31,8 миллионға жеткен Өзбекстанның арманы алда

31,8 миллионға жеткен Өзбекстанның арманы алда

31,8 миллионға жеткен Өзбекстанның арманы алда
ашық дереккөзі
Өзбекстан халқы өсу үстінде. Халқы 2016 жылдың 1 шілдесінде 31,807 млн болған мемлекеттің арманы әлі алда. Бұған дейін 45 миллионға жетуді мұрат еткен мемлекеттің бұл күнге жететін күні алыс емес. Тұрғындар саны жыл басынан бері 231,7 мың адамға немесе 0,7 пайызға көбейді. Бұл туралы СА-News  агенттігі Өзбекстанның статистика жөніндегі мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап хабарлады. бала Елдегі қала тұрғындарының саны 16,11 млн болса (халықтың 50,6 пайызы), ауыл тұрғындары - 15 миллион (49,4 пайыз). 2016 жылдың қаңтар-маусым айларында 318 мың бала дүниеге келген. Биылғы жарты жылда 92,4 мың неке тіркелсе, 14,8 мың жұп ажырасқан. 2016 жылдың алғашқы жартысында республикаға 72 мың адам көшіп келсе, 84,4 мыңы елден көшіп кеткен.