Жаңалықтар

Елбасы праймеризге ерекше мән беріп отыр – Бауыржан Байбек

ашық дереккөзі

Елбасы праймеризге ерекше мән беріп отыр – Бауыржан Байбек

Бауыржан Байбек отандық бірқатар саясаттанушылар, сарапшылар, қоғам қайраткерлері және басқа да белсенді қазақстандықтар құрған «Nur Otan» партиясы Жақтастарының лигасымен кездесті. Кездесу барысында тәуелсіз бірлестіктердің, оның ішінде өңірлерден келген 50-ден астам өкілі өз сұрақтарын қойып, «Nur Otan» партиясының праймеризін ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын ортаға салды. ҰҚСК-нің мүшесі, Еуразиялық интеграция институтының басшысы Ерлан Саировтың айтуынша, бүгінде бүкіл әлемде адамдардың түрлі саяси институттарға деген сенімі төмендеп кеткен. «Nur Otan» жаңа және белсенді адамдарға арналған партиялық «әлеуметтік лифттің» нақты тетігін іске қосу арқылы өзінің халықтық партия екенін көрсетіп отыр. «Біз партияға праймериз арқылы түйіткілді мәселелерді ашық айтып, оны шешу жолдарын ұсына алатын қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді, адал және көпшіл адамдардың келгенін қалаймыз. Әрбір орын үшін бәсекелі күрес күтіп тұр. Сондықтан кандидаттар өңірді, ауданды, ауылды дамыту туралы көзқарасын ұсынып, өзіне дауыс беруге сендіруі қажет. «Праймериз» ақпараттық жүйесі онлайн режимінде үгіт-насихат жүргізуге және дауыс беруге мүмкіндік береді. Адамдар бір рет қана басу арқылы саяси процеске қатыса алады», – деп атап өтті партия Төрағасының бірінші орынбасары. Қарағандыдан келген қоғам қайраткері Әлия Садырбаева «Nur Otan» праймеризі бұған дейін оған күмәнмен қараған белсенді азаматтарды партия қатарына тартуға мүмкіндік беретінін айтты.