Ресей Түркия бағытын қайта ашты
Ресей Түркия бағытын қайта ашты
Росавиация 22 шілдеден бастап Ресейден Түркияға ұшатын тұрақты рейстерге рұқсат берді. Бұл туралы «Интерфакс» осы мекеменің ресми өкіліне сілтеме жасап хабарлады.
Анкара ресейлік азаматтардың әуежайда және ел аумағында жүрген уақыттағы қауіпсіздігін сақтауға кепілдік бергеннен кейін ғана осындай шешім қабылдағандығы айтылды. Ал бүгіннен бастап «Аэрофлот» Стамбул мен Антальяға билет сата бастады.
Ресейлік әуе компанияларының Түркияға тұрақты рейстеріне уақытша тыйым 16 шілдедегі әскери төңкерістен кейін қабылданған еді. Бұл тыйым ресейліктерді Түркияға апаруға ғана салынды, ал ресейлік және шетелдік әуе компаниялары Ресей азаматтарын бұл елден алып шығуына кедергі болған жоқ.