Швейцариядағы қандастар дәрігерлерге арналған стипендия жариялады

21 тамыз, 2020 / Бақытбек ҚАДЫР
ашық дереккөзі
Швейцариядағы қандастар дәрігерлерге арналған стипендия жариялады Швейцариядағы қандастардың «KAZAKH – SWEISS ASSOCIATION BIRLIK» бірлестігі «UNITED FOR HEALTH» стипендиялық бағдарламасын жариялады. Стипендияға Қазақстандағы медицина студенттері, жас дәрігерлер мен өзге де мамандық иелері үміткер бола алады. Пандемия кезінде халық денсаулығын қорғап, алдыңғы шептен көрінген 18 бен 35 жас аралығындағы 45 азаматқа 100 мың теңге көлеміндегі бір реттік қаржылай көмек беріледі. Шәкіртақы волонтерлік, академиялық, ғылыми, кәсіби, қоғамдық әрі волонтерлік іс-әрекеттерді ынталандыруға бағытталады. Қатысушылар еліміздің әр өңірінен анықталады. Өз бетімен өтініш тапсыру үшін: 2020 жылы 31 тамызға дейін өтініштер қабылданып, қыркүйек айында қорытынды нәтиже хабарланады. Сұрақтар бойынша birlikswiss@gmail.com  почтасына хат жазып, біле аласыздар.