Үміткерге праймериз ережесін бұзғаны үшін ескерту жасалды

Үміткерге праймериз ережесін бұзғаны үшін ескерту жасалды

Үміткерге праймериз ережесін бұзғаны үшін ескерту жасалды
ашық дереккөзі
Праймериз өткізудегі мақсат – ел сенімін ақтайтын жаңа көшбасшыларды іріктеу. Бұл – партияішілік сайлау. Жастар үшін әлеуметтік лифт. Мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысу – Қазақстанның әрбір азаматы үшін берілген мүмкіндік. Конкурстық іріктеу, жаңа идеялар мен жобаларды іздеу. Еліміз үшін маңызды саяси шараға белсенді азаматтар қатысуға өтініш беріп жатыр. Қазіргі кезеңде праймериздің сапалы өткізілуін қамтамасыз ету, елді хабардар ету өте маңызды. Қоғамда белсенді азаматтар праймеризге қатысу үшін өтініш беріп жатыр. Үміткерлер үшін праймериздің талабы мен ережелері бұған дейін жарияланған болатын. Соған қарамастан, праймеризге ұсыну және тіркеу кезеңінде Қызылорда облысынан кандидат үгіт-насихат жұмысын бастаған. Партияның Қызылорда қалалық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы осы фактіні қарап, кандидатты праймериз өткізу ережесін бұзуға жол бермеу жөнінде ескертті. Партиялық бақылау комитеті праймериздің барлық қатысушыларын праймериз өткізу ережесін қатаң сақтауға және оны өткізудің күнтізбелік кестесін ұстануға шақырады. Айта кетейік, праймеризге қатысу үшін өтінішті primaries.kz сайтында «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы онлайн жолдауға немесе аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне жеке өтініш беруге болады. Кандидаттарды ұсыну және тіркеу 28 тамызға (қоса есептегенде) дейін жалғасады. Үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарына дайындалу үшін 7 күн беріледі – 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін. 7 қыркүйектен 3 қазанға дейін аралықта кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын, оның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында жария пікірсайыстар өтеді. Пікірсайыстар «Праймериз» арнайы ақпараттық жүйесі арқылы өтіп, партияның ресми аккаунттарында таратылады. Осыған байланысты партия Төрағасының тапсырмасы бойынша онлайн-форматта дауыс беру үшін платформа әзірленді. «Праймериз» жүйесі тұрғындармен кері байланысты барынша күшейтуді, жалпы жұртшылықтың пікірлерін ескере отырып, түрлі бастамалар мен заң жобаларын онлайн-талқылау мүмкіндігін көздейді. 1 қазан (00-00) мен 3 қазан (14.00) аралығында мобильді қосымша және арнайы веб-портал арқылы электронды дауыс беруді өткізу жоспарланып отыр. Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Интернет жоқ елдімекендерде осындай сайлау учаскелеріне келіп, қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс беруге болады. Үміткерлердің рейтингі көрсетілген праймериз нәтижелері 5 қазанда жарияланады.