«Нұр-Сұлтан – Петропавл» жолында күн батареясымен қуаттанатын автономды жол катафоттары сыналды
«Нұр-Сұлтан – Петропавл» жолында күн батареясымен қуаттанатын автономды жол катафоттары сыналды
Тәжірибелік сынақтар өткізілетін жол учаскесі ретінде «Көкшетау қаласы арқылы өтетін 40+100 км Нұр-Сұлтан – Петропавл» А1 ақылы автомобиль жолы таңдалған болатын. Мамандардың айтуынша, күн батареясы арқылы қуаттанатын автономды жол катафоттары түнгі уақыттағы және ауа райының қолайсыздығы кезінде жол жағдайын көру мүмкін емес болған жағдайдағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін жоғарылату үшін қолданылады. Олар – жолдағы таңбалардың көшірмесі. Катафоттар жолдардың қауіпті учаскелерінде жүргізушілердің көңілін аулайды. Ал егер көлік басқарушы жолдағы тұтас сызық таңбасын басса, катафоттар белгілі бір дыбыс шығарады. Бұл өз кезегінде көліктердің қарсы қозғалыс жолағына өту ықтималдығын төмендетуге, көліктердің соқтығысуын немесе көліктердің жыраға түсіп кетуін болдырмауға мүмкіндік береді. IMRAN COMAPNY компаниясының мәліметтерінше, жол катафоттарын 7 жылға дейін пайдалануға болады. Олар салмағы 30 тоннаға дейінгі жүкті көтеруге есептелген. Осы ретте компания аталмыш өнімге 2 жылдық кепілдік береді.