Елбасы Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысының нәтижесін ұсынуды тапсырды

Елбасы Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысының нәтижесін ұсынуды тапсырды

Елбасы Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысының нәтижесін ұсынуды тапсырды
ашық дереккөзі
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдаады. Кездесуде Премьер-министр ел дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, сондай-ақ Жер реформасы жөніндегі комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндады. Мемлекет басшысы жыл соңына дейін бірқатар маңызды міндеттерді шешуді қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. Біріншіден, экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне жол берілмеуі тиіс, ол үшін барлық жағдай жасалған, қажетті қаражаттар бөлінген, жұмыстың тиісті бағыттары анықталған. Екіншіден, астық жинау мен күзгі-қысқы кезеңге дайындық мәселелеріне назар аудару қажет. Сонымен бірге ЭКСПО-2017 көрмесі мен 2017 жылғы қысқы Универсиадаға әзірлікті жалғастыру керек, – деді Қазақстан Президенті. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев елдің одан әрі индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ, Елбасы таяуда Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелерін ұсынуды тапсырып, «Тамыз айының соңында біз Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, алдын ала қорытындыларын жасау және ары қарайғы іс-қимылды айқындау үшін барлық аталған мәселелердің шешімін әзірлеуді сұраймын, – деді. Ал еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы да тұрақты. Еске салайық, өткен Үкімет отырысында 2016 жылдың 6 айы ішіндегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қарастырылған болатын. Атап айтқанда, ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Қазақстан экономикасы оң аймаққа шыққанын мәлім етті. 2016 жылдың қаңтар-маусым айларында 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда ІЖӨ өсімі 0,1% құрады. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, бұл өсімге «Нұрлы жол» және индустриалдық даму мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуы сеп болған. Сонымен қатар  экономиканы қолдауға Үкімет пен ҚР Ұлттық банкінің дағдарысқа қарсы жоспарының жүзеге асырылуы зор ықпалын тигізді. Ел аймақтарында да өсім байқалады. Экономикалық көрсеткіштері бойынша көш басында – Ақмола (6,5%), Оңтүстік Қазақстан (5,3%) Шығыс Қазақстан (4,3%) облыстары. Кездесу соңында жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысының нәтижесін ұсынуды сұраған Елбасы Үкімет басшысына бірқатар тапсырма берді.