Мәриям Әбішева: Ең бастысы – халықтың денсаулығы мен экономиканың тұрақтылығы
Мәриям Әбішева: Ең бастысы – халықтың денсаулығы мен экономиканың тұрақтылығы
– Менің мақсатым мен атқарылатын жұмыстарым облыс орталығындағы экологиялық жағдайды жақсартуға негізделген. Атап айтар болсам, Қопа көлі мен Қылшақты өзенін тазарту, ҚТҚ сұрыптау және өңдеу, ауыз су сапасын жақсарту, энергия ресурстарын үнемдейтін технологияларды енгізу, жастар арасында ғылыми әлеуетті дамыту, ғалымдардың ғылыми, инновациялық жобаларын қолдау, жастар мен халықтың осал топтары арасында бизнесті дамыту әрі қарай тізе беруге болады. Мәриям Әбішеваның айтуынша, қазір экологиялық жағдай үлкен құндылыққа айналды, себебі оған адамдардың денсаулығы мен өмір сүру сапасы тікелей тәуелді. Ал табиғи ресурстар – болашақ ұрпақтарымызға қалдыратын мұра. – Жастар арасындағы кәсіпкерлік пен ғылымды дамыту да – өте маңызды. Жас дарындарымыздың әлемдік деңгейдегі ғылыми жаңалықтар ашып, ірі компанияларда жұмыс істеп жүргенін көру қуантады, осы бағыттағы жұмыстардың да стратегиялық маңызы зор деп есептеймін. Пандемия бізді өмірдің құндылықтарына жаңаша қарауға мәжбүр етті және қазір ең бастысы — адамдардың денсаулығы, экономиканың тұрақтылығы, бизнестің жаңа түрлерін дамыту және әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты.