендігі жерде дауыс беруші электронды түрде дауыс беріп, таңдау жасай алады. Кім көп дауысқа ие болса, сол депутаттыққа өтеді. Бұрын өңірдегі әкімдер мәслихатты өз қалауымен жасақтайтын. Ендігі жерде депутаттар жасырын дауыс беру арқылы анықталатындықтан, праймериз әділ өтеді деп ойлаймын. Сондықтан праймеризге қатысамын деп шешім қабылдадым. Қазіргі пандемия жағдайы көпшіліктің медицина саласына деген көзқарасын өзгертті. Ауруханаларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, емдеу мекемелерінің сапалы қызмет көрсетуі сынды өзекті мәселелер өз шешімін күтіп тұр. Медицина саласы қызметкерлерінің жалақысы төмен, жауапкершілігі ауыр екенін де білеміз. Аталған мәселелердің тиімді шешімін табуда қолымнан келген мүмкіндікті жасаймын, – дейді Серік Жансеңгіров. Серік Максимұлы медицина саласынан бөлек, мектеп оқушыларының онлайн оқу сапасына да алаңдаушылық білдіреді. Еліміз бірінші рет бетпе-бет келген қашықтан онлайн оқу балаларымыздың білім дәрежесіне салқынын тигізбей ме деп алаңдайды. Онлайн білімнің сапасы туралы мәселені де күн тәртібіне қоймақ.