Жаңалықтар

Әйелге неге әлімжеттік жасай береді?

ашық дереккөзі

Әйелге неге әлімжеттік жасай береді?

Әлемді жайлаған індет осыған дейін елеусіз болып келген біраз мәселенің бетін ашты. Карантин жағдайының күшеюімен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық та өрши түсті. Пандемия әлем әйелдерінің үштен бір бөлігін тұрмыстық  зорлық-зомбылық құрбанына айналдырды. Елімізде жыл басынан бері әйе­ліне озбырлық әрекет жасаған «батыр» отағасылар туралы жаға ұстарлық жаңалықтар ел ішін қор­қынышты елестей кезіп кетті. Тамыз айының басында Батыс Қа­зақстан облысында әйелі мен екі қызын өртеп жіберген Серік Ка­фи­зовты сот өмір бойы бас бостан­ды­ғы­нан айыру туралы шешім шы­ғар­ды. Өз әйелі мен қыздарын өртеу үшін адам қаншалықты қатыгез болу керек? Қылмыскердің психи­ка­лық ауытқуы да жоқ болып шық­т­ы. Сонда мұндай өшпен­ділік­тің ас­тарында не жатыр? 2010 жылы Серікке тұрмысқа шыққан марқұм Жадыра ал­ғашқы 5 жылда күйеуіне қатысты еш­қандай шағым айтпаған (мүмкін айт­қысы келмеген). Ал соңғы бес жыл ішінде Жадыраның көрмеген аза­бы қалмаған. Жылдар бойы та­лай құқайды көрген марқұм болған жай­ды ата-анасын уайымдатпау үшін жасырып келген. Осы жылдың ақпан айында Серік Жадыраның ата-анасының үйіне ішімдік ішіп ке­ліп, үйдің есігін бұзып кіріп, ұйық­тап жатқан әйелін шашынан сүй­реп сыртқа алып шығып, ұра бас­таған. Онымен тоқтамай, көлі­гіне отырғызып алып екі сағат бойы электрошокермен азаптаған. Шыдамы мен сабыры таусылған Жа­дыра осы оқиғадан кейін күйеуі­не ажырасатынын айтады. Оны естіг­ен күйеуі анасының көзінше әйеліне «Сені өртеп жіберемін» дей­ді. Иә, күйеуі айтқан сөзін орын­да­ды... Сәуірдің 8-і түні Серік әйелі мен қыздары тұрып жатқан үйге 5 литр жанармай алып барады. Ал 4 сағаттан кейін бір ересек адам мен екі баланың жанып кеткен де­нелері өртенген үйдің қиран­ды­лары астынан табылады. Көрші-қо­лаң үйінді арасында Серіктің де де­не­сі бар деп ойлаған. Алайда ол тірі екен. Көрші ауылға бара жатқан жерінен полицияның қолына тү­седі. Марқұмдарды жер қойнына тапсырғанда ауылда жыла­маған адам қалмаған. Отбасын оп-оңай өлімге қиған қылмыскер өзіне де қол салмақ болған деседі, бірақ жаны тәтті-ақ екен, сүйіп қосылған жары мен өзегін жарып шыққан қыз­дарын өртеген қаскөй өзін өлім­ге қимаған... Өз отбасының түбіне жеткен Серік өмір бойы темір тор­ға қамалды. Бірақ қаскөйдің түр­меге қамалуы Жадыра мен қос қы­зын қайтадан тірілте алмайды. Ажал айла таптырмас дейміз, бірақ осы қайғылы жағдайды болдыр­мау­дың жолы бар ма еді? Неге біз зор­лық-зомбылықтың салдарымен емес, түп-төргі себебімен күрес­пей­міз?