Студенттер eGov.kz порталы арқылы оқуын ауыстыра алады

Студенттер eGov.kz порталы арқылы оқуын ауыстыра алады

Студенттер eGov.kz порталы арқылы оқуын ауыстыра алады
ашық дереккөзі
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ «Электрондық үкімет» порталында колледждер, арнаулы орта оқу орындар және кәсіптік оқыту орталықтарының студенттері өзін-өзі ауыстыру және қалпына келтіруге электрондық өтініш бере алатын қызмет қолжетімді екенін хабарлайды. EGov.kz порталының «Білім беру» бөліміне онлайн түрде өтініш беру үшін «Білім беру ұйымының түрі бойынша студенттерді ауыстыру және қалпына келтіру» қызметін таңдау керек. Қызметке тапсырыс беру кезінде барлық қажетті жолдарды толтыру қажет. Порталда қажетті құжат көрсетілмеген жағдайда, «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйеде болмауына байланысты пайдаланушы өз бетінше мәліметті қоса алады. Қаржылық қиындықтарға байланысты қалпына келтіру кезінде пайдаланушыға оқу үшін төлем туралы түбіртектің сканерленген көшірмесі қоса берілуі керек. Сұрау салу сәтті өңделгеннен кейін пайдаланушының жеке кабинетіне ауыстыру немесе қалпына келтіру туралы хабарлама немесе құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.