Праймериз-2020: Қоғамда өз ойын ашық жеткізе алатын азаматтар көп – Арғын Орымбаев

Праймериз-2020: Қоғамда өз ойын ашық жеткізе алатын азаматтар көп – Арғын Орымбаев

Праймериз-2020: Қоғамда өз ойын ашық жеткізе алатын азаматтар көп – Арғын Орымбаев
ашық дереккөзі
17 тамыз бен 3 қазан аралығында «Nur Otan» партиясының праймеризі өтеді. Партияның барлық аумақтық филиалдарында кіл мықтыларды анықтайтын саяси додаға құжат қабылдау жұмысы қызып жатыр. Осы орайда, Қазалы аудандық партия филиалына қарасты «ВЧД-6» бастауыш партия ұйымынан ұсынылған үміткер Арғын Орымбаевпен сұхбаттасқан едік. – Арғын Қайырбайұлы, «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысуға ниет білдіріп отырсыз, талабыңыз оң болсын! Бұл бастама туралы қандай пікірдесіз? – Бұл бастама яғни праймериз демократия мен азаматтық қоғамды дамытуға зор серпін беретін нағыз патриоттарды қарапайым халық арасынан табуды мақсат етіп отырған ізгі қадам. Бұл іріктеуге барша қоғам қызығушылық танытып отыр. Оның біреуі өзім. Біздің қоғамда өз ойын ашық жеткізе алатын азаматтар өте көп. Бұл праймериз сондай белсенділерге зор мүмкіндік беріп отыр. – Жұртшылықтың көзқарасында депутат деген ұғым мүлдем бөлек. Мұндай жағдайлармен ұшырасқан боларсыз... – Көш жүре түзеледі. Халықтың депутатқа деген көзқарасы түзелді. Рас, ауыр кезеңдер болды. Қазір шүкір, жағдай жақсарды. Депутат жалақы алмайды, ол – қоғамдық жұмыс.  Депутат деген бұқара мен биліктің арасындағы алтын көпір. Халықтың жанайқайын жеткізуші. Қай жерде не мәселе бар, оның шешілу жолдарына ұсыныс беруші. Міне, нақты осындай анықтама айта аламын. Ұзын сөздің қысқасы, депутат атқарушы органмен елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын шешуге бірлесе атсалысатын тұлға. – Егер осы праймериз арқылы депутат болсаңыз, ел-халыққа қандай бағдарлама ұсынасыз? – Әрине, алдағы уақытта осы бәсекеде сайлаушылардың қолдауына ие болып жатсам, өзімінің берік ұстанатын қағидаларыммен жұмыс жасайтын боламын. Оның ішінде ең алдымен әлеуметтік салаға баса назар аударамын. Атап айтар болсам жұмыссыздық мәселесі, халықтың әлеуметтік осал топтары яғни қарттар, мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы аз қамтылған отбасыларға тұрақты түрде жәрдем беру; елді-мекендердің инфроқұрылымын дамытуға үлес қосу; ауылішілік жолдарды жөндеу және электр жүйелерінің кедергісіз істе болуына ықпал ету т.б. Сенім үрдісінен шығып, құрғақ уәдемен құлаш сермемей, әрбір сөзіме нық сеніммен жауап беру менің азаматтық ұстанымым.