Оқушылардың мектепке қандай формамен баратынын ата-аналар шешеді

19 тамыз, 2020 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Оқушылардың мектепке қандай формамен баратынын ата-аналар шешеді ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтеріне қарағанда, жалпы формаға қойылатын талаптар жойылмайды, бірақ уақытша өзгерістер енгізілді. «Соған байланысты биыл ата-аналар баланы мектеп формасында немесе басқа да ыңғайлы киіммен жіберу туралы шешімді өзі қабылдайды», – делінген хабарламада. ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, қазіргі таңда республика мектептерінде педагогикалық кеңес өтіп жатыр. Онда биылғы оқу жылының ұйымдастырылуына байланысты өзекті мәселелер талқылануда.