Аpple компаниясында жұмыс істейтін қазақ: Кремний алқабы дүниеге көзқарасымды өзгертті

Әлемдегі ІТ саласының астанасы саналатын Кремний алқабында Apple, Facebook, Google, Yahoo! секілді алпауыт компаниялардың бас кеңсесі орналасқаны мәлім. Болашағын ақ­параттық технологиямен байланыстырған әр кәсіби маман дәл осы алқапта жұмыс істеп, өсіп-өнгісі келеді. Сондай-ақ бұл саланың қыр-сырын енді танып-біліп жатқан студент­тер де сол жердегі әйгілі Стэнфорд универ­ситетінде білімін шыңдауды армандайды. Сөйтіп, олар аталған университеттің қабыр­ғасында оқи жүріп, Google компаниясының негізін қалаған әлемге танымал кәсіпкерлер Лар­ри Пейдж және Сергей Брин секілді жаңа­лық ашып, жаһанға танылғысы келеді.

Сайдың тасындай кіл мықтылар оқитын бұл университеттің магистратура бөлімін тәмамдаған Тараз қаласының тумасы Темірлан Сейдахметов бүгінде сол Кремний алқабына қарасты Купертино қаласындағы Apple компаниясының бас штаб-кеңсесінде жұмыс істейді. Қазіргі таңда Apple өнімдерінің ішінде Apple Books жобасына жауапты командада аналитикалық мәліметтерді талдауға жауапты маман қызметін атқаратын Темірланмен арнайы хабарласып, әңгімеге тартқан едік.

– Темірлан, ақпараттық технология бойын­ша маман әзірлеуден ешкімге дес бермейтін әйгілі Стэнфорд университетінде білім алу екінің бірінің қолы жете бермейтін мүмкіндік екені рас. Бұған сіз қалай қол жеткіздіңіз? Жал­пы, ІТ саласын таңдауыңызға не түрткі болды?

–Негізі, бұл университетке түсуіме де, ІТ саласын таңдауыма да себеп көп. Әңгімені әріден бастасам, алдымен Тараз қаласындағы №45 гимназияда оқып, кейіннен қазақ-түрік лицейінде білім алдым. Мектепте әрі лицейде оқып жүргенде физика пәнінен мектепішілік, облыстық, президенттік, республикалық, халықаралық олимпиадаларға көп қатысатынмын. Бұл сайыстарға қатысу менің бі­лімге деген құштарлығымды арттырды. Сөйтіп, шетелдің мықты университетінде білім алғым келіп, өз бетімше дайындалдым. Сөйтіп жүргенде мен мектеп бітірген жылы Астанада Назарбаев универ­ситеті ашылды. Университет өкілдері Таразға ар­найы келіп, алғашқы студенттерді қабылдау үшін үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Осылайша, атал­ған университетке оқуға түсіп, бастапқыда бір жыл дайындық курсын оқыдық, кейіннен мамандық бойын­ша түрлі бағыттарға бөліп оқытты.

Мектеп қабырғасынан бері физиканы оқып келе жатқандықтан, мұны әрі қарай жал­ғастыра бергім келген. Алайда мұның пай­даланылу аясы тым тар екенін түсіндім. Зерт­теу жағы жоқ. Сосын Қазақстанда фи­зик болып, нені зерттеймін деп, химиялық ин­женерия саласын таңдадым. Мұны бітір­ген соң, жоғарыда айтқан шетелде білім же­тілдіру арманымды жүзеге асырғым келіп, іздене бастадым. Маған ғалымдармен топ­та­сып жұмыс істейтін, тәжірибе жинайтын ор­та керек болды. Сосын Алматыда жыл сайын он үздік оқушыны дүниежүзілік зерт­ханаларға жіберіп, кейіннен жетекші уни­верситеттерге түсуге көмектесетін Шах­мардан Есенов атындағы білім қоры бар еке­нін білдім. Шетелде оқуды бірден бастап кету қиын, себебі көпшілігінің тәжірибесі жоқ, әрі жаңа ортаға үйрену де уақыт алады. Аталған қордың ережесі бойынша, грант ұтып алған студентті ортаға бейімделуі үшін ал­дымен үш айға оқуға жібереді. Сөйтіп, осы қор­дың грантын ұтып алып, үздік бестікке кі­ретін Калифорния технологиялық инс­титутына үш айлық оқуға бардым. Мұнда жер­гілікті студенттермен бірлесе оқи жүріп, олардың білім-білігі менен асып түспей­тініне көзім жетті. Қазақстандық студенттер ара­сында «шетелдік студенттер кілең ақыл­ды, бізден күшті» деген пікір қалыптасқан ғой. Ал мен олай демес едім. Менің бай­қауым­ша, Қазақстанда нақты ғылымдар, мә­селен математика мен физика бойынша оқу бағдарламасы жақсы. Сыртқа шықпаған соң, мұны көбі біле бермейді. Осындай оқу бағ­дарламасының нәтижесінде тоқтап қал­май, біліміңді әрі қарай жетілдіргің келіп тұрады. Негізінен, сол уақытта өз ма­ман­дығым бойынша тәжірибе жинақтау үшін Ақтау қаласындағы мұнай-газ компа­ния­сында үш ай, Ресейдің Тула қаласында Procter & Gamble компаниясында бірнеше күн тренингтен өтіп жүргенмін. Қайсысына барарымды білмей жүргенде, мен құжат тапсырған әлемдік университеттерден оқуға қабылдау туралы ұсыныс хат алдым. Сөйтіп, арасынан Стэнфорд университетінің ұсы­нысын қабыл алып, осында келдім.

– Сонда оқуыңызды Шахмардан Есе­нов атындағы қор қаржылан­дырды ма?

– Иә. Жалпы, Стэнфорд университетінің ма­гистратура бөліміне грант сирек беріледі. Әу баста қордың грантын ұтып алғандықтан, олардан оқуымды қаржыландыруды сұра­дым. Жалпы, бұл университетте үш тоқсан­нан құралған тоғыз айлық және бір жарым жыл­дық оқу бағдарламасы бар. Ұзағын оқы­саңыз қаражат көп төлейсіз, мерзімі азын оқысаңыз, сәйкесінше аз төлейсіз. Оның үстіне, тұратын жерің, тамағың, киі­мің бар. Сөйтіп, шамаға қарап, қордағыларға үш тоқсандық оқу жүйесін таңдағанымды ай­тып, тоғыз ай ішінде бітіруге тура келді. Мұнда ғылым және инженерияны басқару мамандығы бойынша білім алдым. Десек те, ІТ саласына қатысты түрлі бағдарлама, жо­баға қызыққаным соншалық күні-түні зерт­тей бастадым. Сосын оптимизация, мәлі­меттерге талдау жүргізу бағыты бойынша да ізден­дім.

– Тоғыз айдың ішінде күрделі бағ­дарламаны интенсивті оқу оңай бол­маған шығар?

– Әлбетте, оңайға соққан жоқ. Ең қиын­ға түскені – оқу мерзімінің қысқа болуы, бұл маған екі есе жүк болды. Бұған қоса, жаңа орта, жаңа жер, сіңісіп кету үшін уақыт ке­рек болды. Сосын сабақ бірден басталып кет­ті. Оның үстіне, Назарбаев универ­си­те­тінде барлық сабақты ағылшын тілінде оқы­сам да, мұнда келгенде тілдік кедер­гі­лерге тап болдым. Бірден сөйлесіп кете ал­май­сың, түсінісуің керек. Тағы бір қиынды-ғы – бірінші мамандығым химиялық инже­нерия болғандықтан, аналитикаға қатысты оқуға қажетті кейбір маңызды кітаптарды оқымағанмын. Түптің түбінде барлығының негізі бір болса да, жаңадан оқуды қажет ете­тін тұстары баршылық. Сөйтіп, уақытым тап­шы болып, бір қиын кезеңнен өттім. Де­сек те, адамның уақыты неғұрлым аз болса, жұмысы соғұрлым тиімді болады екен. Оқу­мен жанталасып жүріп, каратэ класына бар­дым. Дәл сол жылы жұбайым Әселмен та­ныстым. Қазір шегініс жасап, артыма қа­расам, қанша қиын болса да, ең нәтижелі жыл болды деп еске аламын.

DSC01694

– Жаңа өзіңіз нақты ғылымға ма­ман­дан­ған студенттер шетел­дік­тен асып түспесе, кем түспейтінін айттыңыз. Десек те, америкалық білім беру жүйесінің құрылы­мын біздікімен салыстыруға әлі ерте екені сөзсіз. Екі елдің оқу жүйесімен етене таныс маман ретінде бізде нені жақсартып, нені жетілдіру ке­рек деп ойлайсыз?

– Назарбаев университеті шетелдік жүйе бойынша толығымен ағылшын тілінде оқыт­са да, мұнда өзге университеттермен бә­секелестік аз, сосын университет және ин­дустрияның арасында ынтымақтастық жоқ, ақша тек бюджеттен келеді. Теория жағы жақсы оқытылғанымен, практикаға кел­генде ақсап жатады. Мәселен, мен оқыған Стэнфорд университетіне түрлі компа­ниялар ақша құяды, университет әкімшілігі сол компаниялармен байланыс орнатып, сту­денттерді жұмылдыру арқылы ғылыми жаңалық жасайды. Мұндағы профессорлар­дың әрқайсысы гений, ғылым саласында әйгілі адамдар. Студенттердің түгелі дерлік кілең үздік оқуға тырысады, мұнда екілік алу деген түсінік жоқ. Олардың әрқайсысы өз елі­нің, өз саласының маңдайалды маманы еке­нін байқайсың. Ал бізде көп студенттер төрт жыл бойы оқығанын бұйым көрмей, көп жағдайда басқа мамандықтың жетегінде кетіп қалады. Оқыған білімінің пайдасын көр­мейді. Мәселен, машина құрастыру ма­мандығын ескірген технология бойынша оқытады. Қазіргідей технологияның бәсі биік заманда мұны ешқайда қолдана алмай­сың. Таныстарымның арасында «Әйтеуір оқуды бітірсем болды. Дипломды қайтсе де алу керек, әйтпесе ұят» деп жүргендер көп бол­ды, әйтсе де диплом алудың жұмысқа тұру­ға түк ықпалы жоқ секілді көрінеді.

– Ендігі кезекте Apple компа­ния­сындағы қызметке орналасуыңыз жайлы сөз етсек. Мұнда Стэнфорд уни­верситетін бітіре сала, жұмысқа тұр­дыңыз ба?

– Жоқ. Стэнфорд университетінде оқып жүргенде үш ай бойы мобильді қосымша дәрігер шақыра алатын стартап жобада тәжірибе жинақтадым. Ол кезде, яғни 2015 жылы бұл жобаның пайдасы қаншалықты екеніне бас қатырып, ізденіп жүр едік, ал қа­зіргідей пандемия кезінде мұндай қо­сым­шалардың қажеттігіне көз жетті ғой. Со­сын университеттің студенттік пор­та­лында Чикагода орналасқан CCC компаниясының жұмыскер іздеп жүргенін көріп қалып, құжат тапсырдым. Олар бірден жұмысқа ша­қы­рып, ақырында сол қалаға көшіп бар­дым. Мұнда мәліметтерді талдау маманы бо­лып жұмыс істедім. Жалпылама айтсақ, атал­мыш компания көліктер апатқа ұшыра­ғанда оны суретке түсіріп, жөндеу жұмы­сы­ның құнын бағалайды. Соңында бұл мә­ліметті жөндеуге жауапты сақтандыру ком­паниясына жібереді. Бұл ортада екі жыл жұмыс істеген соң, Калифорния штатына қайтып оралғым келді, мұндағы Кремний алқабында орналасқан компаниялардың бірінде жұмыс істеуді көздедім. Осылайша, түрлі компанияға құжат тапсырып, жауабы келгенше өз бетіммен дайындалып жүрдім. Сөйтіп, жүргенде Apple және Google компанияларынан шақыру келді, мұның арасынан ұсынған позиция, бірге істейтін команда әрі істелініп жатқан жоба жағынан Apple компаниясын тиімді деп таптым. Бүгінде Apple-дің осындағы, яғни Кремний алқабына қарасты Купертино қаласындағы бас кеңсесінде жұмыс істеп жатқаныма екі жылдың жүзі болды.

– Мұндағы нақты міндетіңіз қан­дай?

– Мұнда аналитика жасауға жауапты команда қатарындамын. Apple-дің Iphone, Macbook, Іpad секілді құрылғыларына ор­натылатын түрлі қосымшаларымен жұмыс істеймін. Дәл қазіргі таңда Apple Books жо­басындамын. Біздің команда Apple Books жүйесінде оқырманды кітап оқуға қызық­тыру үшін дизайн, инженерия жағынан қолайлы жағдай жасауға жауапты. Жалпы, оқу процесін немесе аудио кітап тыңдауды жақсартуға атсалысу өте қызықты іс. Бұл жоба арқылы тегін кітаптар сатып алуға бо­лады, сатып ала алмасаңыз, аудио және элек­тронды нұсқадағы кітаптарды оқы­саңыз болады. Таппай жүрген кітаптар­ды осы қосымшадан табуға болады. Айналысып жүрген ісім адамзатқа пайдалы іс болған­дықтан, өзіме қатты ұнайды. Кітап оқыған­нан зиян көрген адамды кездестірген емес­пін.

– Қазақстанның ІТ индустрия­сын­да жұмыс істемесеңіз де, оның аяқ алы­сын, даму барысын ара-тұра бақылап тұрасыз ба?

– Өзіңіз айтқандай, Қазақстандағы ІТ са­ласында көп жұмыс істемегендіктен, әрі бұл салаға енді бас сұғып жатқандықтан, ел­дегі ол саланың мән-жайы туралы біле­ті­нім аз. Десек те, қазір әупірімдеп дамып жат­қанын білемін. Бірақ бізге даму қар­қы­нын жоғарылату керек. Қазіргі таңда data science Америкада өте қатты дамып жатыр. Data science дегеніміз – ақпаратты талдау, сан мыңдаған мәліметтің ішінен пайд­а­лы­сын табу. Сонымен қатар бұл – үш саланың қосындысы, мұнда бизнес, математика және бағдарламалауды жаңғақша шағуың керек. Мәселен, бүгінде Тesla компаниясы көлікті ав­топилот арқылы, яғни өздігінен жүргізу жобасын дамытып жатыр. Мұнда көліктің жан-жағына орнатылған камерадан экранға картина ұсынылады, бұдан көліктің алдын­да, артында не тұрғанын біліп, жолдың қай жо­лағына шығу керек екенін басқарып оты­расың. Бұл кәдімгі математикалық алгоритм, компьютерлік модель. Енді бұған сұраныс қалай болады, өтімді өнім бе, бұл бизнес ма­мандарының бас қатыратын ісі. Осы­лайша, осы үш саланы біріктіру арқылы көп та­бысқа кенелуге болады. Қазақстанда осы data science саласын дамытуға күш салып, ІТ саласында алдына жан салмай дамып келе жат­қан мемлекеттердің қатарына кіруге ты­рысу керек.

– Күн сайын небір жаңалықтар ашылып, түрлі қызықты жобалар әзірленіп жатқан ортада жұмыс істей жүріп, жеке стартап жоба ашу туралы ойланатын боларсыз?

– Әлбетте, ойланамын. Алдағы уақытта Қа­зақстанға пайдасы тиер жоба жасағым келеді. Негізі, бастапқыда сыртта бірнеше жыл жұмыс істеп, елге ораламын деп ой­лағанмын. Десек те, елге келіп елең етерлік жаңалық ашу үшін тәжірибе жинау керек екенін ұқтым, оның үстіне дәл қазір бір үлкен жоба ашуға дайын емеспін. Оның үстіне, Қазақстанда ІТ жобаны өрістетудің проблемасы көп, әрі қиынға түсетіні анық. Оған қоса, он сегіз миллион халықтың ішінде қазақ тіліндегі қосымшаларды қолданатыны тіпті аз, сол себепті қазақ тіліндегі стартап жобаны әзірлеу тиімді болмай тұрғаны рас.

– Орыс журналисі Юрий Дудьтің Кремний алқабы туралы түсірген деректі фильмінен кейін көпшілік, соның ішінде ТМД елдеріндегі жас­тардың бұл салаға қызығушылығы арта түскендей. ІТ астанасы атанған, өзіңіз жұмыс істеп жүрген Кремний алқабы жайлы сіз не айтасыз?

– Иә, бізде ақша табу көзін дүкен, мей­рам­хана немесе автокөлік жуу орындарын ашу­мен байланыстырады, одан қалса, сауда-сат­тықпен айналысып, түрлі елден тауар та­сиды. Ал ІТ өнімдері арқылы бұдан да жақ­сы, сапалы әрі нәтижелі дамуға болаты­нын түсіне бермейді. ІТ саласының ең ұта­тын тұсы – сенің әзірлеген жобаңды күллі әлем­нің қолданушылары пайдалана алады. Мы­салы, сіз белгілі бір өніммен айналы­са­тын зауыт ашсаңыз, бұл өнімді дүние жүзіне өт­кізу қиын, себебі мұның логистикасы бар, өз­ге елдерде тура осы өнімді шығаратын бә­се­келесіңіз бар әрі шетелдіктерге мұның сапасы ұнамай қалуы мүмкін. Ал ІТ сала­сын­да басқаша. Жалпы, бағдарламалау тілін біл­сеңіз, әлемнің кез келген ірі компания­сында жұмыс істей аласыз. Сосын өз еліңізге тә­жірибелі маман статусында келіп, өз жо­баңызды аша аласыз, өзгелерді үйрете ала­сыз. Кремний алқабы туралы сөз етсек, мұн­да әлемдік ірі компаниялардың бас кең­­­селері мен бірқатар университеттер ор­наласқан. ІТ десе, ішкен асын жерге қоятын ма­мандар осында шоғырланған. Кішігірім стартап жобаларды әзірлеушілердің бар­лығы осында келеді, себебі мұнда сол бей­мә­лім, шағын жобаңды әлемдік деңгейге кө­теруге көмектесетін инвесторлар бар. Мә­се­лен, ақшасы бар адамдар бір жобаны әзір­­­леу­шілерге қаржылай көмек білдіріп, ай­на­лымға түсіп, өзін мойындатқан компания дең­гейіне жеткенде инвесторлар да, стартап әзір­леушілер де пайдасын көреді. Мысалы, мен тұрып жатқан қалаға ІТ саласында жұ­мыс істеу үшін әлемнің әр түкпірінен ағы­лып келеді. Мұнда «мен әлемге әйгілі Apple компаниясында жұмыс істеймін» деп кеуде соқпайсың, себебі мұнда бұл компанияда мен сияқты жұмыс істейтіндердің қарасы көп.

IMG 6793 e1597903867586

– Тіпті, демалыстың өзін тиімді өткізбесең, қатарыңнан қалып қал­ғандай сезінетін боларсыз?

– Ол рас, мұнда қай жағынан болсын бә­секе жоғары, тіпті демалысты да тиімді өткізуге тырысады. Үйде жай отырып, еш­теңе істегің келмей, демалғың келсе, ай­налаңдағы адамдар жатпай-тұрмай, қи­мыл­дап, түрлі әрекеттер жасап жүреді. Мұндайда өзіңді әлемнен қол үзіп қалғандай сезінесің. Мұн­дағы тұрғындардың өмір сүру моти­вация­сы жоғары, сол себепті пайдалы тамақ, са­лауатты өмір салтын ұстанады. Осы жа­ғынан алғанда Кремний алқабы менің дү­ниеге көзқарасымды өзгертті деуге болады.

– Жоғарыда Стэнфорд универ­си­тетінде оқи жүріп, болашақ жұбайыңызбен таныс­қаныңызды ай­тып қалдыңыз. Оның да ма­ман­дығы ІТ саласымен байланысты ма?

– Жоқ, әйелімнің мамандығы – ди­зай­нер. Степногорск қаласының тумасы. Алды­мен сол қалада көркемөнер мектебінде оқып, кейіннен Сан-Францискодағы өнер ака­демиясында білім алған. Танысқаннан кейін екі жылдан соң, Таразда тойымызды өт­кізіп, осында қайта оралдық. Қазіргі таңда ар­хитектура бойынша әлемдегі ірі ком­па­ниялардың бірі саналатын Gensler компа­ниясында интерьер дизайнер болып жұмыс істейді.

– Болашақта сіз секілді Apple ком­паниясында жұмыс істеп, тә­жірибе жинақтағысы келетін оқу­шы­ларға, студенттерге не айтар едіңіз?

– Қазір барлығын саралап қарасам, мен оқы­ған қазақ-түрік лицейі, Назарбаев уни­вер­ситеті, Стэнфорд университетінің түле­гімін деп айту оңай-ақ, десек те ешқайсысы оңайға соқпады. Мәселен, физика пәнінен олимпиадаға дайындалғанда сабақтан келе сала, кешкі он бірге дейін дайындалатынмын. Стэнфорд университетінде оқып жүр­ге­німде, күн сайын таңғы алтыда тұрып алып, са­бақ басталғанша ағылшын сөздерін жат­тайтынмын. Apple компаниясына жұмысқа келерде де көп іздендім. Мәселен, Малкольм Гладуэлл «Генийлер және аутсайдерлер» кі­табында әлемдік деңгейдегі маман атану үшін 10 000 сағат жұмыс істеу керек, ал егер ор­таша деңгейдегі маман болғыңыз келсе, 2 000 сағат жұмыс істеу қажет екенін алға тар­тады. Сол секілді егер оқушы немесе сту­дент 2 000 сағат өз білімін арттыруға арнаса, алдағы уақытта кез келген ірі компанияға жұ­мысқа тұратын әлеует қалыптастырады. Осы­лайша, күніне өзінің осал тұсын жақ­сартып, ал мықты жағын одан сайын ұштай түссін деймін. Тағы бір айта кетерлігі, мен бас­тапқыда, математика мен физика, сосын химиялық инженерияны оқыдым, ақырында ІТ саласына келдім. Алдыңғы екеуін жұ­мыс­та қолданбаймын, десек те техникалық база бар. Сол себепті бірінші мамандығыңды дұрыс игере алмай қалсаң, бұдан қорқатын еш­теңе жоқ. Тек дер кезінде өзіңе қажетті бағытты таңдай біліп, бар біліміңді мұнымен бай­ланыстырып, өз жолыңды тауып алсаң бол­ғаны, қалғаны өз ретімен болады. Бола­шағын жарқын еткісі келетін жас маман алдымен дүкен ашудан да ауқымды, үлкен жоспарлар құрса деймін.

Әңгімелескен

Әлия ТІЛЕУЖАНҚЫЗЫ

Редакция таңдауы

Қазақ киносы Германияда өтетін фестивальдің шымылдығын ашады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылғы 20-26 сәуір аралығында онлайн өтетін 21-ші Орталық және Шығыс Еуропа goEast кинофестивалінің...

Қазақстан-Ресей шекарасы: Көптоғай аулындағы дау неден шықты?

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғындары шекара сызығы ауысуымен келіспей, оны заңсыз деп санайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Көптоғайлықтар шекара бекеттерін орнату бойынша жұмысты тоқтатуды...

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның...

Қаржы пирамидасынан қашанғы опық жейміз?

2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларының саны күрт өсіп, қа­тарына адам қосу арқылы жүретін «бизнестен» келген залал он есе артқан.  Елімізде ең алғашқы қаржы пирамидасы...
02

Қазақ киносы Германияда өтетін фестивальдің шымылдығын ашады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылғы...
d7d152f8896ea64602b9cd3df3d4bdfd

Қазақстан-Ресей шекарасы: Көптоғай аулындағы дау неден шықты?

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғындары шекара сызығы ауысуымен келіспей, оны...
Аманғали БЕРДАЛИН

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі...

Жаңалықтар

Түркістан облысында тағы бір үлкен той тоқтатылды

Түркістан облысында 100-ге жуық адамды жинап, бесік той өткізіп жатқан тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Созақ АПБ-ның қызметкерлері карантин режимін және шектеу шараларын сақтау...

Семей қаласының аумағы кеңеймек

Семей әкімдігі қалалық мәслихатпен бірлесіп "Семей қаласының елді мекендерінің шекарасын (шегін) белгілеу туралы" қаулысын дайындады, деп хабарлайды zakon.kz. Қаланың шекарасы үш елді мекенді қосу есебінен...

Білім мен ғылымды дамытудың Республикалық Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті

«Nur Otan» партиясының Орталық аппаратында партияның ұйымдастыруымен Білім мен ғылымды дамытудың Республикалық Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Аталған жиынға Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің...

«Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымының есептік жиналысы өтті

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы Саяси Кеңесі Бюросының қаулысына сәйкес 1300-ден астам партия мүшесін біріктіріп отырған «Білім және Ғылым» бастауыш партия ұйымында есептік-сайлау жиналысы...

Әнуарбек Байжанбаевтың шеберлігі

Қазақ радиосының тарихына ой жүгіртсек, есімізге ең бірінші Әнуарбек Байжанбаевтың есімі оралатыны сөзсіз. Әнуарбек Байжанбаев өмір бойы Қазақ радиосында диктор болып қалың жұртшылыққа кеңінен...

Инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінбек

Шығыс Қазақстан облысы Қасым Қайсенов кентінде №9 бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті. Жиында БПҰ-ның 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары сараланып, алдағы уақытта орындалуы тиіс мәселелер...

Қазақстан жастарына этномәдени дәстүрді сіңіруіміз қажет – Әділбек Ыбырайымұлы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қазақстан жастарын тәрбиелеудің этномәдени дәстүрлері» атты республикалық семинары өтті. Аталған онлайн жиында Дүниежүзі  қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Әділбек Ыбырайымұлы «Қазақ  ұлтынан этностардың...

Келелі жиын – келешек үлесі

Өткен апта маңызды басқосуларға толы болды. Әрбір жиынның астарында ел болашағын жарқын ету, келешегін кемелдендіре түсер мақсат бар. Нақты мәселелер көтеріліп, оны шешудің жолдары...

«Тоттенхэмнің» бас бапкері Жозе Моуриньо қызметінен босатылды

Лондондағы "Тоттенхэм Хотспур" футбол клубының бас бапкері Жозе Моуриньо қызметінен кетті. Бұл жаңалықты vesti.ru сайты Тhe Athletic-тің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлады. Моуриньо 2019...

Әскери қайраткер Ким Серікбаев қайтыс болды

Әскери қайраткер, полковник, әскери ғылым кандидаты Ким Серікбайұлы Серікбаев қайтыс болды. Қайғылы хабарды Алматы қаласындағы «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық...

«Тоқтықтан»: Асты аяқ асты еткен челлендж жұртты ашуландырды (видео)

Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі кезекті челлендж Facebook қолданушыларының наразылығын тудырды. Челленджге қатысқан жасөспірімдер тамақты аяқпен таптаған. "Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Мұның арты жақсы болмайды....

Қазақстандық дизайнер Нұр-Сұлтанда Сақ алаңын салуды ұсынды

Отандық сәулет дизайнері Мансура Жәкен қазақстандық қалалардың бейнесін қазақтардың этникалық стилінің элементтерімен қайта жасауды ұсынды. Оның пікірінше, астанада "аң стилінде" сәнделген және ежелгі сақ...

Нұр-Сұлтандағы саябақтан жалпы құны 8 млн теңге болатын 66 шам ұрлаған күдіктілер ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Триатлон паркінен 66 шам ұрланған. Полицейлер екі жүргізуші мен көше мен саябақты жарықтандырумен айналысатын ЖШС монтерін күдікті деп танып отыр, деп хабарлайды...

Ұлттық банк коллекциялық монеталар сатылатын интернет-дүкенді іске қосты

Ұлттық банк интернет-дүкеннің жұмысын пилоттық режимде қайта бастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. Қазақстан Ұлттық Банкі 19 сәуірден бастап коллекциялық монеталардың онлайн саудасын жаңарту үшін пилоттық...

Мүмкіндігі шектеулі Қазақстандық әйел Эверест шыңын бағындырды

Мария Әуезова Эверестің биіктігі 5364 метр болатын шыңын бағындырды. Мариямен бірге бірге күйеуі мен тәлімгері де тауға бірге шыққан - деп хабарлады sxodim.astana Instagram...

Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты заңға қол қойды

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды.  Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен...

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентіне көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz. Елбасы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің әкесі Мяликгулы Бердімұхамедовтің өмірден өткені туралы...

Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі парацетамолдың қаупі туралы айтты

Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі парацетамолды шамадан тыс қолдану қауіп тудыруы мүмкін екенін ескертеді, - деп хабарлайды ВЗГЛЯД басылымы. Дәріні шамадан тыс қолданудың белгілері -...

Қазақстанның Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев – 1970 жылғы 2 сәуірде Ақтөбе...

Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО)...

Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Рәпіл Жошыбаев –  1963 жылғы 22 тамызда Жамбыл облысында...

Жол сапасына жауапты мыңнан астам шенеунік айыппұл арқалаған

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың айтуынша, жол сапасының сын көтермегені үшін бірқатар  шенеуніктер жазаланған, - деп хабарлайды BaigeNews.kz  "2021 жылы Жол инспекциясы бөлімшелері...

«Қазақстан темір жолының» БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департамент директоры тағайындалды

Қайсар Жұмабайұлы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры болып тағайындалды.«ҚазАқпарат» агенттігінің жазуынша, бұл ақпаратты Қайсар Жұмабайұлының өзі растады. Қайсар Жұмабайұлының...

Қазақ киносы Германияда өтетін фестивальдің шымылдығын ашады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылғы 20-26 сәуір аралығында онлайн өтетін 21-ші Орталық және Шығыс Еуропа goEast кинофестивалінің...

Президент жарлығымен жаңа елшілер тағайындалды

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 19 сәуірдегі жарлығы бойынша Қырғыз Республикасындағы, Бельгия Корольдігіндегі және Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz сайты хабарлады. Хабарламаға...

Мемлекет басшысы Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды akorda.kz. «Әкеңіздің...

Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді

Әлемдегі ең үлкен А68 айсбергі еріп, бірнеше бөлікке бөлінді, – деп жазды Sky News. 2017 жылы Антарктика жартылай түбегінің мұздығынан ажыраған кезде оның ауданы 5800...

Коронавирустан 23 науқас көз жұмды – ДСМ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы тіркелген қайғылы жағдайларға қатысты мәлімет берді. 17 сәуірде коронавирустан 23 науқас көз жұмған. Оның 22 КВИ+, бір адам...

Президент бірқатар лауазымды тұлғаны қызметінен босатты

Бүгін, 19 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен  еліміздің шетелдегі бірқатар төтенше және өкілетті елшілері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда. «Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Қайрат...

Павлодарда қарағай орманынан шыққан өрт мың гектарға жетті

Павлодар облысындағы қарағай орманында ірі өртті сөндіру жұмысы жалғасуда. Өртке оранған алқап мың гектарға жетті. «Галкин ауылдық округінің екі елдімекеніне қауіп төнді. Бірақ оның алдын...

«Кездесуге шақырамын». Алмас Кішкенбаев танымал блогер қызды ұнататынын айтты

Әнші Алмас Кішкенбаев танымал блогер қызды ұнататынын айтты. Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бойжеткеннің видеосын жариялап, көпшіліктен оның жеке өмірі жайлы сұрастырды деп жазады...

Ерлан Саиров: Шекараны жергілікті халықтың ыңғайына оңтайландыру амалын қарастыру абзал

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Атырау облысындағы Көптоғай ауылының тұрғындарын алаңдатқан Қазақстан-Ресей шекарасына қатысты мәселеге орай Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді. «Атырау облысы, Құрманғазы...

Ерлан Әлімбаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев 1975 жылы 6...

Жамбыл облысында төрт елді мекен ішімдіктен түбегейлі бас тартты

Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шәкен Ниязбеков, Шайқорық, Танты, Қапал ауылдары ішімдіктен біржола бас тартты. Осы төрт елді мекендегі 22 дүкен иелері ішімдік сатуға берілген...

Жағдай мәз емес: жеті өңір «қызыл аймақта» тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. 2021 жылдың 19 сәуіріндегі жағдайы...

Қазақстан Бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымына Маратбек Мықтыбеков тағайындалды, – деп хабарлады ҚБФ баспасөз қызметінің мәліметі. Ал соңғы 11 жыл бойы осы лауазымды атқарып келген Бекжан...

Келіссөз жүріп жатыр: Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жыл соңында жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жекке шығуды жоспарлап отыр, – деп жазды Sports.kz. Алғашқы болып...

Қызылордада қолдан жасалған құрттан есірткі табылды

Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдемедегі қолдан жасалған құрт ішінен есірткі табылды. Бұл оқиға Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде болды. Қылмыстық кодекстің...

19 сәуір: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1960 жылы 19 сәуірде Бұқтырма су қоймасын толтыру басталды. 1993 жылы Алматыдан Түркияның Трабзон қаласына алғашқы жолаушылар әуе рейсі ұшырылды. Бортында 120 турист болған...

Өткен тәулікте 2700-ден астам адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2719 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады  coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 436, Алматы қаласы - 665, Шымкент қаласы - 114,...

Мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті қамауға алынды

Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды. Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта белгісіз адамдардың мешіттің ішіне терезесін...

Еркін күрестен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

Еркін күрестен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Айтулы жарыста есімдері төменде аталған балуандар жеңіс тұғырына көтерілді: 57 келі: 1. Құмар Рави (Үндістан), 2. Әлиреза Сарлақ (Иран),...

Нұр-Сұлтан қаласының іргесінен өрт шықты

Нұр-Сұлтан қаласын Ақмола облысының Қоғалжын ауданымен байланыстыратын тасжол бойындағы саяжайдан өрт шықты. Бұл туралы саясаттанушы Қазыбек Майгелдинов facebook парақшасында жариялады. «Қорғалжын тасжолы бойындағы саяжайлар өртеніп...

Танымал актриса Ғазиза Әбдінабиева қайтыс болды

Танымал актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Ғазиза Мәкешқызы өмірден озды. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов хабарлады. Ол...

Нобель сыйлығының бес лауреаты Навальный ісі бойынша Путинге ашық хат жолдады

Францияның Le Monde басылымы және британиялық The Economist журналы әлем жұлдыздарының Ресей президенті Владимир Путинге жазған ашық хатын жариялады.  Онда танымал адамдар колонияда отырған оппозиционер...

Қазақстан-Ресей шекарасы: Көптоғай аулындағы дау неден шықты?

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғындары шекара сызығы ауысуымен келіспей, оны заңсыз деп санайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Көптоғайлықтар шекара бекеттерін орнату бойынша жұмысты тоқтатуды...

Лукашенко вакцина алғысы келмейді

Беларусь президенті Александр Лукашенко коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келмейтінін айтты. Бұл туралы tass.ru хабарлады. Лукашенконың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақында өткен тексерісте оның қанында антиденелердің жеткілікті...

Шыңжаңдық тағы бір қандасымыз Олимпиадаға жолдама алды

Қазақстанның Алматы қаласында өткен күрестен Олимпиадалық іріктеу турнирінен жақсы жаңалық келді. Шыңжаң өлкесінен шыққан Уәлихан Серікұлы 60 келі салмақта грек-рим күресінен өнер көрсетіп, Токио...

ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде жерімізді қорғап, бейжай қалмауға шақырған видеолар таралуда. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, онда «Қалқан-2021» оқу-жаттығуларында түсірілген кадрлар көрсетілген, деп хабарлайды stopfake.kz сайты. «2021...

Ақмола облысында ер адам қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті (видео)

Куәгерлердің айтуынша, әкесі мен қызы суретке түспек болғанда, сарқырамаға құлап кеткен. Желіде сарқырама маңында өзеннің қатты ағысы ер адамды баламен бірге ағызып бара жатқаны...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Осы аптада Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері түрлі жаңа лауазымдарға тағайындалды. Қазақстанда 12-18 сәуір аралығында болған кадрлық ауыс-түйіске «ҚазАқпарат» агенттігі шолу жасады. Апта басында...

Алматыдан 181 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 04 сағат 38 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Зілзаланың эпицентрі...

«Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? – дінтанушы жауабы

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Faceboоk  әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатқан сауалға жауап берді. Желіде мынадай («Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? –ред.) діни...

Өмірзақ Шөкеев қарияларды жаңарған Түркістанды тамашалауға шақырды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардара ауданындағы ардагерлер үйінде болды. Ақсақалдармен кездесіп, үстел басына жиналғандарды ашық сұхбат құруға шақырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз...

Қазақстан-Ресей шекарасында әскерилер қоршау орната бастады

Қазақстан мен Ресей шекарасында қоршау орнату жұмысы басталды. Қоршау Атырау және Астрахан (Ресей) облыстарының шекарасында орнатылуда. «2021 жылғы 14 сәуірде Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында...

Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай туралы айтып, жұртты сақтандырды (видео)

Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай жайлы айтып, жұртты абай болуға шақырды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. Айқын Төлепбергеннің...

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды

Astana International Exchange (AIX) Директорлар кеңесі акционерлер мен реттеуші органдардың мақұлдауымен 23 мамырдан кейін күшіне енетін AIX басшылығының құрылымындағы өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Директорлар...

Ақмола облысында жүк көлігі жүргізушісімен бірге суға батып кетті

Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк көлігі суға аударылып, жүргізуші тұншығып көз жұмды. Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай сәуірдің 16-да Бектау ауылы маңында болған. «Анықталғандай, қарғын су шайып...

Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды

Чарльз Гешке – PDF форматты жасауға қатысқан, Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Калифорнияда тұратын Чарльз 82 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Adobe компаниясы хабарлады....

Африкада аң аулаған қазақтарды елдегі аңшылар қолдап пікір білдірді

Қазақстанның аңшылық қауымдастық өкілдері Африкада жабайы аңдарды атып, аңшылық құрған әріптестерін қолдап видео түсірді. Кадрлар Instagram-дағы ohotniki_kz парақшасында жарияланды, деп жазды Tengrinews.kz . «Табиғат»  республикалық қауымдастығының...

Тәулік статистикасы: 641 науқастың жағдайы ауыр, 22 адам қайтыс болды

Кейінгі бір тәулікте 22 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 18 сәуірдегі дерек бойынша 37 749 адам (37 294...

Жағдай әлі күрделі: «Қызыл аймақта» 3 қала мен 5 облыс тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі веомствоаралық комиссиясының Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. 2021 жылғы 18 сәуірдегі жағдай...

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен. Бүгінгі...

18 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Жауын-шашын, тұман, желдің күшеюі

Бүгін Республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның басқа аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы: кей жерлерде жауын-шашын болады, найзағай, тұман,...

Нұр-Сұлтанда алты көлікті соғып зақымдаған мас жүргізуші қамауға алынды

Нұр-Cұлтан қаласында мас күйде көлік басқарған жүргізуші көлік тұрағында тұрған 6 көлікке зақым келтірді. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Полиция...

Көлгінов Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысына қаражат қайдан бөлінгенін айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада салынып жатқан Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы шаһар басшысы Instagram-дағы парақшасында жазды. «Қалада республика...

Қазақстандық балуан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Талғат Сырбаз Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Құрлықтық бәсекеде 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол финалда өзбекстандық Сирожиддин Хасановпен кездесті. Екеуара...

Өзбек сенаторлары: Ташкенттен Алматыға әуебилеті – 4,7 млн , ал Мәскеуге – 4,2 млн. сум тұрады. Әділдік қайда?

Ташкентке Алматы жақын, жақын да болса, алыс. Салыстырмалы түрде Мәскеу алыс, алыс та болса, жақын. Өйткені, ұшу ұзақтығына, қашықтыққа қарамастан Ташкент-Алматы бағытындағы әуебилеті қымбат....

WhatsApp мессенджері қолданушыларға қиындық тудыра бастайды…

Әлеуметтік желілердегі шексіз еркіндікке тұсау салына бастайтын секілді. Мәселен, танымал WhatsApp мессенджері енді өз қолданушыларына жаңа ереже ұсына бастайтын болды. Яғни, 2021 жылдың 15 мамырынан...

Алматыдағы «аждаһа» қиратылып тасталды…

«Бүгін таңертең Алматы қаласындағы Құрманғазы-Достық көшелерінің қиылысында бұрынғы ресторанның қасбетіне орнатылған белгілі суретші Владимира Твердохлебовтың «Аждаһа» («Дракон») атты мозаикасы қиратылып тасталған», − деп хабарлайды...

Қостанай облысында «Nur Otan» партиясы қоғамдық кеңестерінің құрамы бекітілді

14 сәуірде «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасы, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен  «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы саяси кеңесі Бюросының...

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын қоғамдық кеңестер бақылайды

«Nur Otan» партиясы СҚОФ Саяси кеңес Бюросының отырысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының бағыттарын іске асыру жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы...

22 жастағы елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды

Нұр-Сұлтан қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды. Елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды. Қайғылы жағдай туралы Telegram-дағы Astanovka 98 каналы...

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан 12 қоғамдық кеңес құрылды

Маңғыстау облысының әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы С.Трұмовтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Бюро отырысында үш мәселе қаралды....

Жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін тапты

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Nur Otan» партиясының аудандық филиалына аудан тұрғыны айлық табысы күн көріс деңгейінен артылмайтынын, қазіргі кезде баласы да жұмыссыз екенін айтып,...

Партияға өтініш білдірген аз қамтылған отбасына баспана берілді

"Nur Otan" партиясының Мойынқұм аудандық филиалына аудан тұрғыны өтініш білдірген. Өз өтінішінде жалғызбасты әке 3 бала асырап отырғанын, қолында ата-анасы бар екенін айтып, баспанамен...

«Онда тұрған ештеңе жоқ». Африкада аң аулап жүрген қазақ өз әрекетін түсіндірді (видео)

Африкада мылтықпен аң аулап жүрген қазақстандықтардың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қызу талқыланған болатын. Батыр Сейкенов есімді қазақстандық азамат өз әрекетін түсіндіріп, видеоүндеу жасады....

Шығыс Қазақстанда жоғалған 5 жасар бала табылды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жоғалған 5 жасар баланы тауып, ата-анасына қайтарды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 сәуір күні сағат 16:30 шамасында Глубокое...

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (20-7-1) келесі жекпе-жегіне дайындықтың басталғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz. «Ресми! Біз келесі кездесуге дайындықты бастадық! Күні мен орнын жақын арада хабарлаймыз...

Ресейлік сериал кейіпкері: «Қазақтар бізге тас атты ма десек, ас атыпты ғой»

Әлеуметтік желіде ресейлік сериалдан үзінді таралып, қызу талқылануда. Онда сериал кейіпкері, орыс әйел жанындағы құрбысына Алжир лагері жайлы әңгімелейді. «Сен Алжир жайлы естіп пе едің? Ол...

Алматы облысында табытқа әйелдің фотосын салып кеткен күдікті табылды (видео)

Алматы облысында әйелдің фотосы салынған шағын табыт табылды. Әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыланып жатқан жағдайды қазір облыстық полиция департаменті тергеу үстінде. Табыт ішіндегі фотода бейнеленген...

Жамбыл облысында жоғалған әйелді іздеген құтқарушының өзі табылмай жатыр

Жамбыл облысында екі айдан бері із-түссіз жоғалып кеткен Гүлдана Санақбайды Тасөткел су қоймасынан іздеп жатқан сүңгуірдің өзі он төрт күннен бері табылмай жатыр. Бұл...

Елорда тұрғыны «BMW X5» автокөлігімен 4 жасар баланы қағып, мерт қылды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны «BMW X5» көлігімен 4 жасар сәбиді қағып, мерт қылды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. «16 сәуір күні сағат 19.21-де 102...

«Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар көліктің иесі халықтан кешірім сұрады (видео)

Нұр-Сұлтан қаласында көлігінде «Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көлік бүгін...

Целиноград ауданында су тарифі төмендетілді

ҚР "Табиғи монополиялар туралы" Заңына сәйкес "Целиноград Су Арнасы" ШЖҚ МКК-ы Жаңа жол, Приречный, Шұбар, Жайнақ, Қызылсуат (Қызылсуат 1 және Қызылсуат 2), Қаратомар, Талапкер...

Африкада аң аулап жүрген қазақтардың видеосы елдің ашуына тиді (видео)

Әлеуметтік желіде "Қазақтар Африкада да аң аулап жүр" деген тақырыпта видео тарады. Видеода екі қазақ азамат және басқа да шетелдік аңшылар жираф атып алғаны...

Әлемдік паспорт индексі бойынша Қазақстан қай деңгейде?

«The Henley Passport Index» әлемдік мемлекет азаматтарының төлқұжат рейтингін жариялады. Онда Қазақстан 69 орында тұр. Азаматтардың жүріп-тұру еркіндігіне негізделген елдер классификатор болып табылатын атаулы компания...

Африкада аштық пен ауру қаупі төніп тұр

Африкада 100 миллионнан астам адам азыққа зәру. Бұл туралы Түркияның ТРТ арнасы мәлімдеді. Мәліметке сәйкес, Африкада 100 миллионнан астам адам «апат деңгейінде» азық тапшылығына ұшырап...

Балқаш қаласы маңында ұшақ құлады

Балқаш қаласының авиациялық оқу орталығында СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада 2021 жылғы 16 сәуірде сағат...

Елордада 600 мың тұрғын вакцина алса, вирусты жұқтыру қаупі болмайды

Қазір бізде 49 мың адам бірінші компонентпен вакцинацияланды. Осылайша 50 мың адам 1 мамырға дейін иммундалған болады, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми...

Шымкенте дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған сәбиді аман алып қалды

Шымкент қаласында дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған үш айлық сәбидің жанын сақтап қалды,-деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Тыныс алу жолдарына әлдене тұрып қалған сәби ауруханаға жеткізілген. Сәбиді...

Партия бағдарламасының сапалы орындалуын жастар да бақылай алады

Павлодарда «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының 12 бағыты бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. 16 сәуірде өткен «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы Саяси...

Елімізден екі айдың ішінде 3,4 мың адам біржола көшіп кеткен

2021 жылғы қаңтар-ақпанның қорытындысы бойынша елімізге 1398 адам келіп, 3422 адам біржола көшіп кеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметі органдарына сілтеме жасап...

Мархабат Байғұт: Елге қызмет етсем дейтін азаматтар қатарға қосылды

– Өте-мөте өркениетті, аса алпауыт саналатын Америка Құрама Штаттарында баяғы замандарда саяси партиялар бірталай болған көрінеді. Осы жағдайды онша жақтырмаған жалғыз жазушы Марк Твен:...

Қоғамдық кеңестер бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуын қадағаламақ

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен облыстық партия филиалының Саяси кеңесінің Бюро отырысы өтті. Отырыс барысында «Nur Otan»...

«Nur Otan» партиясы жанындағы Жас депутаттар корпусын Елнұр Бейсенбаев басқарады

«Nur Otan» партиясында Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың 600 жас депутатынан тұратын Корпус құрылды. Нұротандық жас депутаттар жастарды қолдау және заң шығару процесінде олардың...

Елімізде екі әуежай уақытша жабылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі әуежайларды дамыту және жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. Кеңесте Шымкент, Орал, Өскемен, Үржар және Үшарал қалаларындағы...

Оңдасын Оразалин: Қоғамдық кеңесте жастарға басымдық берілуі тиіс

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысында Өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Отырыс барысында...

Ұстаз бақыты – шыңдаған шәкірті

Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – ұстаз. «Ұстаз» ұғымы ұлтымыз үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие...

Алматыдағы көпқабатты үйдің тұрғындары Қайрат Нұртастың үстінен шағым түсірді

Әнші Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды. Бұл жолы әнші Алматыдағы тұрғын үй кешенінің паркингінде бөтен орындарды иеленген, - деп хабарлайды zakon.kz. Zakon.kz сайтының редакциясына...