Альбина Елшиева: Елдің қамын ойлайтын азаматтар үшін үлкен мүмкіндік
Альбина Елшиева: Елдің қамын ойлайтын азаматтар үшін үлкен мүмкіндік
Праймеризге қатысуға өтініш білдірген, нақты мақсаты мен айқын жоспары бар азаматтардың саны көбейіп жатыр. Партияішілік іріктеуге «Тұран» бастауыш партия ұйымының төрайымы Альбина Балғабайқызы Шымкент қаласынан қатысуға ниет білдірген.
– Мен өзім бұрыннан қоғамдық жұмыстарға белсене араласамын. «Тұран» бастауыш партия ұйымының төрайымымын. Партияның жұмыстары, басқа да түрлі қоғамдық шаралар таңсық емес десем де болады. Халықтың сөзін, түрлі мәселелерін, мұң-мұқтажын мемлекеттік органдарға, билікке жеткіземіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидасын дамытуымыз керек. Сондықтан ешқандай проблеманың назардан тыс қалмауы қадағалануы керек. Мақсатым – халық пен биліктің арасында көпір болу, өзекті мәселелердің шешімін табуға атсалысу деп нық айта аламын.
Праймериз – елдің қамын ойлайтын азаматтар үшін үлкен мүмкіндік екені сөзсіз. Депутат болу – билікке қол жеткізу емес, халыққа жақын болу. Сондықтан да осы праймеризде ең мықты, лайықтылардың іріктелетініне сенімдімін.