«Nur Otan» партиясының депутаты амбулаторияны дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті

18 тамыз, 2020 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының депутаты амбулаторияны дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті Коронавирус пандемиясына байланысты осынау қиын шақтарда көмек қолын созып, халқының ыстық ықыласына бөленіп жүрген азаматтар жетерлік.  Осындай азаматтың бірі - Қармақшы ауданындағы "Тұрмағамбет" ЖШС директоры, «Nur Otan» партиясы аудандық мәслихат депутаты Пірмантаев Нұржан Айдарбекұлы. "Тұрмағамбет" дәрігерлік амбулаториясына дәрі-дәрмектен көмек беруге ниет білдіріп,  1 млн теңге тұратын қажетті дәрі-дәрмектер және медициналық құралдармен қамтамасыз етті.