COVID-19: 729 медицина қызметкері 2 млн теңгеден төлем алды

COVID-19: 729 медицина қызметкері 2 млн теңгеден төлем алды

COVID-19: 729 медицина қызметкері 2 млн теңгеден төлем алды
ашық дереккөзі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 729 медицина қызметкері COVID-19 инфекциясын және пневмонияны жұқтыруына байланысты 2 млн теңге көлемінде төлем алғанын хабарлады. Сондай-ақ, ауру салдарынан қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің туыстарына 10 миллион теңге мөлшерінде жәрдемақы аударылды. Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Алматы (77), Ақмола (75) облыстарынан, Алматы (74) және Нұр-Сұлтан (67) қалаларынан, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысынан (66) жүргізілді.