42 500 теңге: 2,3 миллионнан астам қазақстандық біржолғы төлем алды

21 тамыз, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
42 500 теңге: 2,3 миллионнан астам қазақстандық біржолғы төлем алды Карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін 2,3 млн-нан астам қазақстандық біржолғы төлем алды.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21 тамыз сағат 09.00-дегі мәліметі бойынша, шілдеде шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем алуға азаматтардан 2 млн 582 мыңнан астам өтініш келіп түскен. «Төлем мөлшері ең төменгі жалақы көлемі – 42 500 теңгеге тең. Төлемді 2 млн 369,5 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 360,7 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда», – деп хабарлайды министрлік. Жәрдемақы алуға өтінім бірнеше арна арқылы қабылданады. 2 млн 582 мыңнан астам өтінімнің ішінде: Азаматтардың санаттары бөлінісінде: Төлем 2 млн 375,6 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 369,5 мың қазақстандыққа аударылды. Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.